Ашы? саба? БИОЛОГИЯ ?ЛЕМІНЕ САЯХАТ
left116205
НУРАЛИЕВА Асем Тилеулесовна
Алматы облысы
Панфилов ауданы
«Айдарлы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі Биология 7 сынып
БИОЛОГИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Мақсаты:
1.Білімдік: Оқушылардың биология курсы бойынша алған білімдерін бекіту, тереңдету, жан-жақты мәлімет беру, толықтыру және қорыту.
2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін, танымдық қабілеттерін және пәнге қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа адамгершілікке баулу
Сайыс шарттары:
1-кезең ־ “Бәйге
2-кезең - “Сиқырлы шаршы“
3 - кезең - “Дода “
4 - кезең - “Жорға “
1-кезең ־ “Бәйге
1-сұрақ: Тұқым қуалау мен өзгергіштік заңдары туралы ғылым қалай аталады? /генетика/
2-сұрақ: Сүтқоректілердің миы неше бөлімді? /5/
3-сұрақ: Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым қалай аталады? /гигиена/
4-сұрақ: Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен айналысатын ғалымдар? /селекционер/
5-сұрақ: Туыс емес дараларды будандастыру/аутбридинг/
6-сұрақ: Бактерия ішінде дамитын вирус /бактериофаг/
7-сұрақ: Жасушада жүретін ыдырау реакциясы /катаболизм/
8-сұрақ: Нәруыз синтезделетін цитоплазмалық құрылым /рибосома/
9-сұрақ: Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті бактериялар /цианобактерия/
10-сұрақ: Хромосомалардың өзіндік жақындасуы/коньюгация/
11-сұрақ : Қанда және басқа ұлпаларда антидене түзетін организм үшін бөгде заттар /антиген/
12-сұрақ: Жануарлар мен өсімдіктердің гаплоидты жыныс жасушасы/гамета/
13-сұрақ : Эволюция процесіндегі құрылым деңгейін күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі/ароморфоз/
14- сұрақ Популяция құрамындағы даралардың /түр/
15-сұрақ : Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы/популяция/
2-кезең - “Сиқырлы шаршы“
І тақырып :”Өсімдіктану “курсы бойынша
1.Жасушаның мөлдір ,қоймалжың заты /цитоплазма/
2.Шығу тегі,құрылысы ,атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы/ұлпа/
3.Гүл,жеміс,тұқым -өсімдіктің қандай мүшелері? /көбею мүшелері/
4.Күнбағыстың жемісі қалай аталады? /Тұқымша/
5.Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлігі/ күлте/
ІІ тақырып :” Жануартану “курсы бойынша
1.Жаңа Зеландияда сақталған ,ертеден келе жатқан тұмсықбастылар отрядының өкілі/гатерия/
2.Бунақденелілер,шаянтәрізділір,өрмекшітәрізді жәндіктер қандай типке біріктірілген ?/буынаяқтылар/
3.Балықты зерттейтін ғылым саласы/ихтиология/
4.Қолға үйретілген жылқының арғы тегі,жабайы жылқы/тарпан/
5.Құстың ішіндегі ең үлкені/түйеқұс/
ІІІ тақырып :”Тәнтану” курсы бойынша
1.Ми қарыншасының арасындағы сұйықтық/ликвор/
2.Жүрек жұмысы ,тыныс алу ,жұтыну т,б мүшелердің қызметін реттейтін ми бөлімі /сопақша ми/
3.Организмнің ішкі және сыртқы орта әсерлеріне орталық жүйке жүйесі арқылы қайтаратын жауабы/рефлекс/
4.Ересек адамда гипофиз өсу гормонын көп бөлсе қандай ауруға шалдығады /акромегалия/
5.Бүйректің негізгі құрылымдық және функциялық бөлімі/нефрон/
ІҮ тақырып : “Цитология негіздері” бойынша
1.Жасуша теориясының негізін қалаған кім? /Шлейден, Шванн/
2.ДНҚ молекуласының екі еселенуі қалай аталады? /редупликация/
3.Тұңғыш рет 1736 жылы бидай ұнынан желімтіктелген нәруыз алған кім?
/Я. Беккори/
4.Тірі организмдер ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі/вирус/
5.Фотосинтез процесі қандай организмдердің жасушасында жүреді ? /Өсімдік/
Ү тақырып:”Генетика негіздері” бойынша
1.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым/генетика/
2.Генетиканың негізін салушы ғалым: /Г.Мендель/
3.Дигибридті будандастыруда белгілердің ажырауы қалай жүреді 9:3:3:1
4.Мендельдің үшінші заңы: /Белгілердің тәуелсіз ажырау заңы/
5.Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін салушы америкалық генетик /Томас Хант Морган/
ҮІ тақырып :” Эволюция негіздері “бойынша
1.Алғашқы эволюциялық ілімнің негізін салушы кім?/Ламарк/
2.1871 жылы шыққан “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” атты еңбектің авторы /Ч.Дарвин/
3.Организмдердің нақты ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін критерий /генетикалық/
4.Түрден жоғары жүйелік топтардың түзілуі: /макроэволюция/
5.Организмдердің нақты тіршілік ортасына сәйкес алуан түрлі бейімділікке ие болуы./идиадаптация/
3 - кезең - “Дода “
І .Зерттеулер нысаны.
20 20 30 40 40
ІІ.Тарихи деректер
20 20 30 40 40
ІІІ.Ғалымдар
20 20 30 40 40
ІҮ. Қызықты биология
20 20 30 40 40
І .Зерттеулер нысаны.
20 -Ботаника ғылымының қыналарды зерттейтін бөлімі /лихенология/
20 – Ботаника ғылымының балдырларды зерттейтін бөлімі/альгология/
30 –Аңдардың систематикасын және жер шарына таралуын зерттейтін ғылым саласы /териология/
40 –Шаяндарды зерттейтін ғылым саласы /карцинология/
40 –Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым саласы /антропология/
ІІ.Тарихи деректер
20 –1924 жылы А.И.Опарин ұсынған болжам//коацерваттар теориясы/
20 – 1868 жылы Ф.Мишер ғылымға қандай жаңалық енгізді ? /нуклеин қышқылы/
30 – 1883 жылы орыс ғалымы И.И.Мечниковтың жасаған теориясы қалай аталады?/фагоцитоз теориясы/
40 – 1900 жылы К.Ландштейнердің ашқан жаңалығы қандай? / адамның қан тобы/
40 – 1898 жылы орыс ғалымы С.Г. Навашин қандай зерттеулерді жарыққа шығарды?/өсімдіктердің қосарлы ұрықтану/
ІІІ.Ғалымдар
20 - Қазақстаннан шыққан ,тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі ”Өсімдіктану” атты оқу құралын /1927,1930 ж. / басып шығарды. Ол жиырма жасында ауыл шаруашылық мектебін бітіріп ,егіс және мал шаруашылық маманы атанды./Жұмақан Маусымбайұлы Кудерин/
20 – Зоотехник,биология ғылымдарының кандидаты,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.Қазақтың арқар – меринос қойын,жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі. /А.Ы.Жандеркин/
30– Жануарлар әлемін жүйелеу ісінде білгірлік көрсеткен швед ғалымы .Ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушы, ағзаларға қосарлы атау беруді ұсынды./К.Линней/
40 – Биология ғылымдарының докторы,академик. Қазақстанда молекулалық биологияның дамуына зор үлес қосты.Молекулалық биология және биохимия институтын ашып,оның тұңғыш директоры болды. 1964 жылы информасоманы ашқан. /М.А.Айтқожин/
40 – Америкалық биохимик ,нәруыздың екінші реттік құрылымының теориясын тұжырымдаған. “Орақ пішінді” анемияның пайда болу себептерін ашты. /К.Л.Полинг/
ІҮ. Қызықты биология
20-Қалақай өсімдігі неге шағады? //Қалақай өсімдігінің барлық мүшесінде құмырсқа қышқылы бар. Түктері арқылы денеге өтіп күйдіреді.
20- Жыртқыш өсімдіктер қай жерде өседі? Олардың қоректенуін түсіндір,бұл қандай өсімдік?/ Шықшылдық, шыбынжұт- бунақденелілермен қоректенеді/
30-Бұл өсімдік дүниедегі ең үлкен гүл.Оның тамыры ,сабағы ,жапырағы болмайды. Жабысқақ тұқымдарынан жіңішке жіпшелер өсіп шығып ,басқа ағаштардың діңдері мен тамырларын орайды да ,біртіндеп өне бастайды. Тоғыз айдан кейін ағаш діңінде үлкен қызыл гүл өсіп шығады.
Сұрақ: Бұл өсімдіктің гүлінің ұзындығы қанша және қалай аталады: /Раффлезия Арнольди диаметрі-1 м, салмағы-14 кг/
40- Бұл өсімдік құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік. Ол18-25 метрге діңінің орамы 4-10метрге дейін жетеді. Кейбіреулері 5000 жылға дейін тіршілік етеді .Саваннаның құрғақ,ылғалды маусымдары мезгіл-мезгіл ауысуы кезінде жапырақтарын түсіреді, сөйтіп бұтақтары сидиып қалады.
Сидиған бұтақтарында ірі жемістің ілініп тұруы ерекше көрініс.
Сұрақ: Бұл қандай ағаш және оның жемісін ,тұқымын,қабығын қандай мақсатта пайдаланады?/құлқайыргүл тұқымдасына жататын-Баобаб, тұқымы мен жемісі-жеуге жарамды, қабығынан қағаз жасайды/
40- Пиязды ежелгі адамдар да білді. Ғалымдар пияздың мәдени дақылға айналуын жыл санауға дейінгі 4000-жылға жатқызады. Испандар Х-ХІ ғасырда пияз өсіруден үлкен жетістікке жетіп, әйгілі ірі пиязшықты испаниялық тәтті іріктемелер шығарған. Пияз - бағалы дәрілік өсімдік. Ол қанда холестерин деңгейін жояды, баспаны, іріңді жараны, жүрек ауруын емдеуге қолданылады. Жылан шаққанда жәрдемі тиеді, авитаминозға көмектеседі.
Сұрақ: пияз бен сарымсақ құрамында болатын қандай зат? Оның қасиеті қандай ?/фитонцид- бактерияны жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданады/
4 - кезең - “Жорға “
Менің биология әлеміне жасаған саяхатым Ұнады, өйткені...