?арапайым тригонометриялы? те?деулер ж?не оларды шешу.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (есептер шығару).
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Қарапайым тригонометриялық теңдеулер шығару дағдысын қалыптастыру және олардың дербес түбірлерін анықтауды үйрету, формуларымен таныстырып, оларды есеп шығаруға қолдануы, деңгейлік тапсырма арқылы білімдерін бағалау
2. Дамутышылық. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, мактематикалық сауаттылығын арттыру.
3. Тәрбиелік. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Есеп шығару.
Көрнекілігі: Мультимедиялық мүмкіндіктер, формулалар, тест
Пәнаралық байланыс: Арнаулы пән, физика, этика, информатика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. • Оқушыларды түгелдеу; • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру; • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу ІІ. Үй жұмысын тексеру. Топ 4 топқа бөлінеді. Әр топ өзінің топ жетекшісін сайлайды. а) «Кубик-рубик» ойыны. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кубикті лақтырады. 1. sin x = a x=(-1)k arcsin a + ¶k 2. cos x=a X= ± arccos a + 2¶n 3. tg x = a X= arctg a + ¶n 4.ctg x = a X = arcctg a + ¶n б) Бой сергіту ойыны. Дұрыс жауабы. А В С sin x=─1 ¶ /4 3¶ / 2 2¶/3 sin x= 0 ¶ 5¶/3 ¶/6 cos x= ─1 ¶/3 3¶/2 ¶ cos x= 0 ¶/2 ¶ 3¶/4 tg x= 0 ¶/3 2¶ ¶/6 ctg x=0 ¶/6 2¶ ¶/2 А В С sin x=─1 + sin x= 0 + cos x= ─1 + cos x= 0 + tg x= 0 + ctg x=0 + Топ жетекшілері тексереді, ұпай қояды.
ІІІ. Есептер шығару. а) «Білім биржасы» ойыны. Тақтада түрлі-тісті конверттер ілініп тұрады Конверттердің ішінде деңгейлік есептер:
І деңгей: 1. cos x = ½ 2. sin x = -√3/2 3. tg x = √3 4. ctg x = 0
ІI деңгей 1. 2cosx = √2 2. √2sin x = 1 3. √3tg x = -1 4. √3ctg x = 1
ІII деңгей 1. 2cosx + √3 = 0 2. √2sin x + 1 = 0 3. √3tg x ─1 = 0 4. ctg x + 1 = 0
Топ жетекшісі ұпайларды санайды.
б) Топ жетекшілерінің сайысы. *Сәйкесін тап* ойыны Ою элементтерін қолдана отырып сұрақ арқылы оюдың сәйкесін табу.
ІV. Тестік жұмыс. (10 минут)
ІV. Қорытындылау. Топ жетекшілері ұпайларды санап, қорытындылайды.
V. Үй жұмысы: § 9, 61 бет.