Абай ??нанбай?лы ?ылым таппай ма?танба


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы меңгерту, ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнын таныстыру;
Ә) Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту;
Б) Тәрбиелік: ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету, ақын шығармалары арқылы балалар бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа
аудару.
2.Үй тапсырмасы.
3.Жаңа сабақ:
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді: 1-топ: «Ибраһим», 2-топ: «Абай».
Әр топ Insert кестесін толтырады, бірінші және үшінші бағанын:
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Әр топ толтырған кестелерін оқиды.
Слайдты көрсете отырып ақынның өмірі және шығармашылығы жөнінде түсінік беру.
Оқулықпен жұмыс:
Ақын туралы берілген мәтінді түсініп оқу, аудару;
Сұрақтарға жауап беру.
Өлеңмен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу (орысша аудармасымен салыстыра отырып);
Өлең бойынша тапсырмаларды орындау:
Өздеріне ұнаған үзіндіні оқу, мәнін айту;
Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру;
«Бес асылды» және «Бес дұшпанды» кестеге жазу:
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Бес асыл іс Бес дұшпан

Қазіргі замандағы «бес асыл іс пен бес дұшпанға» нелер жатады? Өз ойларын кестеге жазу:
Біздің ойымыз
Бес асыл іс Бес дұшпан
4.Сабақты бекіту:
- слайд арқылы білім мен байлықты салыстыру;
- кестенің екінші бағанын толтыру.
5.Сабақты қорытындылау:
- ақын туралы сөзжұмбақты шешу.
6.Үй тапсырмасы:
Өмірбаяны, өлеңнен өздеріне ұнаған үзіндіні жаттау.
Бағалау.