?йден о?итын о?ушылар туралы баяндама
Үйден оқитын оқушылар туралы баяндама.
Пән мұғалімі: Жиенгельдинова А
Елімізде бала құқығын қорғау туралы заңды іске асыру негізгі міндет болса, білім саласында бала мектептен 11жылдық білімді тегін алып, адамның бар жақсы қасиеттеріне тәрбиеленеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар. 18 жасқа дейінгі денсаулығына, жүйке ауруына байланысты, өмір сүруі шектеулі, туа біткенен бастап аурулы, жарақаты бар, белгіленген тәртібіне байланысты болады. Қазіргі заманда мүмкіндігі шектеулі балалардың да жақсы білім мен тәрбие алып шығуына да мүмкіндіктер жасалған.
Үйде оқитын оқушының құжаттары, басқа да керекті жүргізіліп отыратын іс қағаздарын «Үйде оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы әдістемелік білдірмелер»- ге сүеніп жасаймын.
Үйде оқитын оқушыға арналған керекті құжатар тізімі:
Үйде оқуға қажетті құқұқтық іс қағаздар.
Білім беру жүйесін ұйымдастыру.
Оқу сабағы жүктемесі, оқыту әдістері.
Оқу жоспарын жасау.
Үйде оқыту туралы тексеру нұсқаулары.
Оқушыларға жыл басында тексеріп, бекітілген күнтізбелік жоспар бойынша сабақ өтіп жатыр. Аптасына 10 сағат: 1 сынып оқушысына 6 сағат (2 сағат математика, 2 сағат сауат ашу, 1 сағат дүниетану, 1 сағат жаратылыстану), қалған оқушыларға информатика 1 сағаттан.Оқушыларға мектептеп кітапханасынан математика, қазақ тілі, әдебиеттік пән оқулықтары берілген. Сонымен қатар оқушыда оқу құралдарының барлығы бар.
Сабақ 1 сыныпта 1 сағат 25 минутқа созылады, жоғарғы сыныптарда 35 минуттан өткізіледі
Күнделікті сабақ жоспары мына түрде жасалады:
Күні-айы: Пән атауы: Сабақтың тақырыбы: Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік: Сабақ көрнекілігі: Сабақтағы мұғалімнің іс-әрекеті:
Мұғалімнің талаптарына сай оқушының іс әрекеті:
Мұғалімнің бақылауы(+,-):
Оқушының ата-анасына нұсқау беру:
Ата-анасының қолы:________________________
Сынып жетекшісінің қолы: _________________
Мен сабағымды жобамен мынадай үлгіде өткіземін. ? Сабағымды 5мин ұйымдастыру кезеңіне жіберуден бастаймын, оқушының көңіл күйін бақылап, сабаққа дайындаймың. 5мин 2,3мин үй тапсырмасын сұраймын (көп уақытта берілмейді), 10мин сабақ түсіндіруге жіберсем, 10 мин жазба немесе, оқу жұмысына жіберемін, 5мин үйге берілген тапсырманы түсіндіремін. 2мин үй тапсырмасын жазып бағасын айтуға кетеді.
Оқушының әр сабақтағы көңіл күйі, мінез құлқы, қатысуы туралы күделік толтырылып отырады.