Математикадан саба?ты? та?ырыбы:Онды?тан аттау ар?ылы ?осу ж?не азайту т?сілдерін енгізуге дайынды?


Сабақтың тақырыбы:Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту тәсілдерін енгізуге дайындық
Білімділік мақсаты: бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу және азайтудың жалпы тәсілдерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін пайдалану.
10 көлеміндегі сандардың құрамы, сандарды ондыққа дейін толықтыру, сандардың ондық құрамы негізінде қосу жөнінде алған білімдері жаңа тақырыпты меңгеруде негіз болып табылады. Сондықтан ауызша жаттығулар жүргізіледі.
ІІІ. Ауызша жаттығулар.
«Ондыққа дейін толықтыр» жаттығуы:
=105+ =102+ =104+
«Кім көп атайды?» ойыны.
Мәні 10, 8, 6, 9 … болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп атайды?
«Ақ тиін мен саңырауқұлақ» ойыны. Мұғалім балаларға ақтиіннің қыста саңырауқұлақтар қорын жинайтыны жайында әңгімелеп береді. Ақтиін өзінің азығын ешқашан бір ағаштың қуысында сақтамай, екі үш ағаштың қуысына жинайды. Ақтиін (мұғалім ақтиіннің суретін көрсетеді) күніне жеті саңырауқұлақтан кептіреді де, (санын өзгертуге болады) екі ағаштың қуысына жасырады. Сонда ақтиін әр ағаштың қуысына қанша саңырацқұлақтан жинайды?
Кім ақтиін болғысы келеді? Ақтиін бірінші күні саңырауқұлақтарды қалай бөліп салуы мүмкін? Екінші күні ше? Үшінші күні ше?
Сандар құрамының барлық нұсқалары айтылып болған соң, мұғалім мынадай сұрақ қояды: «Ақтиін жеті саңырауқұлақты қалай бөліп салады?»
Оқулықтағы жеті және сегізінші тапсырмалар ауызша есептеуге беріледі.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мысалдарды шешіңдер:
9+1+4=14 7+3+2=12
8+2+3=13 6+4+1=11
Біз алдымен шеңбердегі амалдарды орындадық та, 5 санын алдық. Яғни, біз 9+5, 8+5, 7+5, 6+5 мысалдарын шығардық, оңай болуы үшін біз 5 санын бөлшектеп қостық.
Бір таңбалы сандар арқылы ондықтан аттап қосу алгоритмі.
Бірінші қосындыны 10-ға дейін толықтыр.
Қалған бөлігін қос немесе қалған бірліктерді қос.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1-жаттығуды түсіндіру арқылы орындау. 2-жаттығу және 5-жаттығулар бастапқы пысықтауға арналады. Бұл тапсырмаларды бір таңбалы сандарды қосу тәсіліне жан жақты көңіл бөле отырып, орындаған дұрыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.