?алалы? семинар саба? ?лгерімі нашар о?ушылармен ж?мыс
№19 орта мектеп
Қалалық семинар сабақ
Тақырыбы:«Үлгерімі нашар оқушылармен
жұмыс»
Утесинова Ж.ИЖаңаөзен қаласы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.
Сабақтың мақсаты : Төрт түлік малдың пайдасымен,тіршілік табиғатымен,қадір –қасиетімен танысыру,шаруашылықтағы маңызы жөнінде түсінік беру.
Міндеті: Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, төрт түлік малдың пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі: Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
Жаңа тақырып туралы түсінік қалыптасады.
Тапсырманы орындай отырып,өз пікірін жеткізе алады.
Оқушы өз ойын талдай алады.
Кейбір оқушылар топтық жұмыс көмегімен берілген тапсырманы орындай алады.
Көрнекілігі:Суреттер,төлдер суреті,сызбалар,мақал,жұмбақ,интерактивті тақта.макеттер,маркер,желім.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық.
2.Оқушыларды топқа бөліп отырғызу(түстерді таңдау арқылы,сұрақтарға жауап беріп,топқа бөліну)
ІІ.Үй тапсырмасы «Бесік жыры» туралы әңгімелеу.
-Бесік жырынан үзіндіні жатқа сұрау.
Сұрақ:
-Қандай жыр түрлерін білесіңдер?
-Лиро-эпостық жырлар
-Батырлар туралы жырлар
-Төрт түлік туралы жырлар
-Бесік жырлары
-Тұрмыс салт жырлары:беташар,сыңсу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда төрт түлікке арналған жырлармен танысамыз.
-Жұмбақтар шешу арқылы топтардың атын қою.
«Құлыншақ»тобы
-Қамыс құлақ,тостаған тұяқ.
Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. (Жылқы)
«Қошақан»тобы
-Өзі жуас,өзі момын.
Бір шешпейді тонын. (Қой)
«Бұзауқан»тобы
-Екі айнасы бар,екі найзасы бар. (Сиыр)
-Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдар бағалы. (Түйе)
-Басында таяғы бар,төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар. (Ешкі)
Кіріспе сөз
Жұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты?Жылқы,қой,сиыр,түйе,ешкі барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
-Төрт түлік мал.
Қазақ ежелден мал бағумен айналысқан.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Малдың еті,сүті,жүні,терісі,мүйізі,сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе- көлігі,тұтынса-бұйымы да осы болған.
Кең даланы еркін шарлап,көшіп- қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты екені белгілі.
«Малым-жаным садағасы,жаным-арымның садағасы»деген ата-бабаларымыз.Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы.Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.
Әр малды өсу жолына қарай былай атаған:
Сиыр-бұзау,баспақ,тана,торпақ,тайынша,қашар,құнажын,дөнежін,сиыр,өгіз,бұқа.
Қой-қозы,көбеген,марқа,көрпеш,тоқты,бағлан,ісек,қошқар,саулық,қой.
Ешкі-лақ,туша,бөрте,шыбыш,серке,теке.
Түйе-бота,тайлақ,буыршын,інген,атан,бура.
Жылқы-құлын,жабағы,тай,құнан,байтал,дөнен,қулық,бесті,бие,ат,сәурік,айғыр.
Халық ұғымында әр малдың пірі,киесі бар.Түйенің атасы-Ойсылқара,жылқы атасы-Қамбарата,
Сиыр атасы-Зеңгі баба,қой атасы-Шопан ата,ешкінің иесі-Сексек ата.
Төрт түлік малдың пайдасы туралы айту.Еті,сүті,жүні,көлік,терісі.
Төрт түлік малдың топтары:жылқы-үйір,сиыр-табын,қой-отар,түйе-келе.
Мал төлдері: Қой төлі-қозы,сиыр-бұзау,-жылқы-құлын,түйе-бота,ешкі-лақ.
Төлдер енесі өріске кеткенде,қарны ашқандаөздеріне тән дыбыспен маңырайды,мөңірейді,кісінейді,боздайды.
Қай төлді қалай шақырады?
Қой-пұшайт-пұшайт.
Ешкі-шөре-шөре.
Құлын-құрау-құрау.
Сиыр-аухау-аухау.
Бота-көс-көс.
Көктемде мал туады,өрісте туып қалған малдардың төлін иелері жинайды,сол сияқты бізде төлдер жинаймыз.
3. Өлеңді оқып беремін./бейнеролик көрсетіліп тұрады/ ІV. Сөздік жұмыс.
Оқыра ,сәйгел-сиырдың созылмалы ауруы
Мөңкіген-артқы аяғын көтеріп тулауы
Жөңкіген-көп сиырдың топырлап жүруі
Қақтаған-тезегімен ластау
Жамыраған-қозысымен табысуы
Аңыраған-қозысынан айырыларда маңырауы
Қалақтай-үй тұрмысына қолданатын құрал.Бұл жерде кішкентай дегенді
білдіреді.
Бұлақтай-бұл жерде көп дегенді білдіреді
Жасқаған-үркіткен
V.Оқушыларға тізбектей оқыту./әр топ өздеріне тиісті өлеңді оқиды/
VІ.Топтық жұмыс.
1-топ. Жырға сүйеніп құлынды сипатта.
2-топ. Жырға сүйеніп сиырды сипатта.
3-топ. Ешкіні,қойды сипатта.
VІІ.Жеке жұмыс.
Оқушылар карточкадағы төрт түлікке қатысты сұрақтарға жауап береді.
Төрт түлік мал төлін қалай сүйеді?
VІІІ.Шығармашылық жұмыс: «Ұйқасын тап»
«Құлыншақ»тобы
Қоғалы көлде -----------
Қоғаның басын---------
Құраулап оны -----------
Қыл арқанмен -----------
Керекті сөздер: жылқышы,шайнаған,байлаған,жайлаған.
«Қошақан»тобы
Мә-мә деген ---------
Жібек тоны,----------
Қошақаным ----------
Сүйкімді бір -----------
Керекті сөздер: момақан,әні бар,жануар,сәні бар.
«Бұзауқан»тобы
Ырыс көзі-------------
Байлығымын бір -------------
Етім дәмді, ---------------
Сырымды менің -----------
Қажет болса -----------
Балауса --- бар,----- бар.
Керекті сөздер: күшім бар,сиырмын, сүт,қаймақ,ұғып ал,үйдің,шөп,сиыр.
ІX.Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Әр топ өз тобының аты бойынша постер қорғайды.
X.Дебат.-«Мал бағу оңай ма?» XІ.Сабақты қорыту.Үйге тапсырма өлеңді жаттау.«Төрт түлік»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.Жинаған төлдері бойынша топтарды мадақтау.