М?тінді енгізу, редакциялау ж?не пішімдеу.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Мәтінді енгізу, редакциялау және
пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік процессордың барлық мүмкіндіктерін
пайдаланып мәтінді рәсімдеуді, мәтінді теру, редакторлаужәне пішімдеу туралы білімдерін қайталау, бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, деңгейлік
тапсырмалар, дидактикалық тапсырамалар арқылы білімқорларын арттыру.
Тәрбиелік: әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: ,Жұмыс журналын толтыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу.Балалар сіздердің алдарыңызда гүл сабағы Бұл гүл сіздерге жетістік, жақсы көңіл – күй сыйласын, сондықтан осы гүл сабағын әдемі гүлдермен жандандырайық. Сәттілік тілеймін!Бұл түстердің мағынасын ашып берейін, осы түстерге қарап сіздер бүгінгі сабаққа қалай қатысасыздар соны байқайық. 1 минЖасыл түс - бүгінгі сабақта жақсы жетістікке жетедіҚызыл түс – көпшілік ортасында жүргенді ұнатадыСары түс белсенділік танытады.Сабағымыз басталмас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:«Кім жылдам» ойыныСұрақтар:1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі? 2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не? 4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?
7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?
8. Құжатқа символды қалай кірістіреміз?
9. Құжаттың масштабын өзгертетін бұйрық?
10. Жоларалық интервалды қалай өзгертеміз?
«Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Оқушылар бір бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру.
«Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керекСөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, кегль, бүріккіш, алгоритм.
ІІІ. Практикалық бөлім:
Мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. 1. Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас2. Өнер алды - қызыл тіл3. Ырыс алды – ынтымақ4. Көз қорқақ - қол батыр.5. Ұрлық түбі – қорлық6. Денсаулық – зор байлық.7. Еңбектің наны тәтті,Қорқақтың жаны – тәтті
8. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей9 Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді
10. Оқу инемен инемен құдық қазғандай
Деңгейлік тапсырмалар орындау1 - деңгей1. «Менің Отаным – Қазақстан» деген мәтінді теріңдер.
2. Қаріптерге назар аударыңыздар. 2. Терілген мәтінді «Отан» деген атпен сақтаңдар.
«Менің Отаным – Қазақстан»
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұрады. Асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өзОтанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
3 - деңгей«Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім», «Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.
Сергіту сәті 1 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау Қосымша тапсырмалар«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді теріп жазу.«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.«Н»- ноутбук, номер, надпись.«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.«О»- орналастыру, орау.«Р»- реттеу, редактор, рисунок.«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.«И»- информатика сабағының мұғалімі.«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.
IV. Үйге тапсырма: Word редакторы бойынша ребус, сөзжұмбақ құрып келу. Қайталау.VI. Бағалау.Сабақты қорытындылау.