Математика п?нін о?ытуда к?рнекілікті? тиімділігі
Математика пәнін оқытуда көрнекіліктің тиімділігі
Казбекова Г.М., физика және математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі»ММ
Ұстаз еңбегі – шығармашылық еңбек. Өйткені ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үздіксіз жетілдіруді, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әрбір оқушыға жан-жақты білім беру әр ұстаздың ең негігі міндеті. Ал мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптнген қиыншылықтарды кездестіреді. Қайсыбір оқушы болмасын онымен осы бір пән туралы сөз қозғасаң оның дұрыс түсіне алмай жүргенін оған деген құштарлығының жоқтығын көз жеткізуге болады. Ал оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мүғалім қай әдісті пайдаланса да, оқушылардың ойлау қаблетін, ой-өрісін,сана сезімін жан жақты дамыту керек.
Мектепте математика пәні –оқушылардың ойлау қаблетін дамыту, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше рөл аткаратын пәндердің бірі. Ал айда, кейбір оқушылар оны тез игеріп кете алмайды. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап,оқушылардың ой - өрісін,
сана - сезімін, жан жақты дамыту қажет. Осы мақсатта мен өзімнің көрнекілікті қолданудағы қолданудағы тәжірибеме тоқтала кеткім келіп отыр.
Көрнекілік – мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен шеберлігі.
Көрнекілік дегеніміз – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сиппаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық құрал.
Математика сабағында басым қолданылатын көрнекілік түрлері:
демонстрациялық көрнекілік құралдар,
қоршаған айналаның заттары,
кестелер,
өлшеу құралдары,
кеңістік фигуралар модельдері,
дидактикалық материалдар,
иллюстрациялар.
Техникалық көрнекілік:
кодоскоп,
графопроектор,
компьютер (электрондық оқулық),
итақта.
Математика сабақтарында компьютерді қолданудың тиімділігі:
ауызша жаттығулар орындау барысында,
жаңа тақырыпты оқыту барысында
фронтальды –өздік жұмыс жүргізу барысында
оқытуға арналған есептер шығаруда
оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
математика – жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген кезіңде компьютердің көмегімен сабақ өткізу,
деңгейлік оқыту жеңіл жүзеге асады,
ожүмысы бірден бағаланады.
Интерактивті тақтамен оқытудың тиімділіктері.
аз уакыт ішінде веб-сайт және басқа ресурстарды қолдану арқылы материалды түсінікті тиімді беру
әртүрлі қызықты ресурстарды қолдану
ұжымды жұмыс істеу,
әртүрлі оқыту әдіс- тәсілдерін қолдану,
сабақтың жақсы өтуіне жағдай туады,
мұғалімнің дайындағанәзірлемелерінің бірнеше мәртебеколдану,
мұғалімнің кәсіптік деңгейінің артуы өседі, оларды оқытудың жаңа әдістерін іздеуге итермелейді.
Көрнекілікті қолдануға арналған ұсыныстар.
Сабақ мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырушы,негізгі форма. Оқыту үрдісінде көрнекілік жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қолдану, оқушының алған білімін, білік дағдыларын бекіту,тексеру.
Көрнекілік қолдану барысында тақырыпты меңгеру сапасы көп жағдайды жоғарлайды,себебі жұмысқа көру, есту,сөйлеу қаблеттері қосылады.
Сабақта көрнекілікті қолданудың дашешуші маңызы бар. Шектен тыс көп көрнекілік пайдалану арқылы оқушы ойын шашыратып негізгі білімінен ауытқуын болдырмау жағын ескергені шарт.
Көрнекіліктерді қолдануды мынадай талаптарды ескерген дұрыс:
көрнекіліктер оқу процесінде сай дайындалу керек,
эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн,
жүйелі жинақты тұруы тиіс,
тақырыптың мазмұнын аша түсіп,
толықтыратындай болуы керек,
көрнекілікті сабақтың мазмұны мен түріне қарай таңдай білуіміз керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Бастауыш мектеп» 2003 ж.
2. «Математика и физика в школах Казахстана» - 2009 ж
3. «Әдіскер мұғалім» 2005ж
4. «Математика сабақтапрында информациялық технологиялар» Каверина Т.