?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы: Діни экстремизм: психологиялы? аспектілері


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар (7 сынып)
Күні 12.03.2016ж Сабақтың тақырыбы Діни экстремизм: психологиялық аспектілеріЖалпы мақсаты
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;
Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
Күтілетін оқу нәтижелері «Діни экстремизм» туралы түсініктері кеңейеді. Өз ойларын қорытып айту арқылы топтық тапсырмалар орындау барысында оқушылардың білім деңгейі артады.
Түйінді идеялар Диалог арқылы өз идеясын, жауабын сенімді түрде білдіру дағдысы дамиды, өзгені тыңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Сабақта қолданылатын материалдар Постер немесе А4 қағазы, түсті қағаздар (стикерлер), түрлі-түсті бояулар т.б. Интербелсенді тақта, қанатты сөздер жазылған қағаздар.
Оқыту әдістері Семинар-тренинг
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Дерек көздері Интернет материалдары, қосымша бейне роликтер
Тапсырмалар Тақырыпқа байланысты
Ұйымдастыру, шаттық шеңберін құру негізінде
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой толғау
(5мин) Слайд 1Бейнебаян• Оқушылар, дүние жүзінде қанша дін бар? Діндерді атаңдар.• Ал енді осы діндерге мүлдем жатпайтын теріс діни ағымдар бар. Өз ойларын айтады
Топтық жұмыс (10мин)
1-топ: Әлемдік діндер (буклет арқылы);
2-топ: ҚР және дін (видео);
3-топ: Діни экстремизм (слайд арқылы);
4-топ: Көрініс Оқушылар өз тобының тапсырмаларын орындайды
Негізгі бөлім (15мин)
Слайд 2Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндірудеСлайд 3-4Діни экстремизм — діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет.ТренингСырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (флешка) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.- Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?Қызығушылығы жоғары.Слайд 5Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;• Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін - өзі төмен бағалау;• Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;Слайд 6ҚР - ның Ата Заңы - Конституциясының 1 - бабында Қазақстан зайырлы мемлекет» деп жазылған.Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінге кіру,кірмеу - азаматтың өз еркі делінген.Слайд 7«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы• ҚР Конституциясы 1, 5, 12, 14, 19, 20, 22, 23, 34 баптары;• «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңдары;• ҚР 02. 2005 жылғы экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы заңы;• 27 желтоқсан 1994 жылғы ҚР азаматтық кодексі;• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуі туралы ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заңы;• ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы заңы»13 шілде 1999 ж.ТренингЕкі оқушы тақтаға шығады. Оларға көрсетпей екі қағаз беріледі. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына, екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма беріледі. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрады. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындайды. Екі оқушының ойы сұралады. Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.• Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін?• Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар.Слайд 8-92012 жылдың 25 - қазан айында 17 конфессияны ұсынған 3088 діни бірлестіктер қайта тіркелді.1. Ислам;2. Православие;3. Саентология;4. Інжілдің христиан - баптисттері;5. Католицизм;6. Иеговы куәлері;7. Пресвитериандық шіркеулер;8. Адвентисттердің Жетінші күні;9. Евангели - лютерандық шіркеу;10. Әдіскерлер;11. Новоапостол шіркеуі;12. Кришнаиттер13. Бахаи;14. Иудаизм;15. Буддизм;16. Иисус Христос шіркеуінің ақырғы киелі күндері (мормондар);17. Меннонит.барлығы 4 551 (2008 жылы)3 088 (2012 жылы)
«Санаға сапар» әдісі, тест жасату.
Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыздар жастар осындай діни ұйымдарға қалай түседі?
Тестке арналған нұсқау
Бірінің астына бірін бес санына дейін жазыңыз 1,2 ,3, 4, 5. Осы сандармен бірге тапсырмалар беріледі. Ең бастысы тапсырма бойынша ойыңызға бірінші келгенді тез арада жазу керек.
Қайталанатын сұрақтар болмайды. Сол себепті егер Сіз жазып үлгермей жатсаңыз, онда қайтадан сұраудың қажеті жоқ. Одан да келесі сұраққа үлгеруге тырысыңыз.
Тапсырманың біткенділігін білдіретін «уақыт болды» деген сөз болады. Тап осы сөздің артынан тез арада келесі тапсырма оқылады.
Психолог дауыс ырғағына назар аударып, диктофонға жазылғандай тез арада жазып алыңыз. Сонымен, бастадық!
Кез – келген жазушының атын жазыңыз. Мысалы: «Гоголь»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген қысқа сөйлемше жазыңыз. Мысалы «Жаз келді»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген заттың атын жазыңыз. Мысалы «Үстел»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген пішінді бейнелеңіз. Мысалы «Үшбұрыш»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген санды жазыңыз . Мысалы «9»; кез- келген …«уақыт болды» ! тест оқылып оқушылар орындайды.
Тесттің нәтижесі:
Тапсырманы орындау барысында , тапсырманың жауабы мысалымен сәйкес келсе онда, 4 балл беріледі.
Егер тапсырманың жауабы мысалға ұқсас болса, онда 3 балл беріледі.
Егер мағынасы жағынан сәйкес келмесе онда 2 балл беріледі.
Егер мүлдем ұқсас болмаса, онда 1 балл беріледі.
Тесттің қорытындысындағы алынған нәтиже 3 –ке көбейтіледі.
15 – 30 балл –иландыру деңгейі төмен;
31 – 45 балл – иландыру деңгейі орташа;
46 және одан жоғары балл – иландыру деңгейі жоғары.
(егер маман бұл адамдармен бұрын жұмыс жасаса, онда бұл иландыру емес, керісінше маманға деген сенімді білдіруі мүмкін)
Источник - Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. / Оценка суггестивности. / – СПб., 2003. – с. 224-225.
Слайд 10-12ҚР тыйым салынған діни бірлестіктер• 15 қазан 2004 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:«Аль - Каида»;2. «Шығыс Түркістан исламдарының қозғалысы»;3. «Өзбекстан исламдарының қозғалысы»;4. «Курд халқының конгрессі»(«Конгра - Гел»).• 15 наурыз 2005 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:«Асбат аль - Ансар»;2. «Ағайынды — мұсылмандар»;3. «Талибан» қозғалысы;4. «Боз гурд»;5. «Жамаат моджахедов Орталық Азия»;6. «Лашкар - е - Тайба»;7. «Әлеуметтік қоғам реформалары».• 17 қараша 2006 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша:• «АУМ Синрикё»«Шығыс Түркістан азаттығының ұйымы»• 5 наурыз 2008 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша«Түркістанның исламдық партиясы».Сонымен қатар Қазақстанда экстремистік ағым болып табылатын және тыйым салынған шетелдік мекеме «Хизб - ут - Тахрир» (28 наурыз 2005 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша ).ҚР территориясында тыйым салынған оккульттік - мистикалық ұйымдар:• «АЛЛЯ - АЯТ»• «АТА ЖОЛЫ»Тренинг –
Тақтаға үш оқушы шығарылады. Бірішісінің көзі жабылады (соқыр), екіншісінің құлағы жабылады (керең), үшіншісінің аузы жабылады (мақау), енді оларға бір-бірін киноға шақыру ұсынылады. Сектада кірген адамның кейпі мысал ретінде келтіріледі.
ТренингСлайд 13
«Жоқ деп айтуға үйрен».
-қызығушылықпен
-таңданып
-қорқынышпен
-еркелеп
-тік, нақтыНұсқау: қатысушылар 2 шағын топқа бөлiнедi. Бірінші шағын топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «Жоқ» деп айту керек, ал екiншi шағын топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйдi білдіріп тұрғанын танып білу керек.
Қорытындылау Оқушылар, сіздер теріс діни ағымға түспеу үшін нақты не жасар едіңдер?- деп бір оқушыға жіпті таратады. Оқушы өз жауабын айтқасын келесі оқушыға жіпті береді. Осылай сабақ бекітіліп, нақты қорытындысы жасалады.
Рефлексия:
1-топ: Өткен шаққа хат
2-топ: Түске хат
3-топ: Еске (память) хат
Оқуға арналған қосымша тапсырмалар Эссе жазу
Ислам.
Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы–Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні–Ислам.
Римдік католиктік шіркеуі.
Католицизм (грек сөзі katholikos–жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия). Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.
1 млрд. астам дінге сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан–біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық монахтар мен монах әйелдер бар).
Иудаизм.
Иудаизмнің алғашқы сабақтары б.з.д. II мың жыл бұрын Палестина территориясында тұратын еврейлер арасында пайда болды. Б.з.д. I мың жыл бұрын политейстік нысан ретінде пайда болып иудаизм кейіннен монотейстік ұлттық дінге айналды. Иудаизм дін ретінде–еврей мәдениетінің күрделі бөлігі. Ол осы қағидаларға негізделген: Яхве бір құдайды қабылдау, еврейлер– құдайдың таңдауы түскен халық, барлық тірілерді және өлілерді сынайтын, ал Яхве сенетіндерді қасиетті жерге әкелетін Мәсихке сену; Көне Өсиетке–«Бес кітаптік, Киелі кітаптарға» (Танаха) және Талмудқа сену. Діни ғибадатханасы–Синагога.
Буддизм.
Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.
Протестантизм.
Протестанттық (латын сөзі protestants–қарсы келуші, келіспейтін)–XVI ғасырда қалыптасқан, Солтүстік және Батыс Европада, АҚШ, Канадада таралған христиан дініндегі 3-ші ағым. Қазіргі күнде әлемде 332 млн. протестанттар бар, олар лютерандар, адвентистер, пресвитериандар, методистер, англикандар және басқалары құрайды. Протестанттық негізінен католицизмнің маңызды ұстанымдары мен ұғымдарын терістеу барысында қалыптасты.
Орыс православие шіркеуі.
Христиан діні–өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие, католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі православие–9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік, Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3 автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3 митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі–ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.
Атеизм (қазіргі ғылымда–позитивизм; автор Б.Тажибаев)–діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным–атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену–қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К.Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды;).
Өмірде әркімнің өз көзқарасы болуымен қатар, өзгелердің сенімдерін де құрметтей білуді үйрену керек, сондықтан көптеген елдерде адамшылық– демократиялық құндылықтардың бірі ретінде ар-ождан бостандығы, діни ымырашылдық, толеранттық жарияланған.
Дін және саясат. Барлық дін жүйелерінің саясатпен тығыз байланысы бар. Афина тираны Критий (б.з.д 403 ж. өлген) дін адамдарды жақсы басқару үшін билік иелерінің ойлап тапқан дүниесі деп санаған. А. Македонский өзін Египет құдайы Амонның баласымын деп жариялаған. Атеизмнің позициясы біртіндеп нығайып, қоғамның секуляризациялануына (зайырлы) қолайлы жағдайлар қалыптаса бастады. Қоғамдық қатынастарды қайта құру көбіне дінге қарсы ұрандармен жүргізілді. Дін мен саясат адамзаттың барлық ғұмырында тығыз байланыста болды.
-қызығушылықпен
-таңданып
-қорқынышпен
-еркелеп
-тік, нақты