«Счет на пальцах для малышам»
Елубаева Гулжан Ауданбайқызы - Мамандандырылған балалар үйінде 2010 жылдап бастап тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Менің балалаларға деген шынайы жанашарлық сезімім, сүйіспеншілігім мол. Қызметте белсенді және балалардың ой-өрісін дамытып, өз еркімен балаларды әрі қарай дамуына, жақсы тәлім-тәрбие беруге тырысамын. Балалармен жеке жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлем.
Жетім қандай ауыр сөз! Ол балалар үшін бүлдіршіндерін, тәрбиешінің бір рет болса да көрген әрбір адамның өзегін өртеп, ұзақ уақытқа бүлдіршіндердің алдында өзін кінәлі санау сезім қалдырады. Ия, мемлекет жетімдерді, далаға тастамайды, керісінше асырайды, киіндіреді, оқытады, тәрбиелейді. Кішкене бүлдіршіндер ата-анасының жылы мейірімін сағынады, аңсайды. Егер бір баланың басынан сипасаң, қалғандары да бізді де аймаласа екен, еркелетсе екен деп құшағына кіріп кететіндей ерекше бір тербеністе тұрады.
Менің осы балалар үйіне келуімнің өзі жай емес. Теледидардағы бағдарламаларды көрген жүрегім ауырады, аяушылық пайда болды. Жетім балалар тауқыметі алаңдатқандықтан осы сәбилер үйіне тәрбиеші болып жұмысқа тұрдым. Сәбилердің «мама» деген сөзін естігенде бейкүнә сәбидің тағыдыры неге осылай болды екен деген ойға қаласың. Жүрегім қан жылайды. Осы сәбилерге аналық махабатымды берсем дейсің. Бірақ балалар үйіндегі балалардың жағдайлары жақсы, не жеймін, не ішемін демейді , барлық жағдай жасалған. Әке-шешенің мейіріміне жетпейді.
Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында қысы-жазы ас мәзіріне түрлі дәрумендерге бай көкөністер, жемістер, түрлі жеміс шырындары, айран, сүт, йогурт сияқты кальцийге бай тағамдар беріледі. Балалар әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы күш-қуаты мен іс-қимылдарын жетілдіріп, қызықты ойынмен шұғылданып, өздеріне ұнаған ойыншықтармен ойнауды жақсы көреді. Біздің балалар үйінде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заман талабына сай құралдармен жабдықталған.
Әрбір топта өз бұрыштары бар. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған түрлі құрылғылар, бассейін, ЛФК кабинеті, сенсорлық бөлме, ойын бөлмелері бар.
Сабақ барысында сабаққа қызығушылықтарын арттырып, құрал-жабдықтарды орынды пайдаланамын. Балаларды өте жақсы көремін. Балаларға өзімнің сүйіспеншілігімді, жылулығымды, мейірімділігімді бере алатыныма сенімдімін. Балалар үйі болғандықтан әр баланың мінез-құлқын әр түрлі. Оларды түсіне білу әр тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.
Тәрбиешілік білім деңгейін жетілдірілгенмін. 2 жастағы балалармен күнделікті сабақ өтіп отырады. Балаларға жылы шырай білдіре жүріп, олармен жүргізілетін сабақты ойдағыдай жүргізе алдым деп ойлаймын. Балалар үйінде күн тәртібімен жұмыс атқарамыз.