?скери Патриотты? клуб Жас Жауынгер.
«Жас жауынгер» патриоттық клубының Жарғысы
1.Жалпы ереже.
«Жас жауынгер» патриоттық клубы Қиғаш жалпы орта мектебінде жылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.
Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.
Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. «Жас жауынгер» патриоттық клубының жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Жумабаев Нурсултан Мухамбетович.
Клуб ұраны: «Сапта сымбатты, Ұрыста айбатты!»
Сарбаздар маршы
Клуб әнұраны:
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
Қара жер қаны сіңген бабалардың
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
«Жас жауынгер» патриоттық клубының анты
Мен,________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
«Жас жауынгер» патриоттық клубына кіре отырып ант қабылдаймын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және салт дәстүрін құрметтеуге салтанатты түрде ант етемін.
Ұзтаздарды сыйлауға және мектеп ішілік тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
Мектепте өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Жас жауынгер» патриоттық клубының атына кір келтірмеуге ант беремін.
Өз Отанымның ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда үздік болуға, Отанымның патриоты болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Жас жауынгер» патриоттық клубының мүшелігінен шығуға дайынмын.
2.Клуб мақсаты:
Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.
3.Клуб міндеттері:
Міндеттер: Іске асыру жолдарыЖастарды әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. АӘД сабақтарында және «Жас жауынгер» патриоттық клубы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу. Мәдени-көпшілік іс-шараларға , жазғы лагерлерге оқушыларды көптеп қатыстыру.
Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту. Кездесулер ұйымдастыру, қалалық әскери іс шаралара қатыстыру,
Белгілі тұлғалардың ерлік жолдарын үлгі ету. Мұражайларға саяхат, тұлғалармен кездесу кеші, тәрбие сағаттары;
Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу. Атаулы күндері атап өтуге байланысты іс-шаралар .Өзін-өзі бақылаудың ішкі механизмін, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру -Клуб ішіндегі қарым-қатынас дәстүрлі «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» принципіне негізделген өзара сыйластық, өзара көмек жағдайы.
4. Клуб жұмысының негізгі бағыттары.
·Еліміздің жауынгерлік дәстүрі, жауынгерлік борыш, әскери мамандықтар туралы әңгіме, баяндама, теориялық конференциялар ұйымдастыру ;
·мектепте жауынгерлік және еңбек даңқы залын, көрмесін, мұражайын ұйымдастыру;
·оқушыларды батырлар өмірі мен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу ;
·соғыс және еңбек ардагерлерімен, жауынгерлермен кездесулер өткізу ;·соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне тұрақты қамқорлық жасау ;·әскери-патриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме, сурет, ән байқауларын өткізу;
·әскер-спорттық ойындар , жарыстар өткізу;
·әскери техникалар мен қару-жарақтарды тереңдетіп оқып-үйрену арқылы оқушылардың ғылыми жұмысымен шұғылдану, «Дарын» орталығы өткізетін ғылыми жоба байқауына «Техника» сециясы бойынша қатысу;
·қала, республикалық әскери-спорттық жарыстарға қатысу.
«Жас жауынгер» патриоттық клубында басты тақырыптары:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.
-Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі.
-Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттік орны.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.
-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.
-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.
-Ата-баба дәстүріндегі Отан қорғауға деген қарым-қатынасты өркендету. Қарулы Күштер тарихын, ата-бабамыздың ерлік мұрасын оқып-үйрену .
-Төзімділікті арттыру, шынықтыру. Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес клубтың әрбір мүшесінің жеке даму ерекшеліктерін, қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу.
-Түрлі байланыстар, біріккен іс-шаралар өткізу арқылы жастардың бос уақытын толыққанды әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету.
5. Клуб құрылымы:
Клубтың жетекшісі: Н.Жұмабаев
6. Клуб мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.
Клуб бағдарламасымен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне сыйластықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары клуб мүшесі бола алады.
Клуб мүшелері құқылы:
- клубтың материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып клуб бағдарламасымен және оның жекелеген түрлерімен шұғылдануға;
- әдістемелік және практикалық көмек, сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;
- клубта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға;
- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;
- клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;
- клубтың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесуге;
- клубтан өз еркімен шығып кетуге.
Клубтағы патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, спорттық және басқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін клуб мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.
Клуб мүшесі міндетті:
- бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;
- сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, клуб жұмысының алға басуына көмектесуге:
- клуб беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;
- барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.
5. Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.
Клуб мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:
- алғыс жариялау;
- құрмет тақтасына енгізу;
- бағалы сыйлықпен марапаттау.
7. Оқу-материалдық база.
- пән кабинеті;
- спорт залы, алаңы;
- пневматикалық мылтықтар;
- автомат макеттері;
- оқжатарлар;
- дербес қорғаныс құралдары;
- көрнекі құралдар, макеттер«Жас жауынгер» патриоттық Клубының құрамы:
№ Аты жөні
Лауазым,
Сынып
1 Жумабаев Нурсултан Мухамбетович АӘД жетекшісі
2 Гатауов Ильзат Нурланович Инженер-программист
3 Муслимов Бауыржан Тастанбекович Дене шынықтыру пәні мұғалімі
4 Сариев Ерен Патихуллаевич География пәні мұғалімі
5 Өтепқалиев Шыңғысхан 10 «А» сынып оқушысы
6 Садиқова Бибігүл 10 «А» сынып оқушысы
7 Жеткіншеков Мерхат 10 «А» сынып оқушысы
8 Лукпанов Жоламан 10 «А» сынып оқушысы
9 Муса Яна 10 «А» сынып оқушысы
10 Қисмет Бекжан 11 «А» сынып оқушысы
11 Рүстемұлы Мереке 11 «А» сынып оқушысы
12 Серік Асанәлі 11 «А» сынып оқушысы
13 Қатиет Сейт 11 «А» сынып оқушысы
14 Манкешева Нуржамал 11 «А» сынып оқушысы
15 Таукеева Алтын 11 «А» сынып оқушысы
Бекітемін:
Мектеп директоры: С.Капуова
Қиғаш жалпы орта мектебінің «Жас жауынгер» патриоттық клубының
2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№ Жұмыстың мазмұны Мерзімі Жұмыстың түрі Жауаптылар
1 - топ құру;
- жоспар жасау; Қыркүйек ұйымдастыру «Жас жауынгер» патриоттық клубы
2 «Жас жауынгер» патриоттық клубының материалдарының әдістемелік қорын жинақтау
Қазан ұйымдастыру «Жас жауынгер» патриоттық клубы
3 «Әскери іске дайын бол!» сайысы.
а) Топталып жүгіру.
б) Кедергілерден өту.
в) Кермеге тартылу ұлдар. Қараша сайысы«Жас жауынгер» патриоттық клубы
4 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Саптық» сайыс желтоқсан Сайыс «Жас жауынгер» патриоттық клубы
5 Пневматикалық мылтық атудан қыздар арасында мектепішілік «Мерген ару-2017» сайысықаңтар сайыс«Жас жауынгер» патриоттық клубы
6 «Ән салшы, сарбазым» сапта тұрып, әскери әндер айтуақпан байқау «Жас жауынгер» патриоттық клубы
7 «Жас мерген» сайысы.
а) Пневматикалық мылтықпен нысана 10 м-ден отырып ату. (8 оқ. 3+5).
ә) Пневматикалық мылтықпен құламалы нысаналарды жылдам ату. (5 оқ).б) Автоматты бөлшектеу және жинақтау. ақпан сайыс«Жас жауынгер» патриоттық клубы
8 1-наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған «Қорғаныс» операциясы» сайысы. (Дербес қорғаныс құралдарын және алғашқы дәрігерлік көмекті қолдану) 1 наурызқорғаныс Денетәрбиесі пәнінің
мұғалімдері,
Медбике9 Ұлттық ойындар арқан тарту тоғыз құмалақ камшы тастау т.б. наурызҰлттық спорттық ойын«Жас жауынгер» патриоттық клубы
10 «Алау, әскери – спорттық ойын» сәуірспорттық ойын«Жас жауынгер» патриоттық клубы
11 «Ұлы ерлікке тағзым» Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу. мамыркездесу«Жас жауынгер» патриоттық клубы
12 АӘД оқу курсының аяқталуына арналған әскери-спорттық мереке. мамыр Шара «Жас жауынгер» патриоттық клубы
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілікті тұлғаның қалыптасуы
Міндеттері:
1. Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
2. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
3. Жасөспірімнің оқу мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін отбасыларына көмек көрсету.
4. Оқушылармен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету.
5. Ұл балалардың болашақтарын анықтауына көмек көрсету.
6. Жасөспірімнің әлеуметтік өміріне байланысты туындаған мәселелерге жауапты мемлекеттік, қоғамдық мекемелермен байланысты дамыту және толық жетілдіру.
Қиғаш жалпы орта мектебі
«Азамат» ұлдар ұйымы
Жетекшісі: Н.Жұмабаев
Қиғаш жалпы орта мектебі
«Жас жауынгер» патриоттық клубы
Жетекшісі: Н.Жұмабаев
2016 – 2017 оқу жылы
2016-2017 оқу жылына арналған ұл балаларға тәрбие беру жоспары
І. Ұйымдастыру, басшылық жасау жұмыстары.
р/с Мазмұны Орындалууақыты Жауапты орындаушылар1 2016-2017 оқу жылына арналған оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жоспарын талқылап, бекіту. қыркүйек Жетекші
2 Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі Кеңес отырыстарын өткізу Тоқсан сайынЖетекші
3 «Білім беру мекемелерінде салтанатты іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі Ережесінің» орындалуын бақылау Салтанатты іс-шаралар кезіндеКеңес мүшелері
4 Мектептің жауынгерлік даңқ залындағы «Отан үшін от кешкешкендер» стендісін толықтыру, ізденіс жұмыстарын жандандыруЖыл бойы//
5 Жеңістің 72 жылдығына және Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған «Патриот» әскери-патриоттық айлығын өткізуге байланысты Штаб құру Сәуір//
ІІ. 1-4 сынып оқушыларымен жұмыс
1 4-сыныптар арасында «Окопқа дәл түсір!» ойынықыркүйек Б.Муслимов
Ж.Набидоллаев
2 Ғ. Мұратбаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған «Қияға шарықтаған қыран» атты ертеңгілік
қыркүйек Сынып жетекшілері3 Саптық ән байқауы
СәуірН.Жумабаев
4 Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаттарында Қазақстанда тұратын этностардың салттары мен дәстүрлерінен көріністер көрсету
сәуірСынып жетекшілері5 Жеңістің 72 жылдығына арналған сынып тәрбие сағаттары
мамырСынып жетекшілері6 «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне тағзым етумамырСынып жетекшілеріІІІ. 5-8 сынып оқушыларымен жұмыс
1 Тілдер мерекесін өткізу 22-қыркүйек Қазақ тілі,
орыс тілі,
шет тілі пәндерінің бірлестігі2 Ғ. Мұратбаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған ертеңгілікқыркүйек Тәлімгер
3 «Тексерілуге саптал!» сайысы. қазан Н.Жумабаев,
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері
4 Пневматикалық мылтық атудан жарысқазан Н.Жумабаев
5 «Біз –жас ұландармыз» эстафетасықараша Н.Жумабаев,
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері
6 «Қазақстан – байтақ елім!» атты сурет байқауы. желтоқсан Ұ.Мукашева
7 «Жедел жәрдем» кешеніқаңтар Т.Юсупова, денетәрбиесі пәнінің мұғалімдері,
8 Әскери-патриоттық әндер конкурсы ақпан Н.Жумабаев
С.Кожантаева
9 «Әскери іске дайын бол» кешенінаурыздене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері
10 Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаттарында Қазақстанда тұратын этностардың салттары мен дәстүрлерінен көріністер көрсету сәуірСыныпжетекшілері11 Жеңістің 72 жылдығына және Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған «Патриот» әскери-патриотық айлығы мамырН.Жумабаев
12 1) Жауынгерлік әндер байқауы. 2) Сап әндерінің байқауы. 3) Ерлік сағаты. сәуірсәуірсәуірТәлімгер СыныпжетекшілеріАӘД жетекшісі: Н.Жумабаев