Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері 8-сынып?а арнал?ан т?рбие жоспары
Тәрбие сағатының тақырыбы Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Мақсаты:
1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу.
3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.
Ресурстары: баяндау, ой толғау.нақыл сөздер.,мультимедиялық көрсетілім, слайдтар, өлеңдер жинағы, ойын , парақшалар т.б.
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек.
Психологиялық хал-ахуал туғызу.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге қойыңыз.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.
Дархан-дарындымын
Сания-сыпайымын
Ертарғын-еңбекқормын
Айым-ақ көңілдімін
Сандугаш-сабырлымын
Адемау-ақылдымын
Бексұлтан-білімдімін
Гульжан-гауһар тастай қымбаттымын
Асем-ақ пейілдімін
Әлим-әлдімін
Сара-сабырлымын
Ғазиз-ғибрат алам атадан
Жансейт-жанашырмын
Ибрагим- именгішпін
Айтолқын-абыройлымын
Амина-ардақтымын
Алия-адамгершілігі мол адаммын
Алдияр-арлымын
Асемгуль-арумын
II. Кіріспе бөлім: Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)
Сұрақтар:
Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?
Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып,балалардың әңгімелерін,берген жауаптарын толықтыру/.
III. Негізгі бөлім:
Поэзия минуты Не жаман , не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.)
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,Көреді бәрін де өз баласындай.Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,Қыранның қырдан байқар баласындай.Жаман парқы жақсымен бірдей емес,Жақсы жігіт елінің ағасындай.Жақсының сөзін әркім пайдаланар,Миуалы алма, өріктің ағашындай.Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.Жақсы адам қай жерден ажырайды,Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.Жамандар - өтірікші, өсегі көп,Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,Жанбай қалған ағаштың шаласындай.Соқтығып әркімге бір ұрынады,Сиырдың тентек болған танасындай.Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,Жылқының қотыр болған аласындай.Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,Жұғымды болар елге еркесіндей.Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.Жақсы болар баланың жүзі жақсы,Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,Жасынан бірге өскен еркесіндей.Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,Жаман адам балтаның ұңғысындай.«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.Жақсы адам алысты жақын етер,Беттескен екі таудың тұрғысындай.Жамандар өсек-аян айтып жүрер,Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.Екеуін салыстырып әдейі айттым,Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.
Не жақсы?
1.Біріншіден не жақсы?
Биязы мінез тіл алғыш
Бал-бұл жанып жүретін
Бауырмалдылық сол жақсы.
2.Екіншіден не жақсы?
Ерте жатып мезгілмен
Ерте тұрып төсекті
Ерінбей жисаң , сол жақсы
3.Үшіншіден не жақсы?
Үйдің ішін тазалап
Үстіне де қарайлап
Үлгіре алсаң сол жақсы.
4.Төртіншіден не жақсы?
Тал шыбықтай таңертен
Тамаша әдет сол жақсы
5.Бесіншіден не жақсы?
Былдырламай көбірек
Байыпты да байқағыш
Бала болсаң сол жақсы
6.Алтыншыдан не жақсы?
Ашу деген бәледен
Алшақ жүріп жанаспай
Ақылды болсаң сол жақсы
7.Жетіншіден не жақсы?
Жауқазындай жайраңдап
Жұрт ісіне қайран қап
Жатса шіркін, сол жақсы.
8.Сегізіншіден не жақсы
Саспай, жастай өнердің
Сүйсен бәрін беріліп,
Сан істерден сол жақсы
9.Тоғызыншыдан не жақсы?
Тәтті досқа сөз беріп
Танып жүрмей артынан
Табынды болсаң сол жақсы.
10.Оныншыдан не жақсы?
Ойлап істеп ісіңді
Озып шықсаң ортадан
Бәрінен де сол жақсы
1.Не жаман?
Біріншіден не жаман?
Беті –қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Бейбастық өссең ,сол жаман.
2.Екіншіден не жаман?
Ессіз деніп, желпініп,
Екіленіп, ерігіп.
Ерке боп өссең , сол жаман
3.Үшіншіден не жаман?
Ұшып қонып жүретін
Шегірткедей жеңілтек
Ұшқалақ болсаң , сол жаман
4.Төртіншіден не жаман?
Төменде тұрған өздерің
Төбеде тұрған алмаған
Талассаңдар, сол жаман.
5.Бесіншіде не жаман?
Бар кітабың шашылып
Берілген сабақ оқылмай
Екі алсаң сол жаман
6.Алтыншыда не жаман?
Ата-ананың ақылын
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң ,сол жаман
7.Жетіншіде не жаман?
Жиренішті әдеттен
Жирене білмей кезінде
Жетесіз болсаң ,сол жаман
8.Сегізінші не жаман?
Соқтықпай күнде ойнайтын
Серік таппай қиналып
Сергелден болсаң сол жаман
9. Тоғызыншы не жаман?
Топ ішінде мақтанып,
Төбелесіп жұртпенен
Таяқ жесең сол жаман
10.Оныншыдан не жаман?
Ойын қуып жасыңда,
Оқусыз өтсен, балақай
Бәрінен де сол жаман
Өлең оқу.
Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.
Ғылым таппай мақтанба Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз Тілеуің өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз Өсек өтірік мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ Бес дұшпанды білсеңіз
Талап еңбек терең ой Қанағат рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Слайдтан көрсету: 5 жақсы қасиет- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 жаман қасиет -Өсек өтірік мақтаншақ,еріншек ,мал шашпақ
Мақал –мәтелдер айтЖақсылық пен жамандық туралы.Оқушылар өздері айтып шығады.
Ал,балалар,мен сендерге Л.Толстойдың «Екі дос»деген әңгімесін айтып берейін.
Орман ішінде екі дос келе жатқанда олардың қарсы алдынан аю шығады.Сонда біреуі жолдасын тастап қашып ағашқа өрмелеп шығып,тығылып қалады.Ал екіншісі жолда қалады.Ол не істерін білмей,жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелеп,өлі екен деп кетіп қалады. Аю кете салысымен,досы ағаштан түсіп жолдасына келіп:
-Аю құлағыңа на деп сыбырлады?-деп сұрайды.
-«Қауіп-қатер төнгенде,қиналған уақытта досын тастап кеткен адам жақсы адам емес,ондай адаммен дос болма» -дейді.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап аламын.
1.Екі достың алдынан не шыға келді?
2.Досы неге қаша жөнелді?
3.Бұл досты қандай дос деп ойлайсыңдар?
-«Нағыз дос» деп қандай адамды айтуға болады?
Достықты тек жақсы сөздері ғана емес,жақсы істері арқылы тануға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Бір-біріңе адал,сенімді болсаңдар достықтарың тұрақты болады
Сиқырлы сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік
« Ақиқат немесе жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер:
Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын
Ініме оқку үйретемін, Кішкентай баланы ұрмаймын
Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін
Сабақтан кешікпеймін,Досыма көмектеспеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын
Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын,Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Үлкендерге сәлем беремін,Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын
Күлді баспаймын,Жақындарыма көп жақсылық жасаймын
Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!
ІV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)
«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.
Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.
Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жақынды,досты аяла,
қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
жақсылық жерде қалмайды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!
Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.
( ашық тәрбие сағаты)
Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатігез болсаң -* сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,Көреді бәрін де өз баласындай.Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,Қыранның қырдан байқар баласындай.Жаман парқы жақсымен бірдей емес,Жақсы жігіт елінің ағасындай.Жақсының сөзін әркім пайдаланар,Миуалы алма, өріктің ағашындай.Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.Жақсы адам қай жерден ажырайды,Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.Жамандар - өтірікші, өсегі көп,Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,Жанбай қалған ағаштың шаласындай.Соқтығып әркімге бір ұрынады,Сиырдың тентек болған танасындай.Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,Жылқының қотыр болған аласындай.Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,Жұғымды болар елге еркесіндей.Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.Жақсы болар баланың жүзі жақсы,Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,Жасынан бірге өскен еркесіндей.Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,Жаман адам балтаның ұңғысындай.«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.Жақсы адам алысты жақын етер,Беттескен екі таудың тұрғысындай.Жамандар өсек-аян айтып жүрер,Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.Екеуін салыстырып әдейі айттым,Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.
Бір диуана ел аралап шахардан шахар кезіп;қоржынын арқалап жүреді екен.Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек .Күндердің күнінде келе жатып есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге келеді.Әйел оны көріп :- О,жаман неме міне саған жақсылық та,жамандық та мынаны же де өл,-деп у қосылған нанды береді.Бір күні келе жатып диуана жүрген жерің қайырымды, мейірімді болсын- деп сәлем береді керуен басы.Азық таусылып, біздің күніміз қиын болды.Мына қарақшыларға тоналған әкелі, балалыларға жүрек жалғар бірдеңең бар ма?Қайыршы қалтасындағы нанды алып екеуіне бөліп береді.Нешекүн нәр татпаған олар қомағайлана жеп алады.Сәлден соң бірінен соң бірі құлап, тіл қатпастан қалады.Керуен адамдары диуананы сабай бастайды. Бір кезде ол үн қатып : -Уа, қайырымды адамзат жазықсыз мені таяқтамаңдар.Мен ел берген садақаны алып жүре беремін.Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін – дейді.-Жүр,баста онда сол үйге –деп керуеншілер манағы үйдің жанына келеді.Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады.Хәл үстінде жатқа күйеуі мен баласын көріп, өз ісіне өкінеді.Әйелдің жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз алдына келеді.Жасаған жамандығына өкініп, ақыры ішқұса болып өледі.Міне «Жақсылық етсең өзіңе ,жамандық етсең өзіңе» деген осыдан қалған.Күн: Міне балалар,адамдығыңнан айнымай, айналама қамқор болып, жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас болың.Адам жаман-жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап,бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің мұратына жете алады.Сондықтан да мен сіздерге жақсы адамға жолдас болатын мейірімділік, сыпайылық,адамгершілік қасиеттерінің шуағын төгейін.Ешқашан да адамгершіліктің шуағы сөнбесін!