?аза? тілінен ашы? саба? Сын есім (2-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы білімді бекіту
Білімділік: Сын есімдерді ажырата білу. Сұрақтар қойып басқа сөз таптарымен ажырату.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, ынтымаққа, өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың сауаттылығын ауызша жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын
молайту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, ұлттық ойындар, тірек-сызба.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушының құралын тексеріп, сабаққа дайындау.
-Балалар бүгін сіздердің білімдеріңізді мына фигуралар арқылы бағалаймыз.
Төртбұрыш, үшбұрыш, бесбұрыш. Сабақ соңында әр қатардың жинаған фигураларын жинаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы ойын арқылы пысықтап, тексеру.
Бүгін ерекше күн. Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық мерекесі. Мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналады. Біз бүгін сол ойындардың бірнешеуін ойнаймыз.
Сын есімнің сұрақтарын айт.
Сын есім дегеніміз не?
Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Жалпы есім, жалқы есім дегеніміз не?
Зат есім дегеніміз не?
“Бәйге” ойын
«Кім жылдам?» ойыны
Зат есім Етістік Сын есім
Жаңа сабақ :
-Балалар дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.
Көркем жазу: АА аа
Асқар, Алатау, Айдын.
Оқулықпен жұмыс: 149-бет.
1-тапсырма. Ребус шешу. 419-жаттығу.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
2-тапсырма. «Ханталапай» ойыны. 418-жаттығу.
Сөздерді зат есімдермен байланыстырып жазу.


Жуас, таза, биік, сұйық, жүйрік, ұзын
Сергіту.
3-тапсырма. «Сақина тастау» ойыны. 320-жаттығу.
Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеу.
Адал, кең, жіңішке
Шығармашылық тапсырма:
құстар сайрайды,
дала жайнайды.
гүлдер құлпырып,
Бізге қуаныш сыйлайды.
4-тапсырма. Суретпен жұмыс.
«Наурыз нақыштары» мәтініндегі сын есімдерді тауып сұрақ қою.
Көңілді көктем келді. Анам әдемі көйлек киді. Балалар әсем ән салып биледі. Әжем тәтті бауырсақ пен көже пісірді.
Үйге тапсырма беру.
Қорытынды.
Бағалау. Әр қатардың жинаған фигуралар санын есептеп бағалау.