Саба? жоспары Сын есім туралы т?сінік


Келісемін:
Мерзімі:
14.03.2016ж
Сыныбы: 2 В Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Жакупова Н.К.
Тақырыбы Сын есім туралы түсінік
Мақсаты  Сын есім туралы түсінік беру. Сын есімге жаттығулар орындай отырып, мағынасына қарай топтап жаза біледі.
Міндеттері Білімділігі: Сын есімге жаттығулар орындай отырып, мағынасына қарай топтап жаза білуге баулу. Сөйлем ішінен сын есімді таба білуді үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыланады.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке,ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиеленедіү
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс –тәсілдер сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.
Көрнекілігі Оқулық, қатырма   қағаз, жіп,  қайшы , желім
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
Ерете, ерте ертеде «қазақ тілі» тілі деген үлкен патшалық болыпты. Ол патшалықтың 9 сөз табы болыпты. Олар өздерінше жеке-жеке ел болған екен. Өздеріне қатысты ережелері, сұрақтары және құпия өздері болыпты. Сол елді мекендердің біз тек төртеуін аралап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен танысып, білген болатынбыз. Бүгінгі сабақта сын есімдер елінде болып, сол елдің тарихымен танысып, білімізді көрсетеміз
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау. 
Зат есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Мысал келтіріңдер.
Етістік дегеіміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Мысал келтіріңдер.
Жаңа сабақ.  Схема арқылы түсіндіріліп өтіледі. Сын есім туралы түсінік. Сын есім дегеніміз-қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сының, сапасын, түр-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табы.
left000
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу Әдемі құс, жақсы оқушы
1-жаттығу.
Сұрақ бойынша қоянды сипатта.
Қоян қайда жүреді?
Қоянның түсі қандай?
Қоянның құлағы қандай?
Қоянның терісі қандай?
Ол неден қорқады?
Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сынесімдерді қолдандың?
407-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау –қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау –көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.
Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?Ол сөздер нені білдіреді?
Заттың түрін,түсін сапасын білдіретін сөздерді сын есім дайміз. Сын есімдерге қандай? қай? Деген сұрақтар қойылады: көк,әдемі,тәтті,жақсы,үлкен.
408-жаттығу.Мақалды жатқа жаз
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қане, сапты түзейік,
Қызыл, сары гүлдерді,
Құшағымызға жиайық.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытындылау:
410-жаттығу.Бағандағы сөйлемдерді салыстыр.Сын есімнің не үшін қажет екенін дәлелде.
Үйге тапсырма: 411-жаттығуБағалау