Конспект урока по информатике MS Excel-ге берілгендерді енгізу ж?не редакциялау. Формуланы енгізу ж?не к?шіру
Мұғалім: Жумагалиева Г.С.
Пән: информатика
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Формуланы енгізу және көшіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды MS Excel редакторындағы кестелер түрімен таныстыру, ұяшыққа мәліметтер енгізу және редакциялауды, формулаларды енгізу және көшіруді үйрету.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
Үй жұмысын тексеру. Семантикалық картамен жұмыс - 5 мин
Тренинг «Марапат» - 3 мин
Жаңа сабақ. Блум таксономиясы - 30 мин
Сергіту - 2 мин
Үйге тапсырма - 3 мин
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу
2Үй жұмысын тексеру. Семантикалық карта:
Электрондық кесте дегеніміз... Электрондық кестенің қызметі Жұмыс ұяшығы дегеніміз... Электрондық кестенің қарапайым кестеден айырмашылығы Электрондық кесте ұяшығы немен сәйкес келеді
Экономикалық, бухгалтерлік, инженерлік есептеу процесі кезінде кестелердегі сандық мәліметтерді өңдеу Бағандағы латын алфавитінің әріптерімен аталған және нөмірленген жолдар жиынтығы Формулалармен анықталатын шамаларды автоматты есептеу Қиылысында ұяшық орналасатын баған аты және жол нөмірі Командаларды жазып алу
3. Тренинг «Марапат». Мұғалім марапта, мақтау айтып допты (гүлді) бір балаға береді. Ол бала марапт сөз айтып келесі балаға ұсынады. Осылайша жалғаса береді.
4. Жаңа сабақ. Блум таксономиясы
Білу. Бағдарламаны іске қосу, сақтау, жабу, үш түрлі мәліметті енгізу.(сұрақ -жауап арқылы)
Түсіну. Сан, мәтін, формула, автотолтыру. Ресурспен жұмыс – мазмұнын айту. Қосымша 1
Қолдану. Енгізілген шамаларды редакциялау. Тексеру жұмысы ( 3 сұрақ) Қосымша 2
Талдау. Excel-гі формулалар. Практикалық тапсырмалар орындау. Қосымша 3
Салыстырмалы және абсолют сілтемелер. Оқулықпен жұмыс.
Жинақтау. Жұмыс кітабының парағымен жұмыс істеу. (ресурспен жұмыс) Қосымша 4
Бағалау. Электрондық кестені қалай, не үшін пайдаланар едің? Эссе жазу.
Сергіту сәті.
Үйге тапсырма. § 27, 28 оқу, мазмұнын айту.
Қолданылған модульдер
Диалог Сыни тұрғыдан ойлау АКТ Дарынды балалар Көшбасшы Жас ерекшелігі Бағалау
1 2 3 4 5 6 7
Үй жұмысы + +
Жаңа сабақ + + + + +
Бекіту + + +
Қосымша 2
Ұяшықтар арасында жылдам ауысу үшін қай пернелер қолданылады?
А) shift+endӘ) shift+homeБ) Ctrl+end2. Excel қанша жұмыс парағын ұсынады?
А) 2
Ә) 5
Б) 3
3.Excel-дегі КІТАП дегеніміз не?
А) бір типті ақпараттар енгізуге болатын парақтар жиынтығы
Ә) Excel кітабы мәліметтерді сақтауға арналған құжат. Әрбір кітапқа түрлі ақпараттар сақтауға болады.
Б) Excel кітабы мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған файл. Әрбір кітап бірнеше парақтардан тұрады, сондықтан бір файлға түрлі мәліметтер жазып, олардың арасында қажетті байланыстар орнатуға болады.
Қосымша 3
СУММ формуласының көмегімен ерекшеленген ұяшықтағы сандар қосындысын тауып, нәтижені Е8 ұяшығына енгізіңдер.
2.Формула көмегімен ерекшеленген ұяшықтағы сандардың көбейтіндісін есептеп, нәтижесін Е15 ұяшығына енгізіңдер.
3.формуланың көмегімен сандарды дәрежелеңдер.
4. Сандардың квадрат түбірін табыңдар.
5. v=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есептеңдер.