?алымдар Ш. У?лиханов, А.Байт?рсынов та?ырыбына ?аза? тілінен саба?


Сабақтың тақырыбы: Ғалымдар. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов
Грамматикалық тақырып: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ғалымдар» тақырыбы бойынша тұңғыш ғалымдар туралы мағлұмат беру, грамматикалық білімді  игеру, тілдік, қарым-қатынастық біліктерін арттыру.
Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, мәнерлеп оқу
Өту барысы
I Ұйымдастыру кезеңі Амандасу
Қал-жағдайларын сұрау
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
II Үй жұмысы Үйге берілген жаңа сөздерді ойын түрінде тексеріп шығу. Ойынның шарты бойынша тыңдаушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Шеңберде тұрып бір-біріне допты лақтыра отырып, жаңа сөздерді айтады. Допты қағып алған тыңдаушы сөл сөздің аудармасын айту керек.
IIIЖаңа сабақ
Компьютермен жұмыс Тақырыпқа кіріспе.
 Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп,    адамдар өліп жатады.
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, іс қалады, сөз қалады.
 
Цветы увядают, звёзды гаснут, люди умирают.
 Только у человека есть одна особенность- после него остаётся след ,дело, слово.
1-Тапсырма -эпиграфты түсініп, аудару.
2-Тапсырма -сұрақтарға жауап беру.
1)      Қандай адамдардан із , іс, сөз қалады?
2)      Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?
3)      Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
Тұңғыш ғалымдар↓Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937)Көрнекті тілші - ғалым, дарынды аудармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторыШоқан Уалиханов (1835 - 1865)әйгілі зерттеуші, тарихшы, ғалым, этнографЫбырай Алтынсарин (1841 - 1889)ағартушы, педагог, қоғам қайраткері, жазушы
Жаңа сөздер Ғалым – ученый
Парасатты –смышленный
Озық ойлы – прогрессивно мыслящий
Әуелде – вначале
Естелік –воспоминание
Араласу – общаться
Айрылмастай – неразлучный
Құмарта – с удовольствием
Әлдеқайда – намного
Шенеуніктер – чиновники
Жалма-жан – быстро
Еріну – лениться
Еңкею – наклоняться
Азға қанағат ету – довольствоваться малым
Көптен құр қаласың – останешься ни с чем
Тілмаш – переводчик
Адалдық – честность
Құйрықты жұлдыз - комета
1714531940500Оқылым
Мәтіндерді тыңдап, оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.




1-тапсырма-мәтіннен жалқы есімдерді тауып, оқыңдар.
2-тапсырма-мәтіннен орыс тілінен енген сөздерді тауып, қазақ тілінде баламасын беріңдер.
Тыңдалым

Сөйлесім
Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – Шоқан Уәлиханов.
Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірімен, ғылыми қызметімен танысу үшін зерттеу жұмысын жүргіземіз.
Ол үшін сендерінге бірнеше мәтін ұсынылады. Мәтіндерді оқып, берілген кестені толтыру керек.
 
1-Тапсырма:
 Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр тыңдаушыға кесте таратылады)
Аты –жөні, ғылыми қызметіӨмір жылдары, туған жеріОрыс ғалымдарымен байланысыАлған біліміҚызметіЗерттеу саласыЕңбектері 
             
 
Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.
1. Кестенің әр бөлігі бойынша тыңдаушылар жазған мәліметтерін оқиды.
2.Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен  ашылады.
Кілті:Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар   Аты –жөні,
ғылыми қызметіӨмір жылдары, туған жеріОрыс ғалымдарыменбайланысыАлған біліміҚызметіЗерттеу саласыЕңбектеріШоқан(Мұхамед-ханафия)
УәлихановЗерттеуші ғалым, этнограф
географ, тарихшы саяхатшыағартушы демократ
суретші1835 -1865
Қостанай облысыҚұсмұрын бекеті. П.П. Семенов-Тян-Шанскиймен,
Ф.Достоевскиймендос болған. Омбыдағыкадет корпусы.
Араб, шағатай, түркі, орыс тілдері. 1957жылы 22 жасында орыс география қоғамына мүше болып сайланды.
19 жасында Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік –шығыс аудандарын басқарды.
Генерал-губернатор Г.Х. Гасфорттың адьютанты болды. Аңыз, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, Қазақ тарихы,
Түркістан тарихы,шығыстану,
география,қазақ, ұйғыр, қырғыз, дүңген, қытай халықтарының тарихы мен этнографиясы,
фольклор, сәулет өнері. «Алты шаһардың жайы туралы»,
«Іле өлкесінің географиялық очеркі» ,«Жоңғария очерктері»,
 «Ыстықкөлсапарының күнделіктері»,
«Қырғыздар туралы жазбалар»,
«Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді.
 
1-тапсырма- Кесте бойынша диалог құру.
2-тапсырма- Кесте бойынша әңгімелеу.
Грамматикалық минимум Жазылым 1-тапсырма: Мына сөздерге синонимдер тауып жазыңдар.
Есім, өмір сүру, жұмыс, жұмыс істеу, өлу, ұстаз, басылып шығу, белгілі, талантты, құлақ салу, оқыту.
2-тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрып, синтаксистік талдау жасайды.
1. Шыққан,тұңғыш ғалым, Шоқан Уәлиханов, қазақтан, саяхатшы, зерттеуші, және.
2. Орыс, Шоқан, 22 жасында,география қоғамына, 1857жылы, сайланды, мүше болып.
3. Кадет корпусына, Омбыдағы,түседі,12 жасында, оқуға.4. Зерек, Шоқан, алғыр, кішкентай, кезінен, болады.
Сергіту сәті
Шоқан Уәлихановтың сөзі.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Шолушысы - ой
Сынаушысы - халық
Қорғаушысы – сабыр
Қорғанышы - мінез
Ең қымбаттысы - ар
Таусылмайтыны - арман
Барлығынан ардақтысы – өмір
Сөздік
Басшы –предводитель
ақыл - ум
Жетекші – руководитель
талап – стремление
шолушы - обозреватель
ой -мысль
Сынаушы – критик
Қорғаушы- защитник
сабыр – терпение, выдержка
Ең қымбаттысы – самое дорогое
мінез- характер
Таусылмайтыны – несканчаемый
ар - совесть
ІV.Бекіту «Ғылым теңіз – білім қайық».
«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім».
«Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді»
Деген мақал Шоқан Уәлихановқа байланысты десен артық емес. Шоқан өмірі мен ғылыми қызметі еш уақытта ұмытылмайды.
V.Қорыту Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылаймын.
VI. Үй жұмысы Сөздерді жаттау