МИФ апталы?ыны? ашылу жоспары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тараз химия-технологиялық колледж
«МИФ» Апталығының ашылуы
Тақырыбы: «Білім-өркениет өрісі»
Мерзімі: 16.02.2016 ж.
Уақыты: 1430
Орны: 201 аудитория
Өткізген оқытушы:
Өткізген оқытушы: ____________
аты-жөні
ПЦК меңгерушісі: Акимбаева А.А. ____________
аты-жөні
Директордың оқу-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары: Ертуғанова Б.Т.
Колледж әдіскері: Аманжолова Ғ.С.
Тараз- 2016 жыл

Тақырыбы: МИФ әлемі.
Мақсаты: -оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;
-логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;
-білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер.
-Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Сондықтан 1-2 курс білімгерлерінің арасында математика, физика, информатика пәндері бойынша өткізілген сыныптан тыс әр-түрлі іс-шаралар апта бойы өткізілмек. Атсалысып белсенділік көрсетіңіздер.
2-жүргізуші: Апталық тақырыбымен,мақсатымен және жоспарымен таныстырады.
М - математика ғылымдар патшасыИ - информатика ақпараттар ғылымыФ - физика табиғаттың патшасыІ. Кіріспе бөлім.
1-жүргізуші:
Білімгерлердің дайындаған әдеби монтажына назар қойып тыңдайық.
13-топ Айбас Айдос
Уа, жараңдар! Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.Ғылымдардың ғылымыМатематика, физика информатика жайындаБөлісейік! ортаға сап ойларды.Жиылған мына балаларБілім жолын қуғандарБәрің деБілімді болып жан – жақтыСаналы болып салмақтыШығамын деген биіккеҮлкен, үлкен арман бар.Шындықты алғаш таратқанЖыл күніңді санатқанТауып ғажап жаңалықЖоқтан барды жаратқанЕсеп емей немене.Білмегенді білгізгенӨлшеп киімді кигізгенБарлық істі атқарыпПайдасын елге тигізгенЕсеп емей неменеИнформатика әлеміҚызығы мол ғой әдеміКомпьютердей құралдыМеңгердік қой кәделі.
14-топ Жуасбай ЛәзатАттас заряд тебіледіАттас еместер келіседіОх! Бұл физика заңдылығыЕндеше достар әрқашанда ақылдармен бөліседі.М. Физика жақын туыс мына бізгеҚозғалыс, энергия, қуат, күш теБіздерсіз есептелуі мүмкін емесЖария қылып айтайық мұны бізде..Ақын жанды болмасаМатематик те бола алмасЖақсы шумақ тумасаКөңілге әсте қона алмас.(Бәрі әндетіп )11-топ Жомарт
Бес жерде бесім жиырма бесМИФ пенен басқа ғылым бір емесАрғы жағын айтпаймынОйыңа салып өзің шеш.Кездестік міне тағы даСаласының білімніңСараптайық ендешеМатематика, информатика, физиканың қызығын.(бірі екіншісіне термометр ұсынады )Мынау термометр ғой
11-топ Әбдіқадір Шерхан
Я, мен оны саған бердім ғой(Таңданып ) Негее?(Үшінші оқушы) Соны білмедің бе? Ол былай ғой: термометр саған бергеніЖалындаған достар үшінНамыс отын қайрағанОттай ыстық жайнағанЖанкүйерлер қызуынӨлшей берсін дегені ғой.Құрметтеп «ИФМ» ғылымдарын.
15-топ Жатқанбай Әділет
Шындықты алғаш таратқан,Жыл күніңді санатқан.Тауып ғажап жаңалық,Жоқтан барды жаратқан,Компьютер емей немене?Құтқарып ауыр бейнеттен,Техниканы үйреткен.Роботтай адамды,Тіл бітіріп сөйлеткен.Компьютер емей немене?Білмегенді білдірген,өлшеп киім кигізген.Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізген Компьютер емей немене?14-топ Абдижалилова ФаризаҮш деген сан киелі ғой қазақта,Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.Үшқоңырдай жайлауы бар елімніңЕлбасындай ұл сыйлаған қазаққа! Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,Қазағым бесіктен ақ берген білім.Ұқтырып жеті санының кереметін,әр сөзінен дананың терген ілім.Симметрия ұғымын пайдаланып,Ою - өрнек бұйымына сызғызған.Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.Суреттерге зер салып,Сұрақтарға зейін қоя қараңдар.Бар суретке тереңірек мән беріп,Білімділер ой толғайды жарандар.
12-топ Ақмолдаев Алмас
Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,Апталықта бастаймыз.Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақтыАлдарыңа тастаймыз.Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.Дүниеде құбылыстың мәнінде,Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.
12-топ Меңлесбеков Шыңғыс
Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,Алгебра сырын ашсам деп,a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.Синус пенен косинус, тангенс пен котангенсЖүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,Пирамида орын алған Астананың төрінен.Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.12-топ Когилов АйдосТүсіріп аспан заңын жұмыр жерге,Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,Жансызға жан бітіріп қолға салып,Физика кереметті көрсетті елге.Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,Қай жүйрік Архимедті басп озған,Жалынды патриот, батыр, ғалым,Ғасырлар түпкірінен басып озған.Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, Бәрінің бағынары физика ғой.12-топ Секеров ӘділСондықтан табиғаттың сырын терең,Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.Демесең болсын егер еңбегің еш,Негізі бар ғылымның физика,Жалықпай оқып үйрен тек қана,Білімнің есігін ашты көзін тауып,Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.Бүгінде физика барлық жерде,Құрылыста, техникада, өндірістеСырларын бұл ғылымның үйретіңдер Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.1-жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер!Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешугеКүш, өнерді, жиып келіп, білімдіЖиып бәрін ойды ортаға салуда.
І – сұрақтар.1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )ІІ - сұрақтар.1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?(түсіндіру, баяндау )4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )8. Компьютердің теледидары? (монитор )9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет) «Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес2) Бір тал кессең, он тал ек3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы4) Алтау ала болса, ауыздағы кетедіТөртеу түгел болса, төбедегі келеді5) Алты аға бірігіп, әке болмас,Жеті жеңге бірігіп, ана болмас6) Досың болғанына мақтан,Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.7) Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі ілім іл8) Білгенін бір тоғыз,Білмегенің тоқсан тоғыз.
2-жүргізуші: Енді кезекті қызықты жұмбақтарға береміз. Физика пәні бойынша 
«Қызықты жұмбақтар»  Физика пәні бойынша 1. Жердің жүзін шарлайсың, Онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де жаяу да, Саралайсың, таңдайсың. (Жол) 2. Жылдамдықты өзгертеді, Қоғалысты тездетеді. Қарсы шықса қоғалысқа, Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу) 3 Көп болса асықпайсың, Мезетте қашықтайсың. Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсың? (Уақыт) 4. Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасаң, Ньюонға ол келеді. (Күш) 5. Біз, біз, біз едік, Бірегей жарқын қыз едік. Тамашада көп болдық- Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз) 
Иформатика 1. Бір бетшені аштым да, Мәтін жаза бастадым Бірақ тілін шет елдің Аудара алмай тастадым Тілді қалай өзгертем Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) 2. Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғы жатады. Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) 3. Биологияда бұл паразит, Көзге зорға көрінер. Информатикада өлшем бірлік, Ақпараттарды өлшер (бит) 4. Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта) 5. Батырмасын басасың Қажетті файлды ашасың (тінтуір) Математика 1. Оң сандарға қол шатырдай Қалпақ болған беделі Квадраттасаң егер оны Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір) 2. Екі бұрыш ежелден Тату көрші болған екен Бірін-бірі толықтырып Бір түзуде жатады екен (сыбайлас) 3. Екі түзу қатар жүріп Үшіншісін қияды Сонда шыққан бұрыштарды Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес) 4. Қарама –қарсы қабырғалары Паралель боп қосылған Оқыңызшы аталуын Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм) 5. Үлкен, кіші сандар арасына Таңбаларды қойған кезде Алынады қандай өрнек Білейікші оны біз де (теңсіздік) Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.Хор
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдіңБілім берген ұста деген қауымныңБойға жинап қайрат, жігер, намыстыБағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз Тараздың ұланымызБар екпінмен самғаймыз
Жаңа, жаңа асуларда.Білім алып шыңдаймызБар білімді болашаққа арнаймызЖелбіретіп, татулық пен достықтыЖеңіс туын биік ұстап самғаймыз.
Сайыс соңында әділ - қазыларға сөз беріліп, қатысқан оқушылар «Алғыс хат», «Мақтау қағазымен» марапатталды.