Планирование по казахскому языку на тему Пословицы-поговорки про хлеб


Сабақ тақырыбы: «Нан» туралы мақал мәтелдер.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық ой қиялын дамыту.
Әдіс-тәсілі: баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап, жандандыру.
Сабақ түрі: диалог, саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ, сергіту сәті, тиым сөздер, мақал-мәтелдер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылық ояту. Жылулық шеңбері
Бір- біріне деген жылы сөздер арнау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Мағынаны тану.
Желілі сурет бойынша жұмыс.
-Балалар тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып, жаңа сөздермен танысып ,бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып көрейік.
1. Жерді жыртады-землю пашут
2. Дәндерді себеді-сеют семена
3. Бидайды суғарады-полевают пшеницу
4.Бидайды комбайнмен орады-комбайном собирают пшеницу
5. Машинамен элеваторға тасиды-на машинах привозят в элеватор
6. Ұн жасалады-делается мука
7.Наубайханада нан пісіреді-в пекарне пекут хлеб
8.Нан дүкенде сатылады- хлеб продается в магазине
9. Нан дастарханда-хлеб на столе
-Міне, балалар нан осыншама еңбекпен келеді.
Мақал-мәтелдер.
Нан-береке бастауы
Нан-көп болса, қарның тоқ болар
Нан-күш қуаты
Дастархан көркі-нан
Нан –астың атасы.
Тақырыпты ашу.
-Сонымен, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Олай болса, нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көрсетейік. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, нанға, диқаншыларға, наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді.
Сергіту сәті. Интерактивті тақтада сергіту сәті көрсетіліп, оқушылар бірге орындайды.
-Балалар, нанға қатысты қандай тиым сөздер білесіңдер?
1. Нанды бір қолыңмен үзбе.
2. Нанды жерге тастама.
3. Нанды баспа.
4. Нанды төңкеріп қойма.
5. Нанның үстіне зат қойма.
Проблемалық сұрақ.
-Нанды неге баспайды?
Ертегілер еліне саяхат. «Бауырсақ» ертегісі. Ертегіні көріп, мазмұндау.
Кейіпкерлер: Атай, әжей, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр,түлкі.
Бүгінгі күнмен байланыс.
-Балалар бүгін аптаның қай күні?-Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз не пісіруші еді?/шелпек, бауырсақ/
-Ұннан тағы қандай тағамдар пісіріледі?/нан, бауырсақ, шелпек, бәліш, бөлке, печенье, тоқаш,құймақ, кекс, торт/
Үйге келген қонаққа «Наннан ауыз тиіңіз» деп айт керек.
Топпен жұмыс.
1 топ. Еттен жасалатын тағамдарды жазып шығады
2 топ. Сүттен жасалатын тамақтарды жазып шығады.
Жұмбақ шешу.
Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар. /бидай/
1 топ. Наубайшы, егінші сөздерін жекеше және көпше түрде жіктеп шық
2 топ. Тірек сөздерден сөйлем құрастыр.егін, қырман,диірмен, еңбек, наубайхана, нанды қадірлеу.
Топпен жарыс. « Нан» туралы өлең жатқа айту.
Ой толғаныс. Біз не білдік? Жылулық шеңбері
Нанның бидайдан өсетінін
Нанды қастерлеу керектігін
Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін
Нан-дастарханға еңбекпен келеді.
Сабақты аяқтау.
Бағалау. Үйге тапсырма.
Нан туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер жазып келу.
Кері байланыс. Рефлексия парағын толтыру.
Тақтаға: білемін, білгім келеді, білдім стикер парақшаларын жапсырады
Жылулық шеңбері. Бір- біріне деген жылы сөздер арнау.
Үй тапсырмасын сұрау.

Мағынаны тану.

Мақал мәтелдер.

Сергіту сәті.

Проблемалық сұрақ.

Ертегілер еліне саяхат. «Бауырсақ» ертегісі. Ертегіні көріп, мазмұндау.

Топпен жұмыс.


Топпен жұмыс.

Кері байланыс. Рефлексия парағын толтыру.