?МТ? 3 ж?не 4 сандарын салыстыру. Жыл мезгілдері (к?з). О? жа?та, сол жа?та. ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті


«Қарлығаш» орта тобы
Технологиялық карта
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «3 және 4 сандарын салыстыру, үлгі бойынша санау, жұмбақтар. Жыл мезгілдері (күз). Оң жақта, сол жақта»
Мақсаты: Санау тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санауды үйрету (4 көлеміндегі сандар); Үлгі бойынша санау, екі топтағы заттар арасындағы теңдікті анықтау; Жыл мезгілі туралы білімін күшейту (күз); Заттардың орналасуын өзіне қатысты тұрғыда сөзбен жеткізе білуге үйретуді жалғастыру; Қағаз бетінде бағдарлай алуға дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға бос 2 жолағы бар карточка мен фигуралары (2 шаршы, 3 үшбұрыш, 4 шеңбер) бар тәрелке беріледі.
Сөздік жұмыс: салыстыру, санау, оң жақта, сол жақта, күз.
Үштілділік компонент: оң жақ-правый-right, сол жақ-левый-left, күз-осень-autumn.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог үстелдің бетіндегі 2, 3, 4-тен топтастырылған заттарды санатады. Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды. Сандар туралы өлең оқып беріңдер. Балалар заттың атауымен санын сәйкестендіре отырып санайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Педагог балаларға мынадай тапсырмалар береді:
- Жоғарғы қоршаудың ішіндег ішарларды санап шығыңдар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салындар.
- Доптарды санаңдар және сендер де бос орынға сонша доптың суретін салыңдар.
-Кәне, неше шар (үш), неше доп (төрт) салдындар?
-Доп көп пе, әлде, шар көп пе?
Суреттерді салыстырады.
Жұмбақ шешу.
Төрт аяқты, тағанды
Тасиды ол адамды.
Жанармайды құйып ап,
Тез жүріп ол зулайды. (Автокөлік)
Мүйізінен ұстап ап,
Айдайды адам абайлап.
Қане, балалар, ойланып,
Табыңдаршы, бұл кандай ат? (Велосипед)
Педагог балаларға 2-тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.
- Велосипедтің дөңгелегі көп пе әлде автокөліктің бе?
«Екі шапалақ» ойыны.Жоғары екі шапалақ, Алға екі шапалақ. Енді қолды артқа ұстап, қос аяқтап секіреді.
3-тапсырма.Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді:
Жапырақтар сарғайып,
Жерге ағылып төгілсе,
Құстарымыз жиналып,
Жылы жақты көздесе,
Күз дегенің осы ғой,
Жауын жауар жер тесе.
Күз мезгіліне тән белгілерді естеріне түсіргеннен кейін, дәптердегі суреттердін арасынан күз көрінісін тауып, бояйды.
Күз көрінісін бояу үшін кандай түстерді пайдаланатынын айтады.
- Суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері суреттелген?
4-тапсырма. Педагог балалардан он жақтағы суретті мұкият карап, ондағы заттардың қалай орналасканын айтып беруді сұрайды. Содан соң педагог балаларға мынадай тапсырма береді:
- Енді екінші суретте күнді киізүйдің оң жақ жоғарғы бұрышына, шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.
- Екі суретті салыстырыңдар. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Балалар санап, 3 шардың суретін салады.
Балалар санап, 4 доптың суретін салады.
Шеңберге қарағандадоптың біреуі артық, ал шардын допқа қарағанда біреуі кем.
Балалар жұмбақты шешіп, жауабын айтады.
Балалар тапсырманы
орындап, сұрактарға
жауап береді.
Балалар тақпақтын мәтіні бойынша жаттығулар жасайды.
Балалар өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар жапырақтарды сары, сарғылт, жасыл түстермен бояйды. Қыс, көктем, жаз. Күн жоғарғы сол жақ бұрышында, киіз үй ортасында, шырша оң жағында.
Балалар тапсырма бойынша күн мен шыршаның орнынтауып салады.
Екі суретті салыстырып айырмашылығын айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады. Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Бағдаршам көздерін бояуарқылы өз білімдерінбағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттарды санауды, жыл мезгілдерін (күз);
Игереді: үлгі бойынша санауды, екі топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды;
Меңгереді: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетінде бағдарлауды.