ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ О?УЛЫ?ТЫ? ТИІМДІЛІГІ
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәре-жеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондық-тан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай ал-ға жылжу мүмкін емес.Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі заман талабы және Қазақстан республикасында ақпараттандыру бағытының ең маңызды әлеуметтік –экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып табылады.[4] Жалпы орта білім беретін және жоғары мектептерде компьютерлендірудің бастапқы бағыттары мен міндеттерінің бірі – оқытуға ақпараттық технологияны енгізу болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық технология: ақпараттық компьютер, жинақтау, сақтау, тасымалдау, көрсету сынды қызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке- жеке пайдалану арқылы көптеген нәтижеге жетуге болады, сонымен қатар, оның көрінісін шығармашылық жұмыс барысында да көруге болады . Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі- оқу үрдісінде электронды оқулықтарды енгізу. Электронды оқулық – ғылыми негізделген дайын педагогикалық ақпараттық өнім.Электронды оқулық кез- келген жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша толық мүмкіндіктер береді. Мұның өзі оқушылардың өз беті мен жұмыс жасауға, өз жұмысын өзі тексеруге, қате мен жұмыс жасауға үлкен септігін тигізеді. Сабақ барысында электронды оқулықты пайдалану арқылы: сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігіне; мұғалімнің педагогикалық технологияларды игеруіне; білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруына; білімнің тереңдігінің артуына қол жеткізуге болады. Электронды оқулықты оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын және мәнін толық қамтитын компьютерлік технологияға негізделген: компьютерлік оқыту, жұмыс жасау, ісін жеке дара жүргізу, оқып – үйрету, бақылау, тестілеу сияқты жұмыстарды толығы мен жүзеге асыруға мүмкіншілік болады.Тек электронды оқулық арқылы ғана емес , интернет жүйесіне шығу арқылы да оқушылар және мұғалімдер өзіне қажет ақпаратты, яғни оқулықтан тыс материалды алуға мүмкіншілік туады. Интернетті пайдалану бір жағынан уақыт үнемдесе, бір жағынан білім сапасын арттыруға, білім, білік, дағдыны қалыптастыруда орны ерекше. [2]Ақпараттық технологияны қолдануда мультимедиялық құралдар мен жұмыс жасауда графикалық сауаттылықты меңгеріп, шығармашылық пен бейнелеу және құрастыру әрекеттерін іске асыруға негізделген. ХХІ ғасырда оқу орындарында жеке – жеке мультимедиалық құралдар мен жабдықталған кабинеттердің оқу үрдісінде толық қанды пайдаланып, жүзеге асырылуы айдан анық, тіпті қазірдің өзінде осындай ғылыми – техникалық құралдардың соңғы үлгілерінің өзі қолданыс аясында жүр. Ақпараттандырудың бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты - ақпараттық технология мен компьютерлік сауаттылықты арттыру, жалпы білімді және тәрбиені ізгілендіру, интеллектуалдық шығармашылық қабілетті арттыру, білім алуды одан әрі тиімді түрде жетілдіру, инновациялық технология арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру және жан- жақты дамыту болып табылады. Ақпараттық құралдар ұстаздардың жүйелі жұмысын ұйымдастырып, нәтижелі жетістіктерге, қол жетпейтін әртүрлі шығармашылық жұмыстарға жол ашып, мүмкіндіктер туғызды.[3]Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады: - Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын -ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыру-ға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің кө-мегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.