Статья на тему Білім сапасын арттыруда?ы м??алім шы?армашылы?ыны? ролі
Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының роліБілім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Біліктілік:
1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:– жауапкершілікті сезіну;– белгілі бір мәселені шешуге қатысу;– білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;– еңбекке дұрыс қарым – қатынас;– кәсібінде үнемі ізденіс таныту.
2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.
Біліктілік негізі:
1. Оқып үйрену:
– белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;– өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;– өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;– өзін дамытумен дербес айналысу.
2. Іздеу:
– әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;– ақпараттармен жұмыс;– құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.
3. Бейімделу:
– технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;– өзгеріске икемділік таныту;– қиындыққа көне және жеңе білу;– жаңа шешімдер таба білу.
4. Ынтымақтастықта болу:
– еңбекте ынтымақтастықта болу;– келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту;– келісе білу,– шарт жасай білу және оны орындау;– тілектестік және ынтымақтастық таныту.
5. Жұмысқа ниеттілік:
– жобаға кірісу;– жауапкершілікті сезіну;– өз жұмысын ұйымдастыра білу;– өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;– қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;– қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;– өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.
Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек.
Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады.
Жоспарлау кезеңі Негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар
1. Негізгі мақсат Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндеттеріміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ?
2. Тұтынушы талаптарыБіздің тұтынушыларымыз кімдер? Олар бізден не күтеді? Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? Мекемеден олар не талап етеді?Тұтынушының қажетін өтеу үшін біз қандай әдістерді қолданамыз?
3. Табысқа жолКездесетін қиыншылықтар мен кедергілерден шығуда неге сүйенеміз? Жетістікке жетуде қандай сыншыл факторлар болуы мүмкін? Жетістікке қалай жетеміз?
4. Сапаны жүзеге асыруҚандай стандартты жүзеге асырамыз? Біз сапаны қалай жүзеге асырамыз? Сапа несімен құнды?
5. Мамандар қызметі Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз?
Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?
6. Үрдісті бағалау Табыссыздық пен кезіккен кемшіліктерді жоюда қандай нақты әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы білеміз? Нәтижені бағалауды қалай жүргізсек дұрыс болмақ?
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.
Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің
сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің , шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:
Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.