Презентация Е? кіші орта? еселік та?ырыбына есеп шы?ару


Тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару1. Білімділігі: Ең кіші ортақ еселік туралы мағлұмат беру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу. Тақырыпты еске түсіру 1)Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік, болатын ең кіші натурал санды ең кіші ортақ еселік деп атайды.Мысалы: ЕКОЕ (8, 16 ) = 162)Егер берілген натурал сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік олардың көбейтіндісі болады.Мысалы: ЕКОЕ (5;7) = 35, ЕКОЕ (5;11) =553)Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.Мысалы: ЕКОЕ (57; 19) = 57 Сергіту сәтіҮстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Бір сан ойла, енді ойлаған саныңызды 2-ге көбейтіп, оған 10-ды қосып, оны 2-ге бөліңіз де, ойлаған саныңызды алып тастаңыз. Қорытынды1. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтамыз?2. Сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы ең кіші ортақ еселікті табуды түсіндір. 3. Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, ең кіші ортақ еселікті қалай табуға болады?4. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз? Есеп шығаруТақтада және өз бетінше есеп шығару:№ 710, 711, 714Қосымша № 712,715 БағалауКритерий бойынша топ басшыларының бағалауыЖоғары деңгейде қатысқан топқа «Себеттегі гүл» сыйлау Үйге тапсырма § 4.8 сұрақ 1-4, № 716, № 720, 722 Рефлексия Сабақтың жүргізілуі бойынша өз пікірлерін стикерге жазу Үйге тапсырма жазу