Урок М.?уезов К?ксерек ??гімесі


Әдебиет
Сабақтың тақырыбы:М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту
Сабақтың типі:Қайталау сабағы
Сабақтың түрі:Жинақ сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:«Кубизм» әдісі, сот сабақ, «Бес жолды өлең», «Түсініктеме күнделігі», «Әңгіме кестесі» т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Кубик, тірек-сызба, әр түрлі плакаттар, киімдер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығармаға талдау жасау
Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда шығарманы талдауды әрі қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызда:
Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?
Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан болмысы ма, әлде...
Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кінәлі ме?


деген сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғаймыз.
Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін өткен сабақта жасаған тірек-сызбаға оралайық.
Тағылар ұрпақ қамында

Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы

«Көксерек» әңгімесі

Бітіспес өшпенділікТұтқын Көксерек

Қараадырдағы Ұяластарымен
мазасыздық табысу
7 бөлім бойынша 7 оқушыға 2-3 сөйлеммен шолу жасатқызамын.
-Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз. Бұл - «Кубизм» әдісі. Мұнда оқушы кубикті лақтырып, қандай тапсырма түссе, сол тапсырманы орындайды.
«Кубизм» әдісі
Салыстырыңыз
Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз.
Қолданыңыз
«Көксерек» сөзін қолданып «Бес жолды өлең» құраңыз
Елестетіңіз
Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз
Суреттеңіз
Ақ қасқырдың күшігінен айырылғаннан кейінгі мінез-құлқындағы өзгерісті суреттеңіз
Талқылаңыз
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Бұл мәселені талқылау үшін біз ортаға құқық қорғау қызметкерлерін шақырамыз. «Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде талқыланады.
Көрініс. Ортаға сот, ақтаушы, Көксерек, даттаушы шығады.
Сот процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың ойларын сұраймын.
Сот процесінің шешіміне сендер қалай қарайсыңдар? Келісесіңдер ме? Неге?
Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы, құрылымы, көркемдік тілі қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, «Түсініктеме күнделігін» жүргізейік.
«Түсініктеме күнделігі»
1-топ: Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасау
2-топ: Бірінші бөлімнің тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау
3-топ: Композициялық құрылымына талдау жасау
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Оқиғаның байланысы
4. Оқиғаның шиеленісі
5. Оқиғаның шарықтау шегі
6. Оқиғаның шешімі
. Семантикалық карта
Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз.
(Экраннан көрсетіледі)
Кейіпкерлер сөзі кімдікі?
Кейіпкер сөзіАуыл адамдарыЖұмашҚұрмаштыңәжесіБейсембайҚуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?+ Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. + Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп,
терісін алайық . + Қасқырың болса қайтейін, менің қара алатөбетім бір-ақ
соғады.Арашалай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. + Іздегендерің-нің өзі-сол,
бәрін істеп жүрген сол.
Енді соны бір қолға берсе-ау! +
ІІІ Қорытынды бөлім
«Әңгіме кестесін» құру
Әңгіме аты
Авторы
Кейіпкерлері
Қай кезеңді суреттейді
Немен аяқталды
Не үйретті
Проблемалық сұрақтар:
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: «Адамның ең жақсы қасиеті - жақсылығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу