Коучинг Диалогтік о?ытуда сура? т?рлеріні? тиімділігі неде?
Ермекбаева Фарида
Орыс тілі пән мұғалімі.
«Сырдария» жалпы орта мектебі
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: Диалогтік оқытуда сурақ түрлерінің тиімділігі неде?
Мақсаты:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер туралы жаңа көзқарастар қалыптастыру
2. Мұғалімдерге диалогтік оқыту қызығушылығын дамыту жолдарын үйрету.
3. Диалогтік оқытудың сөйлеу дағдыларына тиімділігіне мұғалімдердің көзін жеткізу.
Оқу нәтижесі:
Диалогтік оқыту сабақта басым екенін түсінеді, оқушының сабақта өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеуіне көбірек мән береді.
Диалогтік оқыту туралы түсінік алады.
Негізгі идеялар:
«Оқу мoделiн oқушы диалог құру нәтижеci арқылы бiлiм алады» Выготский (Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-99 беттер).
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Мультимедиа тақта, стикерлер, плакат, түрлі-түсті қағаз, маркер.
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Жемістер мен көкөністер суреттері беріледі
Бейнежазба ұсынылады 3 мин
2 мин Топқа бөлу
«Мотивация Мақсатқа жету жолдары»
Жемістер мен көкөніс сурет арқылы топқа бөлінеді
Бейнематериалды көріп, өз ойларын қортындылайды
2 Сабақтың тақырыбын , мақсатын ашу Бейнежазба ұсынылады
2 мин «Егіздердің әңгімесі» Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындайды .
«Миға шабуыл» 1)Диалог дегеніміз не?
2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3) Оның сабақта атқаратын рөлі қандай?
4) )Сұрақтың қандай түрлері бар?
8 мин Мұғалімдерге сұрақтарды ұсынады. Ойларын жинақтайды
Әр топ өз ойларын жеткізеді
Теориялық мәлемет беру Әңгіме дебат,
Кумулятивті әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
дегеніміз не?
7 мин Презентация арқылы диалог оқыту туралы мәлеметке тоқталып өтеді
Әңгіме дебат :
Пікірлер арасында әр түрлі қарама қайшылықтар болады , әркім өзінің ойын растайды.
Кумулятивті әңгіме
Онда оқушылар басқалардың пікірімен келіседі, қабылдайды.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеушілік әңгімені жүргізу үшін оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады, бірнеше жауаптан тұратын немесе бірнеше идеялар айтылатын,
оқушылардың міндеті – ұсыну, дәлелдеу, қорытынды жасау.
Әр оқушы орынды, нақты ақпарат береді.
Әр оқушының идеясы талқыланады, бағаланады.
Оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
Айтылған ойларға дәлелдер келтіріп, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, келісімге келуге тырысады.
Проблемалық мәселелер қойылады.
Оқушылар ақпараттарды жинақтап, проблеманың шешу жолын қарастырады.
Диалогті оқыту ішіндегі әңгіме түрлері туралы түсінік қалыптасады,
сұрақ түрлері туралы мағлумат алады
Топтық жұмыс 1.Мәтінмен жұмыс беріледі .
2. Осы аталған сұрақтарда Блум таксаномиясы бойынша кезеңдерге орналастырып және дәлелдеу
15 м ин Екі топқа мәтін беріледі ,
Блум таксаномиясы бойынша жасалған ҚМЖ үлгісі үсынылады
Пәндеріңізде қалай қолданатындықтарыңызға мысал келтіріп бере аласыздар ма?
Екі топқа мәтін беріледі, сол мәтінге екі топ бір біріне сұрақтар әзірлейді.
Мәтінді Блум таксаномиясы кезеңі бойынша орналастырады және дәлелдейді
Сергіту сәті
«Алақан» жаттығуы
3 мин Алақан суретін салып Әр қатысушы өзінің алақаның салып бес жақсы қасиеттреін жазады және көршісіне ұсынады, көршісі толықтырады
Ой жинақтау
«Өрмекшінің торы» Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?
Диалогтік оқытудың маңызы неде екен?
-Диалогтік оқыту оқушылардың білімін, ойлау қабілетін арттыра алады ма?
5 мин Ой жинақтау ретінде «Өрмекші торы» әдісін қолданады Мұғалімдер бір біріне сұрақ қоя отырып кері байланыс жасайды
Дереккөздер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.» 26-28 бет
Диалогтік оқытуда сурақ түрлерінің тиімділігі неде?тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған
жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Әрбір сабақта сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелей отырып, өз ойларын айтуға, тақырыпты талдауға диалогты оқытудың тиімділігін түсіндім.
Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Диалогтік оқыту дегеніміз не? Оның сабақта атқаратын рөлі қандай? Осы сұрақтардың жауабын мұғалімге нұсқаулықта былай деп береді:
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Литлтон мен Мерсер зерттеулерінде диалогтік тәсілдің сыныпта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қоса, олардың білімдерінің өсуіне зор үлес қосатынын көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. «Мұғалім-оқушы», сондай–ақ «оқушы- оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-бет). Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелейді және дамытады. Cабақта диалог маңызды рөл атқарады. Александердің диалогтық оқытуына сәйкес көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді деген тұжырымдамасы бар. Ол диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Ал, Барнс сыныпта тілдің соғұрлым жиі қолданылуы оқушылардың білім алуына барынша ықпал ететінідігін айтады. Мерсердің айтуынша, диалог барысында оқушылар, сонымен қатар олардың мұғалімі де, келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтынын және білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылатынына көз жеткізеді. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологиялар енгізу басты мақсатымыз болып отыр.
Коучинг деп қажетті мақсаттардың орындалуына бағытталған сенімді орта құру өнерін айтамыз. Коучинг саналы түрде өзінің алдына мақсат қойып, соған жетуге талпынушылар үшін керек. Коучинг мақсаты - дағдыларды жетілдіру, құзіреттілікті дамыту және маман жұмысының тиімділігін дамыту болып табылады.
Коучинг барысында мұғалімдер диалогті оқыту ішіндегі әңгіме түрлері туралы терең мағлумат алды , өздері практика арқылы сұрақ түрлерін сабақ барысында қай кезеңінде қолдану тиімді екеніне қол жеткізді. Блум таксаномиясы бойынша жоспар құрылды және сол кезеңдерге түрткі , бағыттаушы сұрақтарды тиімді қолдана білді, дербес білім алуға көмектеседі. Қатысушылар жеміс мен көкөністер суреті мен топқа бөлінді . Коучингтің психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Мотивация Мақсатқа жету жолдары» атты бейнежазба ұсынылды. Бұл бейнежазбаны көрсету мақсатым: Алға жылжу, ешбір қиындықтан қорықпау , мақсатқа жету үшін талпынысқа шақыру» Коучингтің тақырыбын ашу мақсатында «Егіздердің әңгімесі» атты бейнежазба ұсынылды.
Келесі кезең «Миға шабуыл» әдісімен қатысушыларды ой түйіндеу ретінде 1)Диалог дегеніміз не?
2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3) Оның сабақта атқаратын рөлі қандай?
4) )Сұрақтың қандай түрлері бар
. Топ мүшелерінің әрқайсысы өз пікірлерін айта отырып, ортақ шешім келіп постер арқылы өз ойларын қортындылады.
Осы арада мұғалімдерге қосымша теориялық ақпараттар бердім.
Әңгіме дебат,
Кумулятивті әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
дегеніміз не?
Әңгіме дебат :
Пікірлер арасында әр түрлі қарама қайшылықтар болады , әркім өзінің ойын растайды.
Кумулятивті әңгіме
Онда оқушылар басқалардың пікірімен келіседі, қабылдайды.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеушілік әңгімені жүргізу үшін оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады, бірнеше жауаптан тұратын немесе бірнеше идеялар айтылатын,
оқушылардың міндеті – ұсыну, дәлелдеу, қорытынды жасау.
Әр оқушы орынды, нақты ақпарат береді.
Әр оқушының идеясы талқыланады, бағаланады.
Оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
Айтылған ойларға дәлелдер келтіріп, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, келісімге келуге тырысады.
Проблемалық мәселелер қойылады.
Оқушылар ақпараттарды жинақтап, проблеманың шешу жолын қарастырады.
Қатысушылар диалогті оқыту ішіндегі әңгіме түрлері туралы түсінік қалыптасып , сұрақ түрлері туралы мағлумат алды. Сабақты бекіту мақсатында екі топқа мәтін беріледі . Блум таксаномиясы бойынша жасалған ҚМЖ үлгісі үсынылады.
Тапсырма: Жоғарыда аталған сұрақ түрлерін Блум таксаномиясы бойынша кезеңдерге орналастырып және дәлелдеу. Пәндеріңізде қалай қолданатындықтарыңызға мысал келтіріп бере аласыздар ма?
Қатысушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, ҚМЖ ға түсіреді, қай кезеңіне қандай сұрақты қою керектігіне ерекше мән беріп , өз жұмыстарын қорғайды.
Келесі кезекте мұғалімдерді сергітіп алу мақсатында «Алақан» атты жаттығуды ұсындым. Алақандарын салып , бес саусақ іздеріне өздері туралы жақсы қасиеттерін жазып , көршісіне үсынады, көршісі толықтырады. Өздері туралы жақсы қасиеттерін есітіп , көңілдері көтеріліп,сергіп қалды. Жұмысымызды қорытындылау мақсатында «Өрмекші торы» әдісін пайдалана отырып :
Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?
Диалогтік оқытудың маңызы неде екен?
-Диалогтік оқыту оқушылардың білімін, ойлау қабілетін арттыра алады ма? деген сұрақтары мен кері байланыс ұсынылды.
Педагогикалық пікірталас ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алды. Мұғалімдердің пікірлерін анықтау мақсатында «Осы коучингте сіздерге не ұнады, не ойларыңыздан шықпады ?» деген ашық сұрағыма әріптесім: « Бүгінгі коучинг тақырыбы өзекті, себебі бәрімізде бала бағбанымыз,баланы өмірге дайындау, қалай білім алу керектігін үйрету біздің парызымыз. Бейнежазбалар ,оларды талдау кезеңдері өз бойымыздағы мүмкіндіктерді ашуға көмектесті. Коучинг сабағына қызығушылығым жоғары деңгейде болды
Коуч ретінде әріптестерімнің идеяларымен алмасып, рефлексивті диалогқа тарту негізінде коучингке қатысқан мұғалімдердің жұмысының жекелеген салаларын жетілдіруге ықпал еттім