?дебиеттік о?у. Егінші мен ?ас?ыр
Сабақ тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға үйрету
Міндеті: 1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2. Берілген сурет пен ертегінің байланысын анықтау.
3. Дүниедегі ең дәмді ас туралы пікірін дәлелдеу.
Көрнекілігі: слайд , тірек сызба, үлестірме қағаз, бейне ролик.
Оқытудың нәтижелері:
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 – модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 – модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, кубизм)
3 – модуль – Бағалау
4 – модуль – АКТ пайдалану (интерактивті тақтамен жұмыс және видео)
2. Қадамдар:
1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны ашу
3.Ой - толғаныс
4.Рефлексия
5. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1.Үй тапсырмасын сұрау
2.Топқа бөлу
3.Оқушының зейінін сабаққа аудару
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.үй тапсырмасын орындайды
2. Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеді
3.Зейіндерін сабаққа аударады
4.Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6.Кері байланыс. Алма ағашына алма ілу арқылы
7. Бағалау бетшелері арқылы бір – бірін бағалайды және «Екі жұлдыз бір тілек» айдары бойынша топ бір-бірінбағалайды.
Сабақтың барысы
I.Қызығушылықты ояту.
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 -10 мин)
Психологиялық дайындық: Жүректен жүрекке!
Әр оқушы кішкене жүрекшелерге бір – біріне тілек жазып, «Ғажайып ағашқа» іледі.
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру. Модуль 1, әдісі «Диалогтық оқыту»
- «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын 2 – 3 оқушыға жалғастыра айтқызу.
Үй тапсырмасын пысықтау: Модуль 2, әдісі «Ортадағы қаламсап»
Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді.
Мұғалімнің сұрақтары: 1. - «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
2. – Жаз мезгіліндегі және қыс мезгіліндегі шегірткені салыстыр.
3. - Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
4. - Өмірде шегірткеге ұқсап қалмас үшін қандай әрекет етер едің?
Оқушыларды геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлемін (үшбұрыштар,шаршы,шеңбер)
II. Мағынаны ашу кезеңі (20-25 мин)
ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік. Модуль 2, әдісі Ассосация,
«Миға шабуыл»
-Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?
-Ал, оқығысы келетіндер ше?
- Сендердің мектепке келгендеріңе де 3 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын ойнайық. Ол үшін берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Е г і н ш і м е н қ а с қ ы р
Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Егінші мен қасқыр» туралы болмақ.
Жаңа сабақ: Күннің жадын, тақырыпты жазу
Жаңа сабақ. Модуль 1 , әдісі (диалогтік оқыту) «Егінші мен қасқыр»Ертегіні 4 – 5 оқушыға тізбектей оқыту.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.1. Егінші не істеді? (аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады)
2. Дәл осы кезде қандай жағдай болды? (бір үлкен қасқыр келді)
3. Қасқыр адамнан не сұрады? (адам, не жеп отырсың?)
4. Адам не деді оған? (нан)
5. Қасқыр не дейді оған? (маған да наныңнан берші!)
6. Қасқыр егіншіге қандай тілек білдіреді? (сен маған оны табудың жолын үйретші)
Сергіту сәті:
ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау. «Ой қозғау»
І – топ: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде.
ІІ – топ: Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? Өз бетіңше ереже құрастыр.
ІІІ – топ: Ертегінің негізгі идеясына сай көрініс көрсету.
ҮІІІ Үйге тапсырма
Ертегіні оқып, көрніс етіп көрсету.
Рефлекция: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кері байланыс парағына іледі
Бағалау