М??а?али о?улары 2-4 сыныптар


Тақырыбы: Мұқағали оқулары
Мақсаты: 1) Білімділік; Оқушыларды қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату,өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көніл бөлу,өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.2)Дамытушылық:Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау,логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.3) Тәрбиелік;Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу,Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрсені қадыр тұтуға ,ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу. ӨмірбаяныМұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.  Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Мұқағали Мақатаев 1931-1976