К?птік жал?ау (2 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Көптік жалғауы
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдПәнаралық байланыс:әдебиеттік оқуСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ. Психологиялық дайындықШаттық шеңбері
Білер қазақ баласы,
Сәлем- сөздің анасы.
Алдымызда отырған,
Қонақтарға ізетпен,
Біздер сәлем береміз!
Оқушылардың оқу құралдары түгелденіп, бүгінгі сабақтың ерекше екендігі айтылады және қонақтар келіп отырғанын ескертемін
ІІІ. Өткенді пысықтау -Үйге қандай тапсырма берілді?
1) 142-бет 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жекеше, көпше айтылған зат есімдерді табу. Өлең мазмұны бойынша әңгіме құрастырып жазу.

- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?- Көптік жалғауларды ата.Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту

Жүзім -жүзімдер ,Қарбыз - қарбыздар.
Кітап -кітаптар Мағынаны тани білу
3.Жаңа сабақ
- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алайық. Ақпанның 24-і. Көптік жалғауы.Көркем жазу (Оо) Омар, қоңыз, орамал, қораз.
1-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жазу.
Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).
2-жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жазу.
Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы, балалар.
кім? не? кімдер? нелер?

Сәйкестендіру тесті.Қалам..........................ларЖануар.......................лерКілем..........................дарИт................................дерИне..............................тарДоп..............................тер
3-жаттығу. Н.Әлімқұловтың «Тау көрінісі» өлеңін мәнерлеп оқып, көптік жалғауы бар зат есімдерді теріп жазу. Қия сөзіне түсінік бер
ҚИЯ – Бip жағына қарай қисайған, құлама, тік. ~ жартас, ~ бет, ~ жол.Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазуБұлттар, боталар, жоталар (тақтада орындалады )

Сөздік диктанты.
Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық.
Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық.
Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр
Сергіту сәті
Ал,балалар,тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып,бір тұрып,
Бір отырып,бір тұрып.
Орнымызды табайық
Өлең құрастыра білеміз бе?
Көктем (не?) келіп
Құстар (нелер?) оралды.
Балалар (кімдер?) қуанып.
Ұялар (нелер?) жасады
4-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Көптік жалғауы жалғанған зат сімдерді жекеше түрге айналдырып жаз.
Бақалар судан жағаға шықса,күн жауады.Бозторғайлар күн ашылғанша қар астында жатады.Саятшылар қыста аңға шығады.Аңдарды тормен де ұстайды.Қалың қар жауғаннан кейін қасқырды ізіне түсіп аулайды.
«Көптік жалғауын дұрыс жалға» ойынын жүргізу. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.
Гүлдар, оюдар, кітаптер, оқулықдар, кемедер, судар, суреттар, көршідер.


Сабақты қорыту.
«Кім жылдам?» ойыны. Қай топ көп жазса, сол топ ұтады.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Аналар Әкелер Балалар
Апалар Әжелер Борлар
А Ағалар Ә Әндер Б Бәтеңкелер
Аңдар Әншілер Барыстар
Бүгін не білдік? (Көптік жалғауларын.)
Зат есімнің түрлері? (Зат есімнің жекеше және көпше түрін.)
Сұрақтары қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
Көптік жалғауларды атап бер? (- лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер)
ҮІІ. Бағалау.Ү. Үйге: 4– жаттығу. Ереже жаттау.