Воспитательный час на тему: Т?уелсіздік туы биікте!
Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты
Тәрбиелік шара
«Тәуелсіздік туы биікте!»
Өткізген: тәрбиеші Мырзағалиева Сания
Мақсаты:Балаларға еліміздің тарихы туралы түсінік беру,өз Отаныны сүюге,туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Коррекциялық мақсаты:Өз Отанын сүюге тәрбиелей отырып,сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, видеоматериал, мемлекеттік рәміздер
Жүргізуші:Қазақстан біздің сүйікті-Отанымыз.Әрбір адамның огтбасы,тұрған мекені,өскен ортасы болады.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің кұтты болсын,Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!-деп барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып,ашық аспан,жүздеріңізге күлкі,зор қуаныш тілеймін.
Бақыт,тірлік-күн,талабы,
Тоқтамайды шаттық әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны.
(әнұран орындалады)
16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік туы биікте!»-деп аталатын шарамызды бастаймыз.Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны болады.Сол сияқты біздің де сүйікті мемлекетік рәміздеріміз бар.Олар сүйікті әнұранымыз,еңсесі биік елтаңбамыз және көгімізөде желбіреген көк туымыз.Олай болса,балалар Тәуелсіз еліміз туралы,рәміздеріміз туралы жаттаған өлең,тақпақтарымызды айтайық.
1.Қазақстан туған елім,
Алтын бесік-Ақ ордам
Даңқың сенің арта берсін
Елім менің жаңарған.
2.Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемнің әйгілі,
Ата-баба қанымен,
Келген бізгетәуелсіздік құт болып,
Қалды еліме.
3.Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы
Бұлт баспапсын тауымды
Тарылмасын өрісім
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
Жүргізуші:Осы желбіреген көк туымыздың авторы,Алматы қаласының бас суретшісі-Шәкен Ниязбеков аталарың.
4.Ей,қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны
Жер-суын қорғау бабамның
Емес пе еді басты ұраны.
5.Қыран бүркіт көмкерген,
Күлімдеген күні бар
Әсема бейне сен көрген
Жай бейне емес біліп ал,
Мағыналы,сымбатты,
Бізде осындай бар белгі
Маған,саған қымбатты,
Елтаңбасы ол елдің.
Жүргізуші:Ал,Елтаңбамыздың авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотамани Уәлиханов.
6.Отан-атам
Отан-әкем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса
Неге біздер
Дейміз оны «Атамекен!»
7.Туымызға жас туған
Бар қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз,көктейміз.
8.Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер
Отан-ана
Қазақстан-туған жер!
Жүргізуші:Отанды біз Атамекен деп аялап атамыз,
Өйткені мекен еткен бабамыз бен атаймыз!
Ән: «Отан»
Жүргізуші:Балалар,еліміздің астанасы қай қала?Астана қаласы Астана-Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің рәмізі.
Астана-шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы.
Астана-арман қала,
Шалқыған асқан дала
Тұрады жап-жас болып,
Мен өскен нұрлы қала.
Жүргізуші:Аленді,балалар,Отанымыз,туған еліміз, туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтады.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Жүргізуші:Қымбатты оқушылар,алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап,кең даласы нанға толып,көлдері көкке күмістер шашып,тілімнің мәртебесі биік болсын!
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің
Алғадайсың жұлдызыңның жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,алыбым!
Өз Отанымыз Қазақстанда болашақта гүлденген,дамыған елдердің қатарына қосу үшін,үлгілі,тәртіпті болу,үлкенді сыйлау,іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.
Міне,балалар,Қазақстанның Тәуелсіздік алған мерейлі күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Мереке құтты болсын!
Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»