Тілді ?йретуде жа?артыл?ан ба?дарламаны? ы?палы зор


Тілді үйретуде жаңартылған бағдарламаның ықпалы зор
Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін баса айтып, өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу — отаншылық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» деп атап айтты. Ал ана тіліміздің қадірін тұтып құрметтеуге балаға отбасынан берілетін қасиет. Ал сол қасиетті дамытуға мұғалімдердің беретін еңбектері зор. Бірінші сыныптың мұғалімі ретінде қазіргі таңда осы тұрғыда көп жұмыстар жасалынып жатыр десем артық емес.
Баланың мектепке аттағаннан бастап сөз байлығы мол, өзінің ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу біздің қолымызда. Ал қазіргі жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасай келе осы бағытқа аса көп назар аударамын. Сабақтың барысында оқушылар психологиялық кезеңде еркін сөйлеп, ойларын жетік жеткізе алады. Топта жұмыс жасау арқылы оқушыларды жасаған жұмыстарын қорғап түсіндіру арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастырып келемін. Өзім ерекше назар аударатын кезең ол – рефлексия. Себебі кері байланыс жүргізе отыра баланың сабақтан не ұққанын, тақырыпта не білгенін анықтай аламын.. Сабақта баланың өз ойын ашық айтып, молырақ түсіндіріп, оқушыдан толық жауап алуға тырысамын. Мақал – мәтелдерді кеңінен қолданамын, оқушылар да қызыға жаттап , айта біледі. Өз ойын жеткізгенде мақалдарды қолданып әңгімелеу мен үшін баланың жеткен бір жетістігі деп білемін. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі де осында деп ойлаймын.
Бала бірінші сыныптан сенімді, нық және айқын сөйлей білсе оның тіл байлығының дамуына үлкен көмек және тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеп, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ықпалы да көп.
Шеминов орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жанабаева З.Ж.