Реферат та?ырыбы : ?ажым??ан М??айтпасов
Қажымұқан Мұңайтпасов«Күш атасын танымайды» деген мақалдың кімдерге айтылатынын сендер білесіңдер ме? Мұндай құрметке ие болғандардың бірі – дүние жүзіне атағы әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов аталарың.
Жоқшылық салдарынан жастайынан еңбекке араласқан Қажымұқан (өз аты Мұқан) Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласы) Н.И.Масликов дейтін саудагерге жалданып, жұмысын істейді – малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Қыстың күні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып қалады. Ол дәу шана шөпті бір өзі сүйреп ауылға жеткізеді. Қаршадай ғана баланың мына жойқын күшіне үлкен-кіші түгел таңданады. Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.
Қажымұқан он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық циркте өтіп жатқан балуандар күресін көреді. Бір күні чемпионаттың күшті балуандарының бірі – А.И.Злобин көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма, деп сұрайды. Кілемге жас өспірім Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуге орыстың кәсіпқой балуандырының бірі А.Н.Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осы «тұсау кесерден» сон-ақ оның спорттағы үлкен жолы басталды. Петербургте (қазіргі Ленинград) «Ваня аға» деген лақап атпен жұртшылық құрметіне бөленген И.В.Лебедеевтің тәрбиесінде болып, классикалық күрес пен цирк өнерін шын беріле үйренеді, жалықпай жаттығады.
Күрес тәсілдері мен өз мүмкіндігін жете меңгерген Қажымұқан 1908 жылы «Ямогата Маханура» деген бүркеншік атпен дүниежүзілік аренаға шықса, бір жылдан кейін Ригада өткен дүнижүзілік біріншілікте бас бәйгені жеңіп алып, алтын медальға ие болды.
Жеңіс жолы одан әрі жалғасты. 1910 жылы Москва мен Петербурге Георг Лурих, Циклоп-Бенковский, Алекс Аберг тағы басқа да күшті балуандармен белдесті. Сол жылы Оңтүстік Америкада ол жанкүйлерді өз өнерімен тәнт еті. Ал 1911 жылы Варшавада болған дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальды жеңіп алды.
1913 ж. Қажымұқанның аты ерекше шықты. Троицкіде өткізілген халықаралық жарыста 18 балуанның жауырынан жерге тигізді. Париж , Стокгольм, Кабул, Тегеран, Харбин сияқты ірі қалаларда өткен белдесулерде жеңіс жолын жалғастырады. Оның есімі орыстың аты шулы балуандары – И.М.Поддубныймен, Иван Шемякинме, И.М. Заикиндермен қатар аталды. Түріктің жауырыны жерге тимеген әйгілі балуандарын жыққаннан кейін оған «Қажы» атағы беріліп, жұрт оны Қажымұқан деп кетеді. Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.
Қажымұқан ғажайып балуан болумен бірге туған халқының асқан патриоты да. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасының ұлғайып кеткеніне қарамастан, халық арасында өнер көрсетіп, одан жиналған қаржыға самолет жасатып, Отанын қорғап жүрген ұшқыштарға сыйлайды. Ол «Құрмет Белгісі» орденімен марапаталып, «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ алды. Батыр атамыздың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында республикамыздың елді-мекендеріне, қалалардың көшелеріне, мектептеріне Қажымұқан есімі берілді. Классикалық күрестен одақтық деңгейдегі дәстүрлі Қажымұқан атындағы жүлде жыл сайын сарапқа салынады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі№15 орта мектеп
-1905234315 РЕФЕРАТ
00 РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қажымұқан Мұңайтпасов Орындаған: З б сынып оқушысы Сайынов Нұрбек Тексерген: Сарсембаева Зульфия Ақтау 2012 ж.