10 сынып,Жарасымды ?арым – ?атынас
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 8 Қашаған Құржыманұлы атындағы
орта мектептің өзін – өзі тану
пәнінің мұғалімі Умирбаева Амангул Сергеевна
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Жарасымды қарым – қатынас
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық
Сынып «10»
Сабақтың мақсаты:1. «Үлкен» мен «кіші», «ел ағасы» деген сөздердің мәнін ашу.2. «Үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатысымның мәнін ұғындыру;3. Өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақӘдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, шаттық шеңбері, жүректен- жүрекке. Ресурстар:
Нақыл сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
ІІ. Дәйек сөз.
А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»
Адам өміріндегі дұрыс әрекет не деп ойлайсыздар?
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы қандай? ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).
1. Жарасымды қарым- қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?2. Кез келген адаммен қарым- қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек деп ойлайсыңдар?3. Ол қасиеттер өз бойларыңда бар ма?Мәтінмен жұмыс.Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген С.Б. Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқушылар оқиды.Берілген сұрақтар арқылы мәтінге талдау жүргізеді.- Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?-«Ақсақал» , «Ел ағасы» деп кімдерді атаған?- «Ізгіліктің басы- үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?Жаңа ақпарат. Мәтінді оқу, өз ойларын ортаға салады.« Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкенді сыйлауға міндетті.Үлкен адамалдында әдеп сақтау, ибалық көрсету, үлкенді сыйлау, қайырымды- рақымды болу,кіші адамға сай мінез- құліқ көрсету жас адамның адамгершілік қасиеттерініңкөрінісі.Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалай».Назар аударайық.С.Ақатайдың қысқаша берілген мәтінін оқушылар оқып, талдау жүргізеді.Өз ойларымен бөліседі.Тапсырма.1. Үлкендерді құрметтеп, қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты да сыйласымды қарым- қатынасқа байланысты нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, өлең жолдарын айтады.2. Оқулықта берілген өнер туындыларын көріп, адамдардың бір- біріне деген ілтипат, сезімдерін, әсерлерін баяндайды.Дәйексөз« Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым- қатынасы» ( А.Линкольн )- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер, өз ойларын ортаға салады. IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау1. Айтмұхамбет қария- сөге тоқтайтын, сөздің төркінін байқайтын, сөз түсінетін кісі.Оның бойын ауыр дерт меңдеп жатқанына біраз айдың айналасы болды.- Ассалаумағалейкум. Қалайсың , шал тәуірмісің ? – деді бір жолы ол кісіге ауылдың бір жас жігіті табалдырықты аттар- аттамастан. Бетін қабырғаға беріп, өзімен- өзі хал үстінде жатқан қарт мына сөзден кейін бетін бері қарай жалт бұрып:- Не қалайын сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба?! - деп қария кейіп қалды.Жігітті өзі тудырған ыңғайсыз жағдайдан шығарудың жолын табыңыздар.2.Үйде және көшеде өз бастарыңыздан өткен немесе куә болған үлкендермен келіспей қалған жағдаяттарды естеріңізге түсіріңіздер. Оны талдап, өз ұстанымдарыңыздың дұрыстығын дәлелдеу үшін «үлкендер» мен «кішілер» тобына бөлініп, өз ойларыңызды дәйектеңіздер
1.Жасы кіші ініні- ақылы артса, аға тұт.Жасы үлкен ағаны- жақсы сыйлап жаға тұт,- деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?2.Әдептілік, сыйласымдылық амандасудан басталады дегенді қалай түсінесіңдер?ҮІІ.Сабақты қорыту. Жан жылуының көрінісі тек отбасында ғана емес, ол ұжымдағы адамдар арасында да, дос- жолдастар арасында да болатын жақсы қасиет.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды. Дәптермен жұмыс
Топпен ән айту.
О.Әубәкіровтың «Ағаларым» әнін бәрі қосылып айтады. Үй тапсырмасы.
Үйге тапсырма.33- бет.2- тапсырмаҚазақ халқының үлкенді сыйлау, құрметтеу әдебіне байланысты қағидаларды жалғастырып жазу.Жүректен- жүрекке.Өлең жолдарын айтады.Үлкен алдында иіліп сөйле,Кіші алдында сызылып сөйле.Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)