?лгерімі т?мен о?ушымен ж?мыс баяндама


ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАР ЖАЙЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ АЛУ
ОҚУШЫМЕН ҚОСЫМША
САБАҚ ЖҮРГІЗУ
ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІП, ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУleft0left0ОҚУШЫНЫҢ ЫҚЫЛАСЫН ОЯТУ АРҚЫЛЫ ТАБИҒИ ДАРЫНЫН АНЫҚТАУ, ДАМЫТУБОС УАҚТЫСЫНДА НЕМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫНЫН БАҚЫЛАУ
ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
АТА-АНАСЫМЕН БЕЛСЕНЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУleft0left0left0left0left0left0left0left0ІІ тарау. Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері.2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері .Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі-баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалык жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады.Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:- жекелеген мұғалімдер сабақтарының сапасындағы, жаңа материалдытиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімінесепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау жәнетыңғылықты тексерудің болмауы;- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі; -жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстыңболмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақжұмыс жүргізбеуі;- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашартәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігітарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;- бағалаудағы біржақтылық ;- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т.б. Ең алдымен мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс.Олардың тақырыптары:Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс - әрекеті, т.т. Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі. (№ 1 кесте)Үлгермейтін оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі.№ 1 кесте
Бірінші кезең Екінші кезең Үшінші кезең Төртінші кезең
Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас. Ең оңай қызықты материал. (маңыздылығына қарамастан) Маңызы бар материал . Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал. Нәтижесін бағалау.
Оқу үрдісіне көзқарас. Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы. Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады. Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады. Оқушы өз бетімен әрекет етеді.
Өзіне, өз күшіне деген көзқарас. Көп күшті қажет етпейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау. Азғантай күш қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау. Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау.
Мұғалімге (ұжымға) көзқарас. Бейтараптық Мейірбандылық көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу. Көмек беру мен қатар өзіндік пікірі-нің болуы
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл - амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі:Жұмысты орындаудың және аяқталудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т.б.Оқушылардьң өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдері қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекетіоның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар.Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес.Белсенділік-дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр..Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанұядан, түрлі дайындықпен келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі.Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу - мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған методикалык жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін (Ш.А.Амонашивили, С.Н.Лысенкова т.б.) өз сабағында мүмкіндігінше пайдалану қажет. Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс жағдайын ескеріп ата-анасымен тығыз байланыс жасаймыз. Сонымен бірге, оқушыны зерттеп, олардың білімдерін есепке алуды басты мақсат еттік. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынадай ұйымдастыру шараларының көп көмегі тиді.- Топқа бөліп оқыту әдісін жиі пайдаланамыз. Оқыған оқушылардыңмінез-құлқы, ынтасы, білім деңгейі өзімізге белгілі. Сол қорытындыбойынша оқушыларды топқа бөлеміз. 1 топ – “өте жақсы”; 2 топ –“жақсы”, 3 топ – “орташа”, 4 топ - үлгерім дәрежесі төмен оқушылар.Жоғары үш топпен жүргізілетін жұмысқа тоқталмай, соңғы білімдәрежесі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түріне тоқталмақпыз.1-сыныпта оқытудың басты міндеті балаларды оқуға жазуға және санауға үйрету. Басқа жұмыстар осы мәселелерге негізделіп жүргізіледі.Бұл топта төрт оқушы бар. Екеуі даярлықта оқымаған. Осы төрт оқушының біреуі әліппеден де, математикадан да нашар. Жұлдызай деген оқушы өткен дыбысты, санды менімен қосылып айтады, сәлден кейін сұрасам ұмытып қалады.Осы оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземіз.1. Сабақ үстінде:а) үлгерімі төмен оқушылардан жиі-жиі сұрау, сабақ үстінде оларға барыншамүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, оңтайландыру,сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру.ә) жолдастарының берген дұрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру.б) сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру.2. Сабақтан тыс уақыттарда:а) өзіндік жұмыстың пайдасы көп, оқушыларға жеңілдетілген үлестірмелер, қызықты тапсырмалар беріп, көбірек сөзге, іске тартып белсенділігін арттыру. Мысалы: Әліппе кезеңі - сауат ашудың негізгі кезеңі. Бұл кезеңде оқушы оқу мен жазуды жүзеге асырады. Осыған орай үлгерім дәрежесі төмен оқушыларға тапсырманы жеңілден бастап біртіндеп күрделендіру көзделеді.Ұлы педагог К.Д.Ушинский: “Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі”, - дейді.Балаларға, әсіресе үндемейтін, тұйық оқушыға суреттің, суретті үлестірмелердің әсері зор. Суретті бала көзімен көріп, көңіліне тоқиды, сол заттардың түсін, бейнесін есіне сақтайды.С.Н.Лысенкованың іс-тәжірибесінен тірек схемасын пайдалана отырып, сөйлем құрату. Бұл оқушыны “қателесіп қаламын ба”, не “артық сөз айттым ба?” деген сезіктенуден сақтайды, балаларды дәл ойлауға бағыттайды. 1.Үлестірме бойынша суретке қарап үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.2.Әр заттың бастапқы дыбысын астындағы тор көзге жазып, шыққан сөздіоқып дауысты дыбысты атау.3.Әуелі суреттегі затты атайды. Бірінші қандай дыбыс екенін біліп, орынауысқан дыбыстарды реттеп дұрыс құрап шығуы керек.3. Ата-аналарымен байланыс. Ата-ана біздер үшін сарқылмас күш, олармен жиі байланыс жасап, көмекке шақыру, үлгерімі төмен оқушылардың алға басуына көмегі зор. Ата-аналардың үйлеріне барып, мектепке шақырып әңгімелесеміз.Сыныпта ата-аналар жиналысын өткізіп, балалары жөнінде оның үлгерімі, тәртібі, оның оқуына үйде қалай көмектесу керектігін түсіндіреміз. Осы сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп отыру, үлгерімі төмен оқушыларды қатарға қосуға және олардың тиянақты білім алуына жәрдемдеседі. Біз осы тұрғыдан үлгерімі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіп келеміз. Жұмыстың жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін кеңінен талқылап, белгілеп алады.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады:-ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы.-оқу-тәрбие процесіне жанұяның ықпалы.-қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.-үйде күн тәртібі жоспарлануы және оның орындалу барысы.-денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар.-сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.-дара ерекшеліктері.-ойлау қабілетінің деңгейі.-зейіні мен есте сақтауы.-ерік-жігері.-табандылығы.-қызығушыл ығы.-жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері.-үлгермеу себептері.Осы мәселелер анықталғаннан кейін, баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып, оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жүмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалык жұмыстар белгіленеді.Мысалы, Жұлдызай деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғардық.1. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн тәртібін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағаттарын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру мақсатында сабақта жұмыстар жүргізу, белсенділігін жандандыру, оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.
Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру.
Сабақта дидактикалық материалдарды, техникалық құралдарды молынан пайдаланып жүргізу. Жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалану.
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл көркемтекстерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру.Барлық жеке жұмыстарда “оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып, қайталауға көбірек мән беру.
Оқушының еңбектерінін жақсы жақтарын дер кезінде байқап,тиісінше мадақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.
Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып, жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелерін жазып отырамыз.
Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижелерге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеміз.Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қызықты өтуі мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты.Мектепке жаңа келген шәкірттің жан дүниесіне, физиологиялык, логикалық және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу - ұстаз парызы.Әсіресе, жеке жұмыс жүргізуді бастарда оқушының сөз қоры, сөйлеу дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сұраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тануы таразыдан өткізілуі керек. Бастауыш сынып мүғалімі оқушыларды таным қабілетіне қарай бірнеше топқа бөліп, қысқаша мінездеме жазып, зерттеу табеліне түсіреді. Олардың сипаттама шамасы төмендегідей:- Танымы жақсы жетілгендер, зейінділер- Тез қабылдайтын, бірақ зейіні тұрақсыз, бұл 7-9 жастағылар арасында жиікездеседі.- Қабылдауы баяу, зейіні ықтиярсыздар.- Зейінсіз, қабылдауы төмендер.Мұғалім сабақ жоспарын жасаған кезде жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қоса белгілейді. Қойылатын сұрақтарды, үлестірмелермен жазбаша тапсырмаларды алдын-ала іріктеп алу дара жұмыс жүргізу жоспарының орындалуын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс оқушыларды жеңілден бірте-бірте күрделіге жетелеу арқылы жүзеге асады. Оларды топқа бөліп, жеке дара жұмыс істеу мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.Оптималдандыру заңдылықтары мен принциптерін қолдану, яғни оқыту мен тәрбиенің озық формалары мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, әр сыныптың немесе жекелеген оқушылардың ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, тиімді жұмыс істеу, уақытты ұтымды пайдалану оқушылардың білімді өз еркімен қабылдауын көздейді. Мұғалім күнделікті жеке жұмыстың нәтижесін мұқият зерттеп, оны күрделендіріп, бағдарламалық білім деңгейіне жетуді мақсат етеді. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады.Үлгерімі жақсы оқушылармен жүргізілетін жұмыс. Осы оқушылар барлық пәннен бірдей жақсы оқи ма? Соны мұқият зерттеп алған жөн.Мәселен бір оқушы жекелеген пәндерден озық. Сөйте тұра ауызша пайымдауға онша емес. Екінші бір оқушы керісінше ауызша мазмұндауға шебер. Енді осындай оқушылардың осалдау жерін дәл тауып жұмыс жүргізу - пән мұғалімінің міндеті. Ал өзі жақсы көретін, сүйіп оқитын пәннен үлгерімі нашар оқушыға көмектесуді тапсырып, оның қабілетін арттыруға болады. Барлық пәннен бірдей жақсы оқитын оқушылар сынып жоғарылаған сайын азая береді.Мәселен, бастауыш сыныптарда жақсы және өте жақсы оқитындар саны жоғары сыныптармен салыстырғанда көп болады. Осындай алшақтықтың негізі қайда жатыр? Әрине пән мұғалімі сабақ бере алмайды, оқу-тәрбие жұмысына жүрдім-бардым қарайды деуге болмайды. Әйткенмен де жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде олардың ерекшеліктерін зерттеу жетіспей жатады. Сондықтан әр сабақты шығармашылықпен оптималды жүргізсе, іс нәтижелі болар еді. Өкінішке орай кейбір мұғалімдеріміз оқу мен тәрбиедегі олқылықты тек бастауыш сыныптан кеткен кемшілік деп санайды. Бұл жаңсақ пікір.7-9 жастағы оқушылардың көбісінің зейіні тұрақсыз болғанымен тез қабылдағыш келеді. Бірақ ұққанын тез ұмытып қалады. Біраз күннен кейін сұрасаң жауап бере алмайды. Бұл зейіннің тұрақсыздығынан. Мұндай оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс ерекше есте қалардай қызықты болуы керек. Қабылдауы баяу немесе мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тыныш отыратын, сабаққа ынтасыз оқушыға берілетін тапсырма оны ширату, сабақта сөзге тарту, көңілдендіру, өзге оқушының берген жауабын қайталату немесе сөзуар балалармен қабаттастыра сөйлету мақсатын көздеуі тиіс. Берген жауабын нақтылап, анықтап, өзінің өзгелерден қалмай жауап беріп тұрғанына көзін жеткізіп, белсенділік туғызу шарт.Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады. Олар қанша қыбыр етпей тыңдап отырғанымен қабылдауы төмен болса, мұғалімнің 10-15 минут баяндаған әңгімесінен сөйлем құрап айта алмайды.Сондықтан үй тапсырмасын оқушылардың зейін - қабылдау мүмкіндігіне қарай жеке берген жөн.Жеке оқушылармен мінез-құлыққа байланысты жұмыс жүргізу үшін сабақтың күнделікті қызықты ұйымдастырылуына да көп көңіл болу керек. Керекті көрнекіліктер күні бұрын әзірленіп, оқушыларға берілетін жеке тапсырмалар алдын ала ойластырылса сабақтың сапалы өтуіне тиімді әсер етеді.Баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын білу, білімін іждағатты есепке алу - үлгермеушіліктен сақтандырудың басты шарттары. Шәкірттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мұғалімге жалпы тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір оқушымен жеке жұмысты қандай бағытта құру қажеттегіне жөн сілтейді.Оқушы Сәкен 1 сыныпқа басқа мектептен келді. Оның оқуға ынтасыздығы бірінші күннен-ақ байқалды. Ақылға көнбейді. Көңілі соқпаса, сабаққа келмей қалатынды шығарды. Ата-анасының “тілімізді алмайды” деп, бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын білдім. Сабаққа үй жұмысын орындамай келіп жүрді. Егер қатаң талап қойып, кітабынан тапсырманы жеке көрсетіп берсең, сол бетті жыртып тастайтын болды. Сабақта әдейі бір жағымсыз мінез көрсетіп, мұғалім назарын еріксіз өзіне аударып, “ескерту айтсын” дегендей әрекеттер жасайтынды шығарды.Денсаулығында ақаулық бар ма деген оймен алғашқы кезде дәрігерлермен де кеңестім. Бірақ дені сау екен, ал жағымсыз қылықтарды қасақана істейтіні анықталды. Сабақтан тыс уақытта не істейтінін бақылап, оның ойнайтын, бірге жүретін жолдастары кімдер екенін білдім. Өзінен үлкен, басқа мектепте оқитын нашар мінезді балалармен бірге жүретінін анықтадым. Ата-аналары балаға бірыңғай талап қоймай, әкесі ұрысса, шешесі болысып дегендей, тәрбиені әлсіретіп алғандығы байқалды.Сәкеннің оқуға ынтасын қалыптастыру үшін сабақ тыңдамай отырған кезінде қосымша сұраулар беріп, ұғымын бақылап, ескертулер жасадым. Материалды баяндау кезінде мұқият тыңдау сабақ түсінудің қажетті шарты екенін айтып, ақыл-кеңес бердім.Кейде:- Сен тыңдап отыр, түсіндіріп болған соң, сұраймын, - деп қатаң талап қойсам, кейде сенім білдіріп, көтерме баға да қойып жүрдім. Оның балаға үлкен әсері болды. Ойламаған жерден “4” алуы баланың психологиялық түйсігіне әсер еткендігі, соншалық, баланың бет бейнесі бірден өзгеріп, көзінен қуаныш табы байқалады. Сол күнгі басқа сабақтардың барлығында тәртіп бұзбай тыныш отырды. Бұл алғашқы нәтиже еді.Окушыны жеке алып қалып, түсінбеген тақырыптарын анықтап білгеннен кейін, күнделікті сабак үстінде, сабақтан кейін де қосымша түсініктерді беруді әдетке айналдырдым. Баланың білмейтін материалдарын күнделікті дәптеріме жазып жүрдім. Оқушының сынып ұжымына қалай карайтынын, берілген жазаны және мадақтауды қалай қабылдайтынын сабақ үстінде, тәрбие сағаттарында анықтадым.Баланың ата-анасымен әңгімелесіп, өмірден көптеген мысалдар келтіріп, бірлесіп, кеңесіп істеген тәрбиемен ғана баланы түзете алатынымызды айттым. Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапты екенін де ескерттім.Жеке оқушылармен жұмыс істеуде мына төмендегі мәселелерге үнемі көңіл бөлдім.
Оқушылардың жаңа материалды сабақ үстінде қабылдауы.
Үй жұмысын күнделікті орындауына мұқият есеп жүргізу.
Оқушының сабақ оқуға ынтасын қалыптастыру.
Әр оқушының оқу материалын меңгеру ерекшелігін байқау.
Оқушының денсаулығы, жасында қандай аурумен ауырғандығы.
Оқу кұралдарын ұстауы.
Оқушының сынып ұжымына, жазаға, мадақтауға калай қарайтыны.
Баланың әр сабаққа бейімділігін байқау.
Сол бейімді ілгері дамыту мақсатында қосымша тапсырма беру. Мұнда тек үлгермеушілерге ғана емес, 5-ке оқитын окушыларға да білімін дамыту мақсатында жеке тапсырма беріледі. Енді сабақ үлгермеуші қатарына қосылуға таяған 1-сынып оқушысы Мақсатты мысалға алайық.Мақсат басында орыс сыныбында 3 ай оқып, сабақ үлгере алмаған соң, қазақ сыныбына ауысқан.Бақылау “Әліппе Мақсатты қызықтырмайды. Балалар сабақта “Әліппеден оқып, кеспе әріптен сөз құрап, суреттерден әңгімелер айтып жатқанда, ол кітапты сырғытып қойып, қабырғаға қарайды, жұмыс істемей жайымен отырады. Сабақ айтуға қолын сирек көтереді. Жауап беруге шақырғанда орнынан баяу тұрып, аузын ашпай тұрып алады. Кейде “естіген жоқпын”деп ернін ғана қимылдатады. Мен Мақсатқа төмендегідей жұмыс істеттім. Балалар өз беттерінше оқып “Әліппемен” жұмыс істеп жатқан кезде Мақсаттың жанына отырып, көмектестім. Онымен бірге “Әліппедегі” суреттердің біразын қарап шығып, мазмұнын айтып бердім. Өзімен бірге бірнеше сөз оқыдым.Әрбір сөзді қағазбен жауып қойып, есінде сақтаған сөздері бойынша сөз құрауға, содан кейін оны “Әліппеден” тексеруін талап еттім. Оқушы бұл жұмысқа көңіл қойып, қызыға бастады. Бірнеше күннен кейін, “Әліппеден” суреттер бойынша үйде әңгіме әзірлеп, есте сақтағаны бойынша бірнеше сөздер құрастырып жазып келді. Мақсат картина бойынша әңгіме құрастыруды ерекше ұнатады. Бұл жұмысты бүкіл сыныппен жүргізгенде белсене қатысады. Оны жұмысқа қатыстыру үшін суреттермен безендірілген сынып плакаттарындағы әңгіме текстін оқуға жиі шақыратын болдым. Суретті картинаның бірінші буынын алдырып, екінші буынын толықтырып үйреттім. Үйде дидактикалық үлестірмелер бойынша сөз құрастырып келуді тапсырдым. Ол суретті үлестірмелерге заттың атын жазып, сурет бойынша әңгімелеп айтып берді. Әңгімені оқып болғаннан кейін картина бойынша айтып беруді жақсы көреді. Оның оқуға ынтасын қолдап тапсырманы күнделікті орындауына катты талап қойдым. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Сәкен оқуға ынтасы артып, сабақ үлгерімі бірте-бірте едәуір жақсарды. Оқушының сабақ үлгермеу себебі кейде оның көңіл-күйімен де байланысты.Бұл айтылғандардан балаларды сыныпта ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда да үзіліс кездерінде де, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда да, саяхат барысында да, қоғамдық жұмыстарды орындау кездерінде де, жанұяда да, жолдастарының ортасында болған уақыттарда да бақылау қажет екенін байқатады. 2.2 Ана тілін (1-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл - бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, жанұяға да, мектепке де көптеген реніш әкеледі.Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Бірінші сынып балаларында оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашкы қадамдары.Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек қана “4” пен “5” алуы тиісті деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып, “2” немесе “3” бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қьлықтарға үйренеді.Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы “2” алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттаған дұрыс емес. Бүл бағалау баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті “2” мен “3” деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады.Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, оқу кұралы, қалам, қара және түсті қарындаш, сызғыш, өшіргіш т.б. құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана, “сабағыңды үстелдің үстінен алып кет басқа жерге, не қоя тұр” деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана телевизор көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен телевизор көріп үйықтайды. Ертеңгі күні, әрине сабақ дайындамаған бала “2” деген баға алып келеді. Сөйтіп сабақ оқуына жағдайжасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.Мәселен, “Ана тілінен балалар бірініші сыныпты бітірер кезде әрбір сөзді дұрыс, мәнерлеп оқи білулері керек. Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде калыптасады. Әрине, бұл жөнінде де ата-ана тарапынан бақылау болуы керек. Бірақ, “осыны оқымай, орныңнан тұрмайсың” деуге болмайды. Кітапты оқып көп отыра беру баланыжалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек. Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі. Тез оқуға дағдыландыру үшін мыналарды басшылыққа алған жөн.
Оқу жылдамдығы: 1-сынып 1 минутта - 20-40 сөз,
2 - сынып 1 минутта - 50-60 сөз,3-сынып 1 минутта - 70-80 сөз.4-сынып 1 минутта – 90-110 сөз1.Тез оқуға жаттығуды жаңа тақырыптармен жүргізу керек.Оқудан бұрын тез дем алып, ақырын дем шығаратын жаттығу жасатукерек.
Оқығанда жеке әріптерді емес, буындап сөздерді тұтас оқып-үйренуікерек.
1. Жаңадан берілген жазбаша жұмыс түрлерін орындауда бұрынғыжазғандарында жіберілген қателерімен жұмыс істеуден бастауы керек.
Егер жазбаша жұмысы белгілі бір ережеге сай орындалуы шарт болса, олережені оқулықтан окып, жаттап алуы керек.
Жазбаша жұмыста баланың жазғанын, оның әр бөлігін жіті тексеріпотырған жөн.
Байқалған қателерді тиянақты түрде түзету керек.
Әр ата-ана жазбаша жұмыстарды бақылауы үшін баланың сөз жазу жылдамдығын білуге тиісті.Егер бала баяу жазатын болса, кез келген қысқа әңгімені белгілі бір уақыт ішінде жаздыртып, жатқа білетін өлең шумағын жаздырып үйретуі керек. Көбірек ермексаздан жұмыс жасатқан жөн. Ол баланың саусақтарының бұлшық еттерін дамытып, жазуға икемділігін арттырады.Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап, тексеріп отырунәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілігі, дағдысықалыптасады.Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету - олардың сабақ үстіндегібелсенділігін арттырады.Өз бетінше жүмыс істеуге дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысын барлық сабақтарда іске асыруға болады. Бұл орайда оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілеті ескерілуі шарт.Қабілетті оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолдармен орындауды бірден біледі. Кейде оқушылардан берілген тапсырманы тезірек орындау талап етіледі. Мұндайда қабілеті төмен балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Өздігінен жұмыс істеуге оқушылар бірте-бірте дағдылануы керек. Олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады.Себебі ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені саналы түсінуге дағдыланады. Бұл жұмыстар түсіндіру, бекіту, білім тексеру мақсатында жүзеге асады.Ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс кезінде сауалнама ұйымдастырамын. Өлеңнен не әңгімеден үзінді оқып, оның қай өлең немесе әңгімеден екенін, авторын сұраймын. Кейде автордың суретін көрсетемін де, “Бұл кім? Оның қандай әңгімесін оқыдың?” деп балалардың ойлануына жағдай жасаймын. Ал оқыған өлеңдегі немесе әңгімедегі кейіпкердің суретін салып, оның қайдан екенін, тақырыбын табу, мазмұнын еске түсіру де - өз бетінше жұмыс істеудің бір түрі. Осы орайда оқыған әңгімелері, ертегілері бойынша инсценировка даярлаудың маңызы зор.left0left0left0left0left0left0left0left0left0left0left0left0left0САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС
КЕСПЕ БОЙЫНША ЖҰМЫС
СУРЕТ БОЙЫНША ЖҰМЫС
САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСІ.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА КӨМЕКТЕСУ 2.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ1. СЫНЫП САҒАТТАРЫН ӨТКІЗУАТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС1.АТА-АНАЛАРҒА ТАЛАПТАРДЫ ТҮСІНДІРҚОРЫТЫНДЫ.Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды.Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жұмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде.Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге болады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауының “ XXІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау” атты бөлімінде болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтау қажеттігі, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануы шарт екендігіне баса назар аударады. Жолдауда: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларыньщ сапасын арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз ». Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондықтан да бастауыш мектепте оқу үлгермеуін болдырмау жолында оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру қажет. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары оларды шығармашылық іс -әрекетке баулу қажет екенін деп қорытындылаймыз. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық.Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.Қорыта келгенде, мен өз жұмысымды жазу нәтижесінде төмендегідей ұсыныстарды ұсынып отырмын:
Ата-ана үнемі сынып жетекшісімен қарым-қатынаста болу керек.
Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік құралбасылып шықса.
Пайдаланылған әдебиеттер.1. ҚР Ата Заңы. – Алматы, 1995. Толықтырулар мен 21.05.2007ж.2. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдаулары;3. ҚР Білім туралы заңы 07.06.1999ж.4. ҚР Білім туралы заңы. (толықтыру, өзгерту енгізілген) 15.08.2007ж.5. ҚР МЖМБС Жоғарғы кәсіптік білім беру. Негізгі ережелер. 25.08.2005ж. №857 бұйрық6. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 09.01.2004ж.7. ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы. 14.05.2004ж.8. ҚР-ның Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.9. ҚР-ның жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.10. Елбасы Н.Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттеріне арнап оқыған лекциясы: Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Астана, 27 мамыр, 2006ж. 11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, Астана-2006.12. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана.13. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты.- Алматы, 1998.14. Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. – Алматы, 1990.15. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991.18. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. – Алматы, 2003.19.Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы.- Түркістан, 2005.20. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.21. Педагогикалық және жас ерекшелік психология./ Редакцияны басқарған А.В. Петровский.- Алматы, 1987.22. Бабаев С. Бастауыш мектеп педагогикасы.- Алматы, 2007.23.Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. – Астана, 2006.24.Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика.- Астана, 2007.25.Жарықбаев Қ.Жалпы психология.- Алматы, 2004.27.Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика.- Алматы, 1999.30.Мирозова А.Т. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің кәсіптік шеберлігі. // Ұлағат. 2/ 2000, 3-8 бет. 31.Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. А., 2001.32.Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыу. А., 2004. 33. Аймағанбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - А., 2003.34. Сабақ беру тиімділігін арттыру. / Құрастырған Б.Сманов. - А., 1989.35. С.Н. Жиенбаева. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселелері. / Бастауыш мектеп, №2, 2007.37. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. А. Айнақұлова. / Бастауыш мектеп, №1, 2007.