Ашы? саба? Жай б?лшектерді ?осу ж?не азайту?а есептер шы?арту


«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ
Кусайнова Галия Жунусовна

Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту
тақырыбы бойынша есептер.
Мақсаты:
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу мен азайтудан алған білімдерін жүйелеу;
Тақырып негізінде оқушылардың ой-өрісін дамыту;
Өз бетімен еңбектену, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Жаңа технология: Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу техологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, семантикалық карта, көрнекілік, ой толғау, тест
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, электронды оқулық, тест тапсырмалары, бағалау парағы, семантикалық карта

Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру, психологиялық дайындық.
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, сабағымызға қонақ-ұстаздар келіп отыр,кәне алдыға шығайық:
Қонақ күту - салтымыз
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз. / амандасу /
Енді өзімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық / дөңгелене тұру/
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр күнге
-Туған күндері тақ санға сәйкес оқушылар І топқа, жұп санға сәйкес- ІІ топқа. Топ басшысын бармақ әдісімен сайлау, топ басшысына бағалау парағы тиеді.
-Білім деген биік шың
Бақытқа бізді жеткізер,- бүгінгі сабағымызда қай топ « білім шыңына »
алдымен шығар екен...
Ой қозғау, өткенді еске түсіру:
-жай бөлшектерге қандай амалдар қолдануды оқып-үйрендік ?
-жай бөлшектің негізгі қасиеті
-жай бөлшектің түрлері
ІІ. Мағынаны тану.
Семантикалық карта / бөлшек сандарға сипаттама/
Берілген бөлшек дұрыс бұрыс аралас сан 1-ден үлкен 1-ден кіші 1-ге тең
517 +
+ 12021
+ + 889
+
+ 125125 + +
2. «Миға шабуыл» / ауызша есептеу, тұжырымда / (1 слайд)
16 + 46 ; 317 - 117 ; 5 4 7 - 3 ;
12 + 14 ; 6 79 - 4 59 ; 4 – 1 34;
Дәптер ашып, күн жазу.
3. Оқулықпен жұмыс № 1051
Жай бөлшектерді қосу және азайту, амалдарды орында
І топ ІІ топ
3) 5) 2) 4) 6)
Дұрыс жауап : № 1051 / тексеру, слайд /
1) 1 112 2) 1936
3) 1 4) 27285) 1 935 6) 1 1184. Электрондық оқулықпен жұмыс, тапсырмалар:
1. 512 + 718 2. 79 - 521 3. 1920 - ( 712 + 415 )
4.Тігін ательесі орам матадан 20 12 м. матаны костюм тігуге, ал 18 14 м. матаны пальто тігуге алғанда 3 34 м. мата қалды. Алғашқыда орамда неше метр мата болған ?
Тексеру: 1. 2936 2. 3463 3. 110 4. 42 12 метр
Сергіту сәті: « Көңілді күн » би
ІІІ. Ой-толғаныс.
Электрондық оқулық : « Жай бөлшектер » тарауы 1 – 6 деңгей
Сурет бойынша тапсырмалар / функц.сауаттылық дамыту /
1 деңгей.
Еркежанның туған күніне неше бала келді?
Торт неше бөлікке бөлінген ?
Бөлме неше шармен безендірілген ?
Еркежанның папасы мен мамасы торт жеді ме ?
Еркежан неше сыйлық алды ?
6 деңгей.
-Туған күнге бір және жарты торт әкелінсе, барлығы неше торт болады?
Амалдарды орында:
3 - 12 ; 5 23 + 1 14
Тексеру: 2 12 ; 6 1112ІV. Сабақты бекіту
Тест тапсырмасын орындату / тексеру, слайд /.
Бөлшектер ішінен кішісін таңдап ал: 1115 ; 1123 ; 1415Амалдарды орында: ( 314 + 1114 ) - 23Есепте: 5 – 3 59Есепте: 11 118 - 6 1318Есепте: 710 - 415 + 25Есепте: 5 38 - 3 1112Есепте: 7 27 + 4 34 - 2 1328
Өрнектің мәнін тап: 15 - ( 3 512 + 4 56 - 5 23 )
Теңдеуді шеш : 3 514 + х = 8 12 Теңдеудің түбірін ойша тап : х - 1х = 5 56Тест кілті : 1. 1123 2. 13 3. 1 49 4. 4 13 5. 56 6. 1 1124 7. 9 47 8. 12 512 9. 5 17 10. 6
Рефлекция
Бүгінгі сабақ ұнады ма ?
Не білдік, не оқып үйрендік ?

V. Үйге тапсырма
№1053, 1055
VІ. Қорытынды, топ басшылары пікірі , бағалау
Бағалау парағы
р/с Оқушының аты-жөні Семантикалық карта Миға шабуыл Оқулықпен жұмыс Электрондық оқулықпен жұмыс Тест тапсырмасы Қорытынды
1 Қуандықова Ж.
2 Елубаева Қ.
3 Салихов Р.
4 Шаяхметова Б.
Бағалау парағы
р/с Оқушының аты-жөні Семантикалық карта Миға шабуыл Оқулықпен жұмыс Электрондық оқулықпен жұмыс Тест тапсырмасы Қорытынды
1 Шаймарданов А.
2 Мухамеджанова А.
3 Кактаева А.