?айырбек Оразов атында?ы Арала?аш орта мектебіні? химия- биология п?ні м??алімі ?а?тарбаева Ж?лдыз ?ыр?ызовнаны? шы?армашылы? есебі.


Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебінің
химия-биология
пәні мұғалімі
Қаңтарбаева Жұлдыз
Қырғызовнаның шығармашылық
есебі.
-1061085-720091
Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің
химия- биология пәні мұғалімі
Қаңтарбаева Жұлдыз Қырғызовнаның
шығармашылық есебі.
Білім алу –батылдық,
Оны толықтыру даналық,
Ал шебер қолдана білу – өнер
Мен «Химия- биология пәндерін оқыта жүріп мектеп оқушыларының жаңа педтехнология элементтерін пайдалана отырып, есеп шығару және шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы әдістемелік мәселесін шешу жолында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Заман талабына сай білім берудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, сабақтарымды жоғары деңгейде өткізуге тырысамын, оқушыларды адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеймін. Әр сабағымда «Жаңа педтехнологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» мәселесін шешу үшін жаңа педтехнологиялардың ең үздігін пайдаланамын. Оның ішінде «Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу» технологиясының стратегияларының көмегі болды. Әрбір тарауды қайталау барысында көбінесе ойын, тестілеу технологиясын пайдаланып, оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыруға тырысамын. «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» технологиясын пайдаланып, сабақтарымды интерактивті тақтада түрлі стратегиялар мен слайдтар арқылы жүргіземін. Мысалы: химия пәнінен «Бейорганикалық заттар», «Кальций», «Мырыш», «Судың химиялық қасиеттері», биология пәнінен «Тамыр бөлімдері», тақырыбындағы сабақтарды «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау», «Дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалау», сыныпта «Оқуды үйрететін білім ортасын құру» сияқты жаңа тәсілдер арқылы өткіздім. «Мен отбасымда бақыттымын», «Әкелер мен аталар- отбасының тірегі», «Толағай», «Жаяу жүргіншілер мектебі» ашық тәрбие сағаттарын өткіздім.
Жыл сайын менің оқушыларым мектепшілік, аудандық, облыстық, халықаралық қашықтық байқауларға қатысады, соның дәлелі – оқушылардың марапаттаулары, атап айтқанда:
«КИО» химия және биология пәндері мұғалімдер арасындағы Республикалық қашықтықтық олимпиадасының қатысушысы, ең жақсы нәтиже 2012 жыл.
«КИО» химия және биология пәндері бойынша оқушылар арасындағы Республикалық қашықтықтық олимпиадасының жеңімпазы 8-сынып оқушысы Кеңесов Данияр 2012 жыл
Аудандық ғылыми жобалар «Зерде» сайысы ІІІ орын 7-сынып оқушысы Мейрманова Адина 2014 жыл.
Облыстық ғылыми жобалар «Зерде» сайысының ІІ дәрежелі диплом 7-сынып оқушысы Мейрманова Адина – 2014 жыл.
«Ақбота» Республикалық интелектуалды сайысының ІІІ орны иегерлері 10-сынып оқушысы – Оразбаев Әділжан, 10-сынып оқушысы Тулепова 2013 жыл.
«Ақбота» Республикалық интелектуалды сайысының ІІІ орны иегерлері 7-сынып оқушысы – Мейрманова Адина 2014 жыл.
Мектепішілік «Ең үздік кабинет» сайысы І орын.
Мектепішілік «Сынып жетекшілер» сайысы І орын
Халықаралық қашықтық олимпиада «Инфо урок» жобасында химия пәні бойынша ІІ және ІІІ орынды 4 оқушы.
Халықаралық қашықтық олимпиада «Инфо урок» жобасында биология пәні бойынша І және ІІ орынды 5 оқушы.
Мен үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүремін. Облыстық, аудандық, мектепшілік семинарларға қатысып, баяндамалар жазамын және ашық сабақ беремін. Тамыз секциясында жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің алдында «Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту» тақырыбында баяндама жасадым. «Ауыл мектептеріндегі оқушылардың ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында мектеп педагогикалық кеңесінде баяндама жасадым. «Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту»  
тақырыбында матемаика- жаратылыстану қауымдастығында баяндама жасадым.
Мақсатыма жету үшін, ісімді алға бастыру үшін көп ізденіп, өз білімімді жетілдіруден жалыққан емеспін.
Оқу үрдісінде оқушылардың сапалы білім алу жағдайына баса назар аударамын. Оның айғағы оқушылардың білім сапасы деңгейінің төмендегідей нәтижелілігі бола алады: барлық пәндерден – 75% білім сапасын көрсетті.
Мен өз еңбектерімді аудандық басылымдарға жариялап отырамын. Мысалы Аудандық «Аққайың» газетінде «Елбасына деген үлкен сенім», «Көңілді мәре», «Жаяу жүргіншілер мектебі», «Мен отбасымда бақыттымын», мақалалар 2015 жыл.
«Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер» аты 6-сыныпқа арналған сабақ «Готовим урок» Ресей сайты.  «ҰБТ- ға дайындық, тест «Жануарлар» бөлімі 11- сынып» «ҰБТ- ға дайындық, тест «Өсімдіктер» бөлімі 11- сынып», «Инфо-урок» Ресей сайты, «9-сынып Судың кермектігі және оның кетіру жолдары» «Копилка уроков» Ресей сайты. «Қазақ ұстазы» журналы «Бейорганикалық қосылыстар» ашық сабақ. «Жаяу жүргіншілер метебі», «Көңілді мәре» аудандық «Аққайың» газетінде мақала, республикалық «Қазақ ұстазы» журналына химия пәнінен «Бейорганикалық қосылыстар» атты ашық сабағым жарияланды.
Көп оқып, ізденіп, өзімнің интеллектуалдық, кәсіби шеберлігін шыңдап отарымын. Осының нәтижесінде «Қазақ тілі» 4-сыныпқа арналған жұмыс дәптерін жинақтап, эксперттік комиссияға ұсындым.
Мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. Мектепте сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісімін, әріптестеріммен оқу-тәрбие үрдісін сапалы өткізудің тиімді жолдарын пайдаланып, төменгі сынып оқушыларына сапалы білім беру әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстарын үзбей жоспарлап, жыл бойы мазмұнды шаралар жүргіземін. Өзімнің озық ойлары мен идеяларын АКТ арқылы жариялап, әріптестеріме интерактивті тақта арқылы үздік сабақтарымды үлгі етіп көрсетемін.
Мен мектеп оқушылары, ата-аналар қауымдастығының арасында педагогикалық компетенттілігін анықтау мақсатында өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша 100% ие болдым. Мен үнемі педагогикалық шеберлігімді шыңдау мақсатында көп еңбек етудемін, әріптестеріммен өз іс-тәжірибеммен бөлісіп, белсенді өмір салтын ұстануды жалғастырудамын.