Библиотечный урок на тему Кітапхана-?ажайып ?азына


Тақырып: «Кітапхана - ғажайып қазына»
Мақсаты:Оқырмандарға кітап таңдауда көмек беретін библиографиялық құрал туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету. Анықтамалық- библиографиялық аппарат туралы бұрын алған білімдерін толықтыру. Оқушының білім, білік дағдысын тексеру.
Дамытушылығы: шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: өздігінен жұмыс істеуге баулу, ой тұжырымдауға, шапшандыққа, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: пысықтау, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, пікір алмасу, өз ойын ортаға салу, баяндау.
Көрнекілік – түрлі тақырыптағы көрсеткіштермен безендірілген дәстүрлі түрдегі көрме, және слайд, түрлі-түсті гүлдер (қызыл, сары, жасыл).
Цитата: «Библиография – білімнің кілті»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқырманмен сәлемдесу;
ә) Топқа бөлу, топбасшысын сайлау;
б) Сабаққа назар аудару;
ІІ. Ой қозғау
ІІІ. Сабақты бекіту. «Сауалнама»
Кітапханашы:Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар, бүгінгі сабақтың мектептегі сабақтан айырмашылығы, ол кітапханалық сабақ. Сауатты оқырман болу үшін сіздер кітапханадағы көрсеткіштерді пайдалану арқылы өздеріңізге керекті мәліметтерді таба білулеріңіз керек.
Сіздер кітапханаға келгенде алуан түрлі кітаптар мен мерзімді басылымдарды көресіздер. Олардың саны өте көп! Өзімізге керектіні тап басып қалай іздеп табамыз? Бұл жерде сіздерге көрсеткіштер көмекке келеді. Сондықтан олармен жұмыс істей білу ауадай қажет.
І. Ұйымдастыру кезең
Кітапханашы: Алдымен топқа бөлінейік (бала санына қарай), әр топтың топбасшысын сайлайық. Сабағымызды бастамас бұрын:
Библиография дегеніміз не?
Библиографтар дегеніміз кім? деген сұрақтарға анықтама берейік.
Библиография дегеніміз гректің «библио – кітап», «графо – жазамын» деген мағынаны білдіреді.
Библиографиямен айналысатын адамдарды библиографтар дейміз. Библиограф кім қандай кітап оқу керегін саралап, оқырманды кітап мұхитынан өз қажетін тауып алуға бағыттап көмектесетін ғалым, маман деуге болады. Олар оқырмандарға сондай – ақ анықтамалық аппараттармен жұмыс істеуді үйретеді. Газет – журналдарда қандай мақала, қай салада басылып шықты, экономика мен саясатта не жаңалық болды солардан дер кезінде хабар беріп отыратын ақпаратшы. Әр кітапхананың ақпараттық – библиографиялық бөлімі, кітапхананың «миы» боп есептеледі. Библиография барлық білімнің кілті. Сол кілтті дұрыс пайдалана білу керек.
Егерде оқырман «тақырып таңдауда», «не оқу керек?» деп қиналса бұл мәселені шешуге библиографиялық көрсеткіштер, әдебиеттер тізімі көмекке келеді.
Алдымен жалпы библиографиялық кұралға түсінік беріп өтейік.
Библиографиялық  құрал  библиографиялық қызмет көрсету және  библиографиялық  ақпаратты пайдалануға арналған  библиографиялық  өнімнің негізгі түрі. Онда  библиографиялық  өнімнің атқаратын негізгі қызметтері толық жүзеге асырылады.
 Библиографиялық   құрал  - бір ғана библиографиялық  сипаттамадан (бір библиографиялық  плакат) бірнеше миллион  библиографиялық сипаттамадан тұратын ірі кітапханаларға арналған каталогтар түрінде шығарылуы да мүмкін.
 Библиографиялық   құрал  – белгілі тәртіппен реттелген библиографиялық  жазбалар жиынтығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасында ұлттық кітапханасының ұлттық библиография бөлімі құрастырған, 1991 жылы жарық көрген “Қазақ ССР-нің құрылғанына 70 жыл” деген көрсеткішті айтуға болады. Бұл  библиографиялық   құрал-көлемі  жағынан да, құрастырылған саласы жағынан да мейлінше ауқымды еңбек.
Библиографиялық құралдар негізінен үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: тізімдер, шолулар, көрсеткіштер.
Билиографиялық тізім - библиографиялық жазбалардан тұратын ең қарапайым әдебиеттер тізімі.
Библиографиялық шолу - ол жаңа кітаптар туралы әңгіме. Онда библиографтар жаңа кітаптар туралы ғана айтып қоймайды, сондай-ақ кітапқа баға беріп, оқырмандар осы кітаптарды алып оқу үшін оның қызығушылығын тудырады.
Библиографиялық көрсеткіштер дегеніміз не?
Библиографиялық көрсеткіштердің сырты кәдімгі кітапқа ұқсағанымен ішкі мазмұны мүлде басқа. Себебі оларды «басқа кітаптар туралы кітаптар» деп те айтамыз. Олардың құрылысы күрделі. Көрсеткіштер мазмұнына сәйкес түрлі көмекші құралдармен жабдықталады (есімдер, тақырыптық, географиялық атаулар көрсеткіші).
Бұл құралдар кімдерге арналғанына байланысты ұсыныс, ғылыми – көмекші болып, мазмұнына қарай көп салалы, тақырыптық, дербес, және мемлекеттік болып бөлінеді.
Біз бүгін тек библиографиялық көрсеткіштерге тоқталамыз.
Қымбатты оқырман, енді назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын, бұнда библиографиялық көрсеткіштердің түрлері берілген.
Мысалы:
«Көркем сөздің құлагері», «Тұңық жырдың тұмасы» дербес көрсеткіштерге жатады, себебі олар тек жеке тұлғаға арналған.
«Балаларға –Маңғыстау туралы» көп – салалы көрсеткішке жатады. Себебі бірнеше саланы қамтыған.
«Қазақстаннның қара алтыны : Маңғыстау мұнай газ туралы», «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелері» тақырыптық көрсеткішке жатады, себебі жеке бір тақырыпқа арналған.
Кез - келген басылым секілді, библиографиялық   құрал  да мұқаба парағымен ашылады. Онда көрсеткішті шығарған мекеменің атауы, бөлімі, көрсеткіш аталымы, шығарылу түрі, шығарылу орны және жылы көрсетіледі.
Мұқабаның ішкі бетінде құрастырушылар мен безендірушілері көрсетіледі.  Құралдың  құрылымдық бөлімдерін (кіріспе сөз, негізгі мәтін, көмекші көрсеткіштер және т.б.) әр түрлі шрифтер қолданылады.
Алғысөзден не біле аламыз балалар?
Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын  құралдың  өзінде алғысөзбен ашу керек.
Алғысөз көрсеткіштің не мақсатта құрастырылғанын, оның қандай бөлімдерден тұратынын, ол бөлімдердегі кітаптар тұралы, есімдер көрсеткіші, пәндік көрсеткіш жайлы мағлұмат береді. Құрастырушы, редакторы, егер аудармашы болса сол туралы қысқа айтылады. Көрсеткіштерді қалай пайдалану керектігін де осы алғысөзді оқып барып білеміз.
Көмекші көрсеткіштерге не жатады және қандай мағұлмат береді?
Есімдер көрсеткіші керекті адам туралы қай беттен қарау керектігін, тақырыптық көрсеткіш керекті тақырыптың қай бетте орналасқаннын көрсетеді.
Көрсеткішті пайдалану үшін не істеу керек?
Алдымен көрсеткіштің кімге арналғанын білу керек. (Кіші сынып оқушыларына ма, орта буынға ма, әлде жоғары сынып оқушыларына ма).
Библиографиялық құралдарды негізгі үш формаға бөлуге болады: картотека (каталог), жеке библиографиялық басылым, библиографиялық емес құралдар (кітап, журналдар, газеттер). Кітап ішіндегі, журнал ішіндегі, мақала ішіндегі библиографиялық құралдар. Мысалы үшін біздің кітапханада төмендегідей каталог пен картотекалар бар: әріптік каталог (бұнда кітапханада бар кітаптардың тізімі әріптік ретпен орналасқан), Маңғыстау облысы мақалалардың жүйелі картотекасы ( Маңғыстау облысына қатысты сала-сала бойынша мәліметтер жинақталған).
ІІ. Басылымдар керуені-                Балалар, бүгінгі сабағымыз кітапхананың
Сіздерге ұсынатын көптеген көрсеткіштермен таныстыру. Ол мақсатқа жету үшін бізге төрт аялдамадан тұратын«басылымдар керуені» көмектеседі.
Тапсырма. Экранға назар аударайық:
Дербес көрсеткіш деп не себебтен аталады?
Көп саладыға қандай көрсеткіш жатады?
Библиографиялық көрсеткіштердің түрлерін атаңдар?
Көмекші көрсеткіштерге не жатады және қандай мағұлмат береді?
Кәсіпорынға арналған болса, оны қай көрсеткіш түріне жатқызамыз?
Көп ұпай жинаған топқа гүлдер беріледі.
2.«Мағынаны тану» аялдамасы.
Мәтінмен топтық жұмыс.
Әр топқа мәтін беріледі, сол мәтін бойынша топ мүшелері бірігіп кім немесе не туралы екенін анықтайды. Үздік шыққан топқа блокнот беріледі.
Сергіту сәті.
Тынығып, дем аламыз, денемізді сергітеміз, ойымызды тазартамыз.
Мысалы:
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адымБiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
«Зейінділер»      аялдамасы.
Бұл аялдаманың тапсырмасы «шатастыру», алдымен жүргізушіні сайлап алады. Қалғандары бір-бірінің қолдарынан алып, шеңбер істейді. Жүргізуші мұқият көріп алып, шығып кетуі керек. Жүргізуші жоқ кезде қолдарын жібермей, орындарын ауыстыру керек.
Жүргізуші кіргенде кім қай жерде тұрғанын табу керек. Ойын осылай қайталана береді.
   4. «Тапқырлар» аялдамасы.
Оқырманның таным-білім қабілеттерін дамыту мақсатында екі топқа бірдей жұмбақ қойылады.
Жұмбақтар: (экранға назар аударыңыздар)
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адамның ісін істейді. (кітап)
Аяғы жоқ жүреді,
Ауызы жоқ сөйлейді. (хат)
Бір қобди дүние жүзін бағалаған,Әсемдеп, талай адам қамалаған.Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,Ашылса табылар еді не қалаған. (білім,кітап)
Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.
(бес саусақ пен қалам)
Ақ жерде, қара тары,
Кім шашса сол орады. (хат таныған адам)
Жапанда бір нәрсе бар ауызы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.
(кітап, оқу)
ІІІ. Сабақты бекіту. «Сауалнама»
    Сабақ ұнадыма?
    Кітапханаға келген уақытты босқа кетті деп ойлайсыңдар ма?
    Не үйреніп, не білдіңдер?
    Келесі жолы не туралы білгілеріңіз келеді?
Кітапханашы: Ал, енді балалар осы өткен сабағымыз бойынша не түсінгендеріңізді тексеріп көрелік. Ол үшін сіздермен тест түрінде сайыс өткізейік (ауызша). Әр топқа сұрақтар қойылады.
Экранға назар аударайық.
Бірінші топқа берілетін сұрақтар:
1. Сұрақ:«Қазақ жырының алдаспаны» атты библиографиялық ұсыныс көрсеткіш, көрсеткіштердің қай түріне жатады?
1. Дербес2. Тақырыптық
Жауабы: 1. Дербес (ұйткені бір адамға арналған, солай ма балалар).
2. Сұрақ:Алғысөз не береді?
1. Мазмұнын
2. Көрсеткішті қалай пайдалану керектігінЖауабы: 2. Көрсеткішті қалай пайдалану керектігін3. Сұрақ:Көрсеткіш кімдерге арналғанын қайдан қараймыз?
Алғысөз
Есімдер көрсеткіші
Жауабы: 1. Алғысөз
Екінші топқа берілетін сұрақтар:
1. Сұрақ:О. Бөкей туралы мағлұмат алу үшін қай көмекші көрсеткішке жүгінеміз?
Географиялық атаулар көрсеткіші
Есімдер көрсеткіші
Жауабы: 2. Есімдер көрсеткіші
2. Сұрақ:«Маңғыстау облысының экологиялық мәселелері» библиографиялық көрсеткішін, көрсеткіштердің қай түріне жатқызамыз?
ДербесТақырыптық
Жауабы: 1. Тақырыптық
3. Сұрақ:Библиография деген сөздің мағынасын түсіндір?
Жауабы: (Библиография дегеніміз гректің «библио – кітап», «графо – жазамын» деген сөзінен шыққан).
Тур бойынша қорытынды шығарылады. Жеңген топқа «Алтын кілт иесі» деген атақ беріледі.
Қорытынды:
Балалар, бүгін сіздер библиография ғылымы, библиография мамандары, библиографиялық көрсеткіштер туралы толық мағұлмат алдыңыздар. Енді кітап таңдау барысында библиографиялық көрсеткіштерді пайдалана алтындарыңызға біз сенімдіміз. Білімдеріңіз шыңдала берсін! Келесі сабақта жүздескенше балалар, сау болыңыздар!