Сыныпта?ы ?лгерімі т?мен о?ушымен ж?мыс


Үлгерімі төмен оқушылар және олармен жүргізілетін жұмыстар Мақсаты: Үлгермеушілік себептерін есепке ала отырып, оқушылардың жас ерекешеліктеріне сай дамуына жағымды жағдай жасау мен түзету жұмыс түрлерін айқындау.Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтай отырып, түзету және дамтыуға арналған жаттығулар жинағын ұсыну. Міндеттері: Бастауыш сыныпта оқушылардың берілген материалды толық меңгеруін қалыптастыру;Жеке оқушымен меңгермеген материалға сәйкес жүргізілетін жұмыс түрін таңдап алу;Кездескен қиыншылыққа сәйкес жұмыс жүргізе отырып, сыныпта болмау үлгірімі төмен оқушының жағдайын қарастыру;Оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығушылықтарын қалыптастыру;Үлгермейтін оқушыны таладауда диагностикалық әдістерін таңдау; алдын ала шараларын құру;Дамыту - түзету жаттығулары арқылы оқушының оқуға деген белсенділігін арттыру;Диагностика негізінде оқушылардың даму мониторингісін жасау. Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзінің игерген біліктерін іске асрыуға, өзін өзі дамтыуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту” тұжырымдамасы II тобы:жазу, оқу, есептеу дағдыларының когнитивтік компоненттерімен ерекшеленеді. Бұның негізіне жататыңдар; III тобы:жазуда, есептеуде, реттеуші құрамадс дағдыларының, өзін өзі басқару, есеп беру дағдыларының дұрыс қалыптаспауына байланысты; Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін қиындықтар тобы: I тобы:құрылымы жағынан күрделі, ұйымдастыруы жағынан көп деңгейлі, қимыл қозғалысты жазу мен оқуға бейімділігінің нашар болуы; Үлгермеушілік себептері Педагогикалық Әлеуметтік Физиологиялық Психологиялық Пәндер берілісінің нашарлығы, міндетті ББД игермеу, сыныптан сыныпқа дұрыс көшірілмеу Өмір сүрудегі келеңсіздіктер, отбасының нашартәрбиесі, бақылаусыз қалуы, отбасының материалдықжағдайының төмен болуы Баланың денсаулығының төмен болуы, жұқпалы аурулар, тыныс алу жолдарыныңауруы, нерв жүйесінің ауруы Зейін, есте сақтау, ойлаудың даму ерекшеліктері,түсінудің нашарлығы, сөйлеу, таным қабілеттерідамуының жетімсіздігі, қызығушылық қалыптаспауы, дүниені тану қабілетінің қалыптаспауы Мектепте қабылданған оқушылардың даму деңгейі анықтау Интеллектуалдық Әлеуметтік Эмоциналдық Баланы кешенді зерттеу жүргізуде қамтылатын құрамдар: Медициналық (соматоневрология) зерттеу – даму ерекшеліктерін айқындау, неврті-психикалық және соматикалық денсаулығындағы ауытқулар, орталық нерв жүйесінің жетілу деңгейі, бас миының функционалдық жағдайына сипаттама жасау. Мақсаты балаға емдік – профилактикалық денсаулық сақтау шараларын жоспарлау мен жүргізу.Психологиялық диагностика – интеллектуалдық дамуын бағалау, эмоционалды – ерік пен түлғалық ерекшеліктерін зерттеу, жеке дара психикалық реакциясы, ақыл –ойының жұмысы қарқыны, қабілеті, зейінінің шоғырлануы мен тұрақтандыру; баламен жеке дара коррекциялық жұмыстың жоспарын құру мақсатында үлкендер көмегін қолдану;Педагогикалық зерттеу (сонымен қатар дефектологиялық) - оқу дағдыларының оқытылған бағдарлама талаптарына сәйкестігін бағалау, дағдыны меңгеру шапшағдығы, оның тұрақтылығы, бағдарламалық білімді меңгеру қарқыны.Логопедтік зерттеу дыбысты айту, фонематикалық дыбысы, дыбыстық талдау мен синтез, сөздік қолдану мен өз тілін грамматикалық құруына талдау жасау;Мамандардың кешенді жұмысы мектепте бейімделу мен оқудағы үлгермеушіліктің пайда болуының биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық фактілеріне негізделіп тығыз байланыс жасау принципі бойынша құрылады. Күтілетін нәтиже: Үлгермейтін оқушыларды анықтайтын диагностикалық әдістемелер кешені жинақталады.Үлгермеушіліктің сыртқы және ішкі себептеріне байланысты жеке дара және топтық дамыту – түзету бағдарламалары құрылады.Үлгермеушіліктің алдын алу шаралары құрылады.Проблеманы шешуде мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі құрылады. Бұл топқа жататын қиындықтардың кездесуінің себептері: Кеңістік туралы ұғымдарының нашар дамуы;Дыбыстық және әріптік талдау және жинақтау дағдыларындағы кемшіліктер;Танымдық үрдісі дамуындағы кемшіліктер; Есептеудің тұрақты дағдысының қалыптаспауы;Қатар келген сандардың қатынасын білмеу.Нақты жоспардан асбстракты жоспарға өту қиындығы;Есеп шеше алмауы;Ойланбауы; Акустикалық және артикуляциялық жағынан ұқсас әріптерді айырбастау, оқу мен жазуда әріптер тастап кету, сөздер мен сөйлемдерді аяқтамау, сөздегі буындарды айырбастап қою, әріптерді жазудағы сандық қателіктер;Дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің түсіну қиындығы, сөздер мағынасының өзгерісі;Сызбасы ұқсас әріптерді дұрыс оқымау;Әріптерден буын, буындардын сөз шығарып оқу қиындығы; Тапсырмалар: №4. Берілген шаршыға қараңдар. Біреуінде велосипедші кетіп барады. Қолдарыңды тигізбей көз жүгірте отырып, оның дем алуға тоқтайтын орындарын анықтаңдар. Сосын соңғы шаршыға 1, 2, 3 деп белгілейсіңдер.I жолы: 2 шаршы төмен, 1 солға, 3 жоғары, 2 оңға, 2 төмен – 1 цифрын қойыңдар.II жолы: 1 оңға, 1 жоғары, 2 солға, 1 төмен, 1 оңға, 1 төмен, 2 солға – 2 цифрын қойыңдар.III жолы: 1 жоғары, 2 солға, 1 төмен, 1 оңға, 2 төмен, 1 солға, 3 оңға – 3 цифрын қойыңдар. 13-жаттығу. Сызбаға қарап анықта. Балаға шатасқан сызықтармен берілген заттар сұлбасы ұсынылады. Сызық арқылы барлық заттарды табуы керек.Гаражда қандай машиналар тұрғанын тап.Осынған ұқсас тапсырма, бірақ әріптермен берілген.Бұл тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың кеңістік туралы ұғымдары қалыптасады. Есте сақтау қабілеті төмен оқушыларға берілетін тапсырмалар: 15-жаттығу.Тапрсыма барлық сыныппен орындалады. Жарыс түрінде өтеді. Оқушыларға “Қараңдар!” деген белгі беріледі де, экраннан қысқа уақытта (0,5 сек) берілген әріптерді есте сақтау жазу тапсырылады. Егер олар осының ішіндегі ең ұзақ қатардан 5 әріптен артық әріпті дұрыс тауып жазса, жеңізпаз болып табылатынын ескерту керек. Егер аз тапса жеңіледі. Ұтқан оқушы сыйлық алады.Құралдар: эпидиаскоп немесе экран, әріптер қатары:1-тапсырма. 3-тен 9-ға дейін дауыссыз дыбыс жазылған мағынасыз сөздер:РБВЛКТМЦЖКПРЧДЗНТККПТНСДШРВТБЧДПВШГСБМДРКЛФМВХШТСГСТПЦГВДКЖГВПРМТКМВПКШЛЧБХБРНЦДКСЧГ