Таным. Та?ырыбы: 8-саба?. Заттар тобын салыстыру.
Таным. Тақырыбы: 8-сабақ. Заттар тобын салыстыру.
Кіші сала:ҚМТҚ
Мақсаты: Заттардың үлкен және кіші санын анықтап салыстыра алу.
Міндеттері:1.Заттарды салыстыруға үйрету.
2.Заттардың үлкен кіші екенін анықтау.
3.»Артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Үштілдік:Түс-цвет-color,пішін-фигура- figure,көлем-объем- volume
Сөздік жұмыс: фигура, бұрыш, төбе, қабырға.
Көрнекіліктер:дәптер,үлестірмелі карточкалар
Әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Талаптандыру,
дәлелдеу Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық Балалар шеңберге тұрып бір-бірлеріне амандасып, жылы лебіздерін білдірді
Ұйымдастыру,
ізденіс Сабақ суретті қарастырудан басталады. Суретке мұқият көз жүгірте отырып, ненің теңдей екенін, қыздар көп пе, ұлдар көп пе екенін анықта. Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? Олар нешеу, қайсылары көп?Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет. Неше орындық, парта, сағат, тақта, екенін санаймыз.
Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек. Тапсырма беріледі: Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап.№2 тапсырмада №1тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады.
№3 тапсырма. Тиеген пирамидалар саны тап. Пирамидалар саны аз машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.
№4.тапсырма.Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен сурет берілген. Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз.Түсі мен пішінін заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта.
Сергіту сәті:
Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Бойымызға жинап күш. Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Балалар мұқият тыңдайды.
Суретке қарап қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отырғанын табады.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар пирамидаларды табады.
Балалар тапсырмаларды бояйды.
Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Қорытынды Балаларға бір текті және саны бірдей матрешка, текше, конус, саптыаяқ секілді заттардың үшбұрыш, шеңбер геометриялық фигураларды табады. Ойынды ойнап фигураларды қайталайды.
Білуі керек: Санау және кері санау бойынша білімдерін бекіту.
Хабары болуы керек: Топтар саны мен топтағы заттар саны арасында топтар орнату
-Істей білуі керек:Осы фигуралардан тапсырмаларды істей білу керек
Есеп:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------