Генетиканы? негізін ?алаушы — Грегор Иоганн Мендель.
Генетиканың негізін қалаушы - Грегор Иоганн Мендель.(1822-1884) Мақсаты:Генетика ғылымы оның қалыптасуы және оның зерттейтін мәселелерімен танысу .Грегор Мендельдің генетика саласында алатын орнын көрсету.Мендельдің тәжірибелері және оның қазіргі кезде қолданылуымен танысу. Жоспары:1. Генетиканың даму тарихы.2. Грегор Мендельдің өмірбаяны.3. Мендельдің заңдылықтары.4. Мендель тәжірибелерінің нәтижелері Генетиканың даму тарихы. Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Өмірбаяны.Мендель аустрияның Хайцендорф деп аталатын (қазiргi Чехияда) ауылда немiс-славян шаруа жанұясында дүниеге келдi. Мендельдiң арғы аталары ХVII ғасырдың басынан осы ауылда тұрған. Оның ата-аналары, Антон мен Розинаның үш баласы болды. Иоганн жанұядағы жалғыз ұл болды. Бала кезiнен бастап әкесi оны ауылшаруашылық жұмыстарына араластырды, Иоганн бақ пен ара шаруашылықтарын ұнатты. Ауыл мектебiнде оқып жүргенiнде-ақ Мендельдiң қабiлетi күштi болғандықтан көзге түстi, сондықтан 11 жасында ол Лейпник (қазiргi Липник) деп аталатын жақын орналасқан қаладағы төрт кластық училищеге жiберiлдi. Мендельдің заңдылықтары.Мендель Заңдары – тұқымқуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылықтары. Ата-аналарынан ұрпақтарға жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалау факторларының берілуі мен түсіндіретін бұл теорияны Г.И.Мендель тұжырымдады.Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе Мендельдің бірінші заңы, бірінші ұрпақтың барлық дараларында белгілердің бірдей болып көрінуін айқындайды. Ата-аналық организмдердегі балама жұп белгілердің тұқымқуалауын оларды будандастыру арқылы зерттейді. Мендельдің бірінші заңы – біркелкілік немесе доминанттылық заңы. Гаметалар тазалығы ережесі Раушан гүлдерінің қызыл гүлдері мен ақ гүлдерін будандастырғанда бірінші будандық ұрпақ қызыл болады. Бұл қызыл гүлді өсімдіктің доминантты “А” гені бар гаметасы мен ақ гүлдің рецессивті “а” гені бар гаметалардың қосылу нәтижесі. Олардың генотипінде қызыл түсті де ақ түсті де анықтайтын гендер бар. Олардың фенотипі бірдей болғаны мен генотипінде екі түрлі ген болған. Ал ондай буданнан гамета түзілгенде оған тек бір ғана доминантты “А” немесе рецессивті “а” гені беріледі. Бұл жағдайда бұл будан организмнің гаметасында аллельді гендер бір-бірімен араласып кетпей таза күйінде сақталады.Мұны гамета тазалығы дейді. Тұқым қуалаушылықтың аралық сипаты немесе толымсыз доминанттылық. Талдай будандастыу Талдай будандастыру. Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дара рецесситі белгісі бар гомозиготалы дарамен будандастырылады. Бұл әдіс зерттеліп отырған дараның генотипін анықтау мақсатында қолданылады. Мендельдің екінші заңы – ажырау заңы. Менделдің үшінші заңы – белгілердің тәуелсіз ажырау заңы. Мендель тәжірибелерінің нәтижелері Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!