Презентация по казахскому языку на тему Абай- дара., дана т?л?а


Абай – дара, дана тұлға Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді. Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан. Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған. Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады. Абай әжесімен бірге: “Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын. Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты. Зомбылық, зорлық, жаулыққа жаулық қашанда дайын тұратынын түсінген Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешуге құлықты (әзір) болады. Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп, 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерін де үйренеді. Ұлы Абай қарапайым пенделерше бір күнін, жылдарын ауыл аймағын ғана ойлап толғанбайды. Ол өткен заманалар мен болашақ дәуірлерге, тек қазақ емес, күллі адамзат қоғамына ортақ рухани заңдылықтарға көз жібереді. Абай орыс әдебиеттерімен, атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған. Абай Құнанбаев Н. Долгополов досымен бірге. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгерлердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған. Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”. Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”, т.б. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.Қарадан хакім болған сендей жанның, Әлемнің құлағынан әні кетпес.М.Жұмабаев Оспан Құнанбайұлы (оң жақтағы бірінші) Абайұлы Әбдірахман Кітапханадағы Абай Қалың елім, қазағым, қайран жұртым А.Байтұрсынов М.Жұмабаев С.Торайғыров Абай ізбасарлары Абайдың көзін ашқандар Өлсем, орным - қара жер сыз болмай ма? Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Н.Ә.Назарбаев Абай поэзиясы Табиғат лирикасы Халық мұңы лирикасы Өнер лирикасы Мінез лирикасы Білім – ғылым лирикасы Махаббат лирикасы Ескерткіштері