Ж.Кереев атында?ы орта мектебіні? химия/биология п?ндеріні? м??алімі Нурмаганбетова Жадыра Жаксылыковнаны? инклюзив о?ушылармен ж?ргізілген ж?мыстарыны? ?орытынды есебі.


Ж.Кереев атындағы орта мектебінің химия/биология пәндерінің мұғалімі
Нурмаганбетова Жадыра Жаксылыковнаның инклюзив оқушылармен
жүргізілген жұмыстарының қорытынды есебі.
9"а"класында Өпетовпен химия пәні бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Химия пәні нен күнтізбелік жоспар бойынша 68 сағат берілген.
Iтарау.
8кластың негізгі мәселелерін қайталау.
Оқушы ҚТЕ -н,химиялық элементтермен қышқылдың не екенін игерді.
IIтарау.
Электролиттік диссоциоциялану теориясы.
Заттарды тоқ өткізуіне байланысты бөлетінін біліп,мысалдар келтірді.Ертіндіде заттар еріген күйде болатынын меңгерді.
IIIтарау.
Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары.
Күкірт,азот,фосфор туралы мағлұмат беріліп,оқушы олардың адам ағзасындағы маңызын меңгерді.Минералды тыңайтқыштардың өсімдік үшін қажет екенін ұғынды.
IVтарау.
Металдар және олардың маңызды қосылыстары.
Күнделікті көп қолданылатын металдар үлгілерімен таныстырылды.оқушы өзінің алюминий,темір,қорғасын сияқты металдардан жасалынатын заттарды атап айтты.
Vтарау.
Көміртектің органикалық қосылыстары.
Оқушы мұнай туралы жалпы түсінік алды.Мұнайдан алынатын өнімдерге тоқталып,оларды қандай мақсатта қолданылатынын меңгерді. Ацетиленнің металдарды кесуде және пісіруде қолданылатынын игерді.
Биология пәнінен күнтізбелік жоспар бойынша 68 сағат берілген.
Iтарау.
Жасуша-тіршіліктің білігі.Жасушаның химиялық құрамы.
Жасушадағы оганикалық және бейорганикалық эаттармен танытырылды.Суреттерін салып,оның құрылысын суреттеу бойынша меңгерді.фотосинтез процессі қай кезде жүретіні және ол тек өсімдікте жүретінін ұғынды.
IIтарау.
Организмдердің көбеюі,жеке дамуы.
Организмдердің көбеюі туралы жалпы мағлұмат берілді,сонымен қатар биологиялық сағат туралы түсінігі қалыптасты.
IIIтарау.
Генетика және селекция негіздері.
Генетика туралы жалпы мағлұмат алды.Үй жануарларының іріктемелері туралы өз ойын айтып, етті және сүтті сиырлар туралы түсінігін айтты.
IVтарау.
Эволюция. Эволюцияның дәлелдемелері.
Тіршіліктің дамуы туралы жалпы түсінік берілді.Нәсілдерді ажырата білді.Тіршілік үшін күресте тірі ағзаның ,яғни жануарлардың күштісі қалатынын түсінді.Бейімделуге байланысты қоян мен жыланға мысал келтіріп түсінігін айтты.
Vтарау.
Экология негіздері.Экожүйе.
Экологиялық түсініктеме берілді.Оқушы қазіргі кездегі ,яғни ауаның ластануын түсіндіріп, өзінің тұрғылықты жерінің экологиясына түсінік берді.
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің химия/биология пәндерінің мұғалімі
Нурмаганбетова Жадыра Жаксылыковнаның инклюзив оқушылармен
жүргізілген жұмыстарының қорытынды есебі.
6"а"класының оқушысы Шикал Бекзат биология пәні бойынша жалпы өсімдіктердің не екенін айырады,бірақ олардың құрылысы мен түрлерін толығымен меңгерген жоқ.Өсімдіктану пәнінен күнтізбелік жоспар бойынша 68 сағат берілген.
Iтарау.
Өсімдіктермен жалпы танысу.
Өсімдіктердің мәдени және жабайы түрлерімен таныстырылды.Суреттерін салды.
IIтарау.
Өсімдік жасушасының құрылысы.
Оқушы жасушаның суретін салды.Микроскоппен қарап,микроскоптың құрылысымен танысты.
IIIтарау.
Гүлді өсімдіктердің мүшелері .Жемістер мен тұқымдар.
Жемістер мен тұқымды айыра білуді үйренді. Оларды құрғақ және шырынды болатынын меңгерді.Өсімдік сабағының құрылысын игерді.Гүлдің құрылысы бойынша суретін салуды үйренді.
IVтарау.
Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері.
Өсімдікті көбейтуді меңгерді.Суретін салды.
Vтарау.
Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімері.
Жалпы өсімдіктер туралы мағлұмат алды.Өсімдіктердің қолданылуына тоқталып,оларды қорғау керектігін меңгерді. Бактериялардың не екенін түсінді және олар қандай ауру тудыратынын игерді.Вирус туралы түсінік алып,оның ішінде тұмаудың алдын алу керектігін ұғынды.
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің химия/биология пәндерінің мұғалімі
Нурмаганбетова Жадыра Жаксылыковнаның инклюзив оқушылармен
жүргізілген жұмыстарының қорытынды есебі.
6"а"класының оқушысы Дүйсенғалиева Гүлмираға биология пәні бойынша төмендегідей жұмыстар берілді. Өсімдіктану пәнінен күнтізбелік жоспар бойынша 68 сағат берілген.
Iтарау.
Өсімдіктермен жалпы танысу.
Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары мен орталары бойынша тест жұмыстары беріліп,жауап орташа деп бағаланды.
IIтарау.
Өсімдік жасушасының құрылысы.
Оқушы жасушаның суретін салды. Микрокоптың құрылысымен танысты және препаратпен жұмыс жасауды үйренді.
IIIтарау.
Гүлді өсімдіктердің мүшелері .Жемістер мен тұқымдар.
Гүлді өсімдіктердің мүшелері :тамыр,сабақ,жапырақ,жемісінің қалай орналасатынын меңгерді.Жемістер мен тұқымды айыра білуді үйренді. Оларды құрғақ және шырынды болатынын меңгерді.Өсімдік сабағының құрылысын игерді.Гүлдің құрылысы бойынша суретін салды.Биологиялық диктант берілді.
IVтарау.
Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері.
Өсімдікті көбейтуді , яғни бөлме өсімдігінің мысалында дәлел жасады.Суретін салды.Фотосинтез процессінің мәнін игерді.
Vтарау.
Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімері.
Жалпы өсімдіктер туралы мағлұмат алды. Балдырдың не үшін қолданатына көз жеткізді. Саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және жеуге жарамсыз түрлерін ажырыта білуді меңгерді.Кейбір дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетімен танысып,қандай ауру түрлеріне қолдануын үйренді.Бактериялардың не екенін түсінді және олар қандай ауру тудыратынын игерді.Вирус туралы түсінік алып,оның ішінде тұмаудың алдын алу керектігін ұғынды.Тест парақшалары берілді.