Презентация Б.Со?па?баев Мені? атым ?ожа


Сыныбы: 6 ӘПәні: ӘдебиетСабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғыну. Өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, рөлде ойнау дағдыларын дамыту, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар әңгіме желісімен таныса отырып, негізгі ойды анықтай алады. Әңгімедегі негізгі оқиғаларды терең ұғынып, кейіпкерлер бейнесін тани алады. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, Қожа бейнесін жан-жақты аша алады. Әңгіменің негізгі түйінін, тәрбиелік мәнін анықтай алады.
Бердібек Соқпақбаев
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын . Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.” Бердібек Соқпақбаев
Мынау кім ?
style.rotation Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? 1
Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. 2
Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? 3
Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?4
Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. 5
Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ? 6

style.rotation Оқиғалар тізбегі (Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет – ретімен қою)
style.rotationppt_wppt_y
style.rotationppt_wppt_y Бақаның әлегіПедсоветЖолдама алған ЖантасОқулық емес, қант аламын12345Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын.
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation Рөлдегі оқушылар:1-топ: ”Лагерьге жолдама”2-топ: “Бір сәтті кез”3-топ: ”Ағаттықтың азабы” 1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті.Ох, шіркін - ай!”
2. “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3. “Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен – ақ шығара ма ?”
“Теріп алу” стратегиясыалғыр, пысық,өтірікші,ақылды,сотқар, тентек,мейірімді, қу, зымиян,шыдамсыз,тиянақсызәділетті, ақын,әзілқой,арамза,тапқыр,қателіктерін түсіне біледі,жағымсыз







алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.-ЖантасҚожа-өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтарыӨз ісіне есеп бере аладыЖағымсыз іс- әрекеттерін жөндеуге талаптанадыӨз - өзін тәрбиелейдіҮлкенді сыйлайды


Қожаның жағымсыз жақтарыТәртіпсіз АңқауӨтірікшіСотқар
style.rotation


Ой тастауҚалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?
ppt_wr
6.Өз - өзіңе есеп бер!

Үй тапсырмасыАбдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу. “Менің қиялымдағы Қожа...” қандай болу керек? эссе жазып келу


Сабақты өткізген мұғалім: Мұқанбетова Айнаш Берсінғалиқызы Өтілген орны: химия кабинеті Күні: 7.02.2015.жыл Пәні: Әдебиет Сыныбы: 6 Ә