?аза? тілі (4-сынып) Та?ырыбы: ?ос с?здерді? тыныс белгісі


Алматы облысы Сарқан ауданы Қойлық ауылы
М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Бүркитбаева Тарбия Кеңесбаевна
Қазақ тілі (4-сынып)
Тақырыбы: Қос сөздердің тыныс белгісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, сөздерді қос сөздерге айналдыра білуді, арасына дефис қойылатынын меңгерту, қайталау.
Дамытушылық: Ой-өрісін, байланыстыра сөйлеу дағдысын өз бетімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, Отан сүйгіштікке, ізденгіштікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Жеке, топтық жұмыстар, ой қозғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, сызба, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
а) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
ә) Жұмбақ
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан.
- Бұл жұмбақтың шешуін не деп ойлайсыңдар?
- Жұмбақтың шешуі — Күн.
- Балалар, неліктен сабағымызды күнге қатысты бастап тұрмыз?
- Күн — тіршіліктің, байлықтың, тыныштықтың белгісі.
- Күн мемлекеттік нышанымыз, күн тудың ортасында орналасқан.
- Күннен адамға қандай қасиеттерді алуға болады.
- Мейірімділікті, жылылықты алуға болады. Күн әлемге ортақ, шуағы мол.
Мұғалім: Бола білсең күндей бол,
Жұрттың бәрін бірдей көр
Мейіріміңді аямай
Жылуыңды бере бер!
Балалар, біз өз Отанымызды Күнге теңей аламыз ба?
Ия, себебі біздің Отанымыз да күн сияқты бізге бақытты, молшылықты, тыныштықты, мейірімділікті сыйлайды.
Балалар, бүгінгі сабақта біз топтасып жұмыс істейміз.
- Біз алдыңғы сабақтарда қандай сөздермен таныстық?
- Күрделі сөздермен.
- Күрделі сөздер дегеніміз не?
- Тіркескен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер.
Жаңа сабақ: "Ой шақыру"
Ат, айғырлар, биелер
Шалғыннан жүні жылтылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса, сымпылдап.
- Бұл қай ақынның өлеңі?
- Қазақтың бас ақыны, кемеңгер Абай атамыздың өлеңі.
- Өлеңде күрделі сөздердің қай түрлері бар?
- Қос сөздер.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз күрделі сөздердің бірі- қос сөздермен және олардың түрлері, жасалу жолдарымен танысамыз.
Көркем жазу: Күн-түн, Отан-Ана.
- Қос сөздер жайлы не білеміз?

Қос сөздер

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер
Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер
Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер


Топпен жұмыс: Слайдтағы қос сөздерді оқып, сол сөздердің айтылуы бойынша ереже шығару.
Әр топқа тапсырма:
1) Әке-шеше, аға-іні, туған-туыс.
2) Жылы-жылы, сөйлей-сөйлей, қилы-қилы.
3) Ап-анық, жап-жасыл, әп-әдемі.
Осы сөздер қандай қос сөздер түріне жатады, талдату, дәлелдету.
Оқулықпен жұмыс: 54- жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз. 1- топқа.
55- жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт, қос сөздердің арасына дефис қойып, теріп жаз. 2- топқа
56- жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. 3- топқа.
Кестемен жұмыс: 58- жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр.
Ата-баба, кезек-кезек, тау-тас, күте-күте, быт-шыт, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, үп-үлкен.
Бір создің қайталануынан жасалған қос сөз Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөз Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөз
1- топ: Сәйкестендіру стратегиясы:
жылы шашын
жора мұны
жауын аймақ
жоғары жылы
ар жолдас
оны төмен
ауыл намыс
2-топ: "Сиқырын тап" ойыны:
Қора…қой жатыр.
Қарын…май жатыр.
Түйе…жүк жатыр.
Ауыл…ел жатыр.
3- топ: "Жұбын тап"
құрт-
бақа-
өте-
бірте-
қатар-
будақ-
зәулім-
тату-
қалт-
1- минут ішінде қос сөз жаса:
1- топ 2-топ 3-топ
ап- тап- жап-
ап- тап- жап-
ап- тап- жап-
ап- тап- жап-
ап- тап- жап-
Қорытынды: Не үйрендік, не білдік?
Бағалау: Әр топ жетекшілері өз тобындағы балаларды бағалайды. Мұғалім тарапынан бағалау.
Үйге тапсырма: 57- жаттығу. Қос сөздерді теріп жаз.
Қос сөздерге жаңылтпаш жазып келу.