Саба? жоспары. Ту?ан ?лкені? с?лулы?ы мен ?зіндік ерекшелігі туралы « Мені? ?аза?станым» сюжетін жасау.


Сабақ жоспары
Күні:
Тақырыбы: Туған өлкенің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі туралы « Менің Қазақстаным» сюжетін жасау. О. Таңсықбаев, В. Поляков, А. Исмаиловтың шығармашылығы.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың көркем графикалық білігі акварель кескіндемесі тәсілдерінің көркемдік мүмкіндіктерін үйрету.
Дамытушылық: композицияда пейзаждың негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту.
Ссбақтың барысы:
Табиғат туралы әңгіме.
Табиғат бейнеленген картиналар пейзаж деп аталады.
Сурет салу кезеңдері:
1 – кезең - табиғатты бақылау.
Суретші бар көргенін салмайды, жақсылап ойластырып, ең жарқын, көрнекті пейзажды таңдайды, демек композиция бойынша жұмыс істей бастайды.
2 – кезең - табиғаттағы түстерді бақылау. Суретші түс арқылы табиғаттын күйін неғұрлым дәл бере алса , соғұрлым пейзаж қанық болып шығады.
3 – кезең – пейзажды салу жұмысы. Композиция, перспектива, түстану, жарық пен көлеңке заңдылықтарын басшылыққа алып , сурет салуға кіріседі.
Ескерту:
 Алдыңғы план: жақын орналасқан нысаналарды қағаздың төмен жағына орналастыру керек.
Ортаңғы план: заттарды қағаздың жоғары жағына салу, олар сәл кішілеу болады.
Артқы план: тым алыста орналасқан заттарды қағаздың өте жоғары жағына орналастыру.
Қорытындылау.
Жұмыстарын талдау: кеңістік, тереңдік және түсіп тұрған жарықты қалай көрсеткендеріне тоқталу.
Бағалау.