?аза? ?дебиеті ?аза? ?ліпбиі.
Қазақ әліпбиіҚазақ тілі 5 - сыныпСабақ тақырыбы: Қазақ әліпбиіСабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен танысады, өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізіп, тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыланады және басқаның еңбегін әділ бағалауға үйренедіСабақтың типі: жаңа сабақСабақтың әдісі: Бірін - бірі түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.Сабақтың көрнекілігі: плакат, түрлі түсті фломастерлерПәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.Мұғалімнің іс - әрекеті: Өткен тақырыптар, жаңа сабақ барысында ашық сұрақтар қою, Кластер толтырту және бағыт - бағдар беру, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, кесте дайындауОқушының іс - әрекеті: Бірін - бірі оқыту арқылы түсіну, сұрақтарға жауап беру, оқулықпен жұмыс жасау, талдау, топтастыру, Кластер құру, эссе жазу.Күтілетін нәтиже: Өткен сабақта алған білімдерін бекітеді, топпен, бірін - бірі оқыту арқылы жаңа сабақты түсінеді, жаттығу жасау, талдау жасау арқылы білімдерін кеңейтеді, топтастыру жұмыстарын жасай отырып өзін - өзі бағалауға үйренеді, түсініктеме кестесін толтыру арқылы ойларын жинақтайды.Бағалау формасы: топбасшының бағалауыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:«Шаттық шеңбері» қуаныш сыйлау. Санау арқылы 3 - топқа бөліну.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.2. Жаңа сөздің біріне мәтін құраІІІ. Жаңа сабақ Топтық жұмысА) Ойлан, топтас, пікірлес.- Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер? (топтастыру)Ә) Жұмыстарын қорғау (бірін - бірі қайталамай, толықтырып отыру керектігі ескертіледі)Б) Оқулықпен жұмыс ( топпен жаңа тақырыпты оқып, сызбаларын толықтырады)В) Кластер қорғау.Оқулықтағы ережені пайдаланып кластерді толтырадыӘріп↓42таңбаЖазба түрі барБаспа түрі барСөздіктерде пайдаланыладыБас әріпКіші әріпОрналасу тәртібі барТөл 9 әріп барГ) Сергіту сәті «Айна»ІY. Тапсырма1 - топ - Әріптерді әліпби ретімен жазу2 - топ - Жоғалған әріптерді қой.Қ... за...... азба м... ралар... ны... к... пш... лігі ара... ә... іпби... арқ... лы біздің... ама... ымы... ға жет... і. 1912 жы... ы... хмет Ба... тұр... ынов а... аб әліп... иін... н.. гіз... елген қа... ақ жазуы... а ал... ғаш ре... орма жа... а... ы.3 – топ - Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал, дидар.Жұмыстарын қорғауҮ. РефлексияА) Мына сандардың мәнісін айтыңдар (ауызша)42 -40 -2 -15 -26 -1912 -1929 -1940 -Ә) Эссе жазуҮІ. Үй тапсырмасы1. 239 - жаттығуды шарты бойынша орындау2. Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келуҮІІ. БағалауТоп басшысы ұпайларын санап, қойған бағасын айтады. Өздерінің қойған бағаларымен салыстырып, пікірлерін айтады.