Саба?ты? та?ырыбы: ?.?бді?адіров «?ажым??ан» (5 сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 01.03.2015
Сынып: 5 «а», «ә»
Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.
2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар,
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Шоқандай –ғалым ». Шығарма жазу.
ІІІ.Жаңа тақырып. Қалмақан Әбдіқадіров «Қажымұқан» хикаяты



Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
… HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1944" \o "1944" 1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин».
Әңгіменің компазициялық құрылысы:
Әңгіменің басталуы: Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау
Әңгіменің дамуы: Орлий Масликовтың жалдамалы қызметіне ауысуы
Әңгіменің шиеленісуі: Бір шана шөпті бай үйіне жаяу сүйретіп келуі
Шарықтау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы
Әңгіменің шешімі: Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша топтарға бөлу және оқу.
І топ: «Қар күреген бала» , «Жаяу сүйреген шана»
ІІ топ: «Ұлы Петрдің қаласында»
ІІІ топ: «Парижде»
«Кейіпкерлер» стратегиясы .Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
Кейіпкерлер Іс-әрекеті Мінезі
Мұқан Орлий Масликов Иван Лебедев Дувный VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап.
Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті.
Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
Мұқан бір шан шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті?
Қазақтың ата – анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Мұқанның мінез – құлқын, сыртқы түрін шығармадан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазба түрде мінездеме беріңдер.
2. « Шана сүйреген Мұқан» деген көріністі жазып, әңгімелеп беріңдер.

VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.