Рационал сандарды к?бейтуге есептер шы?ару


математика Тапқырлар сайысы математика Тапқырлар сайысы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.Міндеттері: - оқушының ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыту; - оқушыларды жеке тқлға етіп қалыптастыру, белсенділікке, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Топтардың сәлемдесуі Викториналық сұрақтар Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? Екі адам 4 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды?Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда неше адам бар? “Білім арқаны” Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? Алты 7-ден 100 санын жаз.Қосарланып жегілен үш ат бір сағаттың ішінде 12 километр жол жүрді. Осы уақытты ішінде бір ат қанша жол жүретін? Әкемнің 7 ұл бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар, сонда әкемнің неше баласы болғаны? Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? “Ой сергіту сайысы” Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой. 44444444=500 Теңдіктің сол жағындағы теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой? 333333=1000 Қандай сандар төңкере жазғанда бір жарым есе көбейеді? “Ауызша кім тез есептейді” “Суретшілер сайысы” БАСПАЛДАҚ САЙЫСЫ