Презентация на тему Ел зерттеген ?алымдар
Ел зерттеген ғалымдар
Сынып: 5 «А»Сабақтың тақырыбы: Ел зерттеген ғалымдар Сабақтың мақсаттары:Білімділік:
1.Қазақ жерінің бай фауна мен флорасы туралы түсінік қалыптастыру. Жер көлеміне де тоқталу.
2. Қазақстанның Ресейге қосылуда елімізді зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер туралы оқушыларға түсінік беру.
3. Қазіргі кезде еліміздегі ірі экологиялық аймаққа назар аудару. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен , мақаламен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Қызығушылығын ояту.Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген махаббаты мен сүйіспеншілігін ояту, өзге халықтарға толерантылықпен қарауға тәрбиелеу және өз бетінше зерттеуге баулу.Сабақтың түрі: Саяхат сабақОқыту әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, көрнекілікСабақтың әдістемелік көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, әлемге танымал жерлері мен слайд, видеофильм, қосымша әдебиеттерСабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу, тақырыппен таныса отырып, қызығушылығын ояту.
Сұрақтар:
Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында?
Елімізідің кішірейтілген бейнесін неден көреміз?
Еліміздің табиғаты қандай?
Қандай жануарларды елімізде мекендейді?
Мұғалім: Ал, елімізідің жер бедерін, табиғатын алғаш толық зерттеп, еңбектеріңде мәлімет қалдырған қай елдің ғалымдары білесіздер ме?Әрине, ол солтүстіктегі көрші мемлекеттің зерттеушілері мен ғалымдары. Бүгінгі біздің сабағымыз 19 ғасырда Қазақстан жері арқылы өткен, оны зерттеп өз жазбаларында қалдырған зерттеушілер өмірімен таныса отырып, Қазақстанның әлемге әйгілі жерлеріне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатқа өкінішке орай билеттер толық емес , екі топқа бөлініп сапар шегеміз.
І тобымыз теміржол арқылы барса
ІІ тобымыз ұшақпен сапар шегеді.
Алдарыңызда билеттерді таңдаңыз, ар жағында жазылады поезд, әлде ұшақ билеті.
І топ- Зерттеушілер ұшақпен барады.
ІІ топ- Саяхатшылар теміржол арқылы өз аялдамаларына жетеді.
Мұғалім: Қай кезеңде болмасың қазақ жері өзінің жер көлемімен, табиғи байлықтарымен өзге мемлекеттерді қызықтыратын. Бүгінгі күнде өзге елдің саяхатшылары елімізге келіп табиғатымызға таң қалады. Алғашқы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ұлы Жібек жолы кезінде жазылған грек, қытай, деректерінде кездестіруге болады.
Слайд1
Ғалым зерттеушілер:Птоломей (90-160ж.ж.б.з.д), Геродот (5 ғ б.з.д.), Страбон (63 ж.б.з.д. -24 ж.б.з.), Чжан Цянь и Сюань-Цзянь (2-1ғ б.з.д.), Ибн-Хордад, Кудамы Ибн Джагифар 5 ғ., Вилям де Рубрук (1253ж.).
Ортағасыр географиялық мәліметтер Қазақстан туралы: Макдиси, Ибн Хаукаль, Аль-Истархи, Аль-Масуда, Аль-Идириси, Ибн-Фадлан, Аль-Фараби(870-950 жж.) Махмуд Қашғари (11ғ), Елюй Чу-Цай (1219ж.) және Чань-Чунь (1220ж) Плано Карпини(1246ж),
Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде 16-19ғ.аралығында зертеуші-ғалымдар: Кадырғали Жалаири , С.Ремезов, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычков, И.Муравин, А.И.Бутаков, Г.И.Карелин, А.И.Левшин, А.Н.Краснов, Л.С.Берг т.б.
Мұғалім: Ал, балалар сапар бастамас бұрын, бұл сапардың мақсаты еліміз туралы көп мәлімет ала отырып, өздеріңіздің есте сақтау атты чемодандарын әртүрлі мәліметтермен толтыру, жақсы әсерлеріңізді сіздің ақылыңыздың төріне сақтау.
Самолет пен теміржолдың дауыстары шықты.
Мұғалім: Ал балалар 1 аялдамамызға дейін жеткенше екі топқа бірдей сұрақ: зерттеуші–ғалым болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?»(шыдамдылық, қызығушылық, физикалық денсаулық, білімі мол, географияны білу керек, тілдерді, мәдениетті).Әрбір топқа жауаптар үшін жетон беру.
Слайд Қазақстанның физикалық картасы. Мұғалім Қазақстанның табиғатының алуандылығы, жер бедері, ерекшелігі.
Мұғалім: І топтың аялдамасы- Ш. Уалиханов аялдамасы
ІІ топ аялдамасы- П. П. Семенов Тянь-Шаньский аялдамасы
Оқушылар алдына бұл кісілердің өмір баяны беріледі.Оны оқып флипчартке салу 3 минут уақыт беріледі.
Мұғалім: Дайын болсаңдар әрбір аялдама сізге немен ұнады, қандай әсер алдыңыз? Бұл екі ғалымның арасында қандай байланыс бар?
Екеуі де нені зерттеді?
Ендеше арығарай келесі станцияға барайық. Осы жерде мұғалім оқушыларға Жетісу өңірінің табиғатымен таныстырады суреттер арқылы.
Келесі екі аялдама ол «Арал-Сырдария» маңы аялдамасы. Екі топқа бұл аймақты зерттеген ғалымдар тізімі беріледі,сендердің мақсаттарын бұл аялдамада болған ғалымдар қандай жұмыс атқарды?
Олардың Қазақстан үшін маңызы қандай болды.
І топ –Н.А.Северцев, Л.С. Берг және И.В. Мушкетов
ІІ топ-А.И.Бутаков және Г.С.Карелин
Бұл тапсырмадан кейін Сырдария мен Каспий маңы табиғатын көрсету
Мұғалім: Ал балалар келесі видеоға назар аударыңыз «Қазақстан табиғаты»
Соңғы аялдамамыз: Ол «Достық» аялдамасы. Қалай ойлайсыз не себепті бұл аялдама былай аталады? Әрине, осы жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Халық Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығын атап өтті. 3 аялдаманың мақсаты Қазақ жерін зерттеген ғалымдар бізге қандай екі ел арасына көмегін тигізді?
Қазақстан табиғатын зерттеді Карталар қалдырды
Достық
Екі ел арасында байланыс орнатты
Жануар, таулар зерттеді
Оқушылар өз пікірлерін айтады.
Мұғалім: Сабақ қортындысын жасау, зерттеушілер есімін қайта атап кеті. Оқушыларға жас зерттеуші, өлкетанушы атағын беру
Мұғалім: Қазіргі кезде зерттелмеген жерлер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады.Бүгінгі жас ғалымдар мен зерттеушілердің мақсаты табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер арқылы зерттеуді жалғастыру. Ал бұндай зерттеулер әртүрлі халықтар мен мемлекеттерді біріктіреді. Өйткені барлықтарының мақсаты бір бейбіт өмір сүру, достық қарым-қатынас орнату.
І топ
1856–57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан ас
а маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғыл. негізін жасағандығы болды.