К?сіби ?аза? тілін жатты?у ?дісі ар?ылы о?ыту
Кәсіби қазақ тілін жаттығу әдісі арқылы оқыту
Төлеген Вера
Қазақ тілі және әдебиеті
пәні оқытушысы
Мақсаты:
Мамандыққа байланысты кәсіби қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда оқыта отырып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар болашақта қазақ тілін кәсіби бағытта қолдануларына көмектесу. Қазақ тілін меңгеріп, ауыз екі тілде еркін сөйлей алуға баулу.
Міндеті:
қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын меңгерту;
жаттығу жұмыстары арқылы ауызша, жазбаша сауаттылыққа үйрету;
оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ;
тілдің қарым-қатынастық, танымдық-эстетикалық қызметін талап ете отырып, оқушыларға тіл мәдениетін меңгерту;
оқушылардың алған білімдерін өмірде, кәсіби қызметінде қолдана білуін қалыптастыру;
Өзектілігі: Қазіргі таңда кәсіби қазақ тіліне арналған оқулықтар мен дайын жоспарлар жоқтың қасы. Кей кездерде ғаламтор желілерінен аздаған материалдар табылып жатады. Бірақ ол бірде стандартқа сай болса, бірде келмей жатады. Сондықтан көп ойланып келіп, мен студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылықтары мен сөйлеу алу дағдыларын жаттығу әдісі арқылы үйретуді қолға алып отырмын. Жаттығу арқылы студент күнделікті ауыз екі сөйлей алуға, жаза алуға үйренеді. Сондықтан лекция түрінде баяндай бергеннен гөрі , жаттығу жұмысы жиі орындалған кезде, студенттердің қазақ тілін кәсіби дәрежеде еркін меңгеруге жол ашылады.
Жаттығу әдісі[1], педагогикада — оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолданып, білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушы оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол материалға байланысты қарапайым, одан кейін бірте-бірте күрделі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде қолдану, іскерлікке дағдылану жүйесі арқылы оқушы білімді толық игереді. Ауызша Жаттығу әдісі (математикадан ауызша есептеу, тарихтан атаулы даталарды есте ұстау, тілден сөз бен сөйлемдерді дұрыс айтуға жаттығу), жазбаша Жаттығу әдісі (тіл мен математикадан), практикалық Жаттығу әдісі (математика, физика, химия, т.б. пәндерде өлшемдік құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру) болып бөлінеді.
Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;
екінші кезеңде мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;
үшінші кезеңде алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;
төртінші кезеңде оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.
Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша Жаттығу әдісі бір жүйеге түсіріліп, жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Жаттығу әдісі арқылы оқыту теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады;[2]Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.
4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек. Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сабақ барысында жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі. Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн. Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз... көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын. Құрастыру, қазақша реферат салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады. Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді. Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді. «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» – делінген Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы сөзінде. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік. Олар мына төмендегідей: - білім сапасының төмендігі - білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы - оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Сабаққа қызығуының төмендігі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Мен өзімнің сабағымда жаттығу әдісін кеңірек қолданамын. Бұл студенттердің сабаққа деген қызығушылығын қалыптастырумен қатар, келесі өтетін материалды толық игерулеріне жол ашады. Мысалы: топтарда өткізген жаттығу әдістері қолданылған бір сабағымды мысалға келтіре кетейін:
– Бүгін сіздермен «Мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстар» атты жаттығу жұмысымен танысамыз. Тақтаға назар аударайық.
Слайд № 1 .Мысалы «Мәтін» тақырыбын алайық.
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді.
Сипаттау
пайымдау
Мәтін
әңгімелеу
Слайд № 2.
Мәтінге
Әңгіме
Өлең
Ертегі
Әңгіме туралы білесіңдер. (газет-журналдарда)
Өлең. – қандай өлең жолдарын білесіңдер? (Қазақстан, Отан немесе кез – келген) хормен айту.
Практикалық жұмыс:
Суретте. Биік шың көрініп тұр. Ол «Білім шыңына» шығу үшін, тақырыпқа сәйкес мына 4- деңгейлі тапсырманы орындауымыз керек.
Біздің сабағымыз саяхат сабақ деп аталады.
Қазір сіздермен Қазақстанның бұрыңғы астаналарына бір сәт саяхат жасасақ. (ауызша)
Қазақстанымыздың ең бірінші астанасы қандай? Ендеше, тақтаға назар аударайық. (Орынбор)
Ақпарат. Орынбор. Орынбор 1735 жылы аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Бұл жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орта Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. Орынбор 1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
№1 слайд, тапсырмасы: жұппен жұмыс
Жұп адамға бірнеше тірек сөздер беріледі. Ол жұбымен ақылдасып, мәтін құрып жазады.
Тірек сөздер:
Қазақстан
25 жыл
Азамат
Тіл
Білім
Ұлттар
Мақтан тұтамын.
- Келесі Орынбордан кейін Қазақстанның астанасы?
Ақпарат. Ақмешіт. Ақмешіт – Сырдария өзені бойында орналасқан облыс орталығы. Ол 1853 жылға дейін Ақмешіт, ал 1853-1922 жылдар аралығында Перовск, 1922-1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы қайта Қызылорда болып өзгерді.
Слайд №2, тапсырмасы: «Сөзді тап» ойыны.
Тақтаға 6 ойыншы шақырылады.(әр қатардан) Олар сөздерді алады. Оқушыларға дәлелдеп, сипаттап айту қажет. Олар шешімін табу керек. Мысалы: компьютер, алма, мысық, көбелек, жол, ұялы телефон. Осыны сипаттау керек. Дәл тауып айтқан балаға – смайлик беру.
Келесі Ақмешіттен кейінгі Қазақстан астанасы?
Слайд №3, тапсырмасы: сіздер экраннан қазір ақпарат естисіздер, соны естігендеріңізді ватманға түсіріп, сызба ретінде толтырасыздар. Мысалы: 2- рет тыңдату.
Қолданылған әдебиеттер:1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.8. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.10. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990