Мектеп жасына дейінгі балалар болаша? ?о?ам иесі



Мектеп жасына дейінгі балалар болашақ қоғам иесі
Рымқұл Айдана Өміртайқызы
№68МИББ кешенінің
балабақша тәрбиешісі.
Мектеп жасына дейінгі балалар болашақ қоғам иесі болғандықтан,дүниежүзілік мәдениетті танитын,өзінің төл мәдениетін білетін,сыйлайтын рухани дүниесі бай,жоғары саналы болуы міндетті.Ғасырлар бойы жинақталған тәжірбиесін,мәдениетін жас буынның бойына саналы сіңіру,қоршаған ортадағы қарым-қатынасын мінез-құлқын өмірге деген моральдық көзқарасын,бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.[1]
Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәстүрде педагогикалық ой пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.Қазақстанда XIX-XY ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын жыраулары(Асан Қайғы,Жиембет,Бұқар,Махамбет және т.б)өз толғауларында адамгершілік, тәрбиелік мәні мол қанатты сөздерді,ұлттық дәстүрлерді жақсылықпен жамандық туралы сыршерткен.Ізгі ниетті жан болуға шақырған.Адамгершілік тәрбиесі туралы Я.А.Каменский: «Егер егістікті отамайтын болсақ,егістікке қауіп төндіретін арам шөп өседі»Гере ағаш бұтақтары кесіліп отырмаса жабайыланады.Я.А.Каменский өз пікірлерін білдіре отырып,адамгершілік тәрбиесіне зор мән берген; «Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес,бірақ тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығу-біздің қолымыздағы нәрсе деген болатын».
Д.Локтың педагогикалық пікірінде гумманизм және адамды силап құрметтеу элементтер орын алады.Оның пікірінше адамгершілік тәрбиенің нақты тәсілдері мен құралдары мынандай қағидаларға негізделуі тиіс: табиғатқасәйкестігі,бала табиғатын жеке зерттеу және оларда даралық қатынас орнату: тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілікпен білдірумен ұштастыру.
И.И.Гербарт пікірінше,адамгершілік тәрбиенің мақсаты-мінез-құлықты қалыптастырады.Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі.Осыған байланысты адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың салалы қызуғушылықтарымен адамгершілікті елестеулеріне негізделеді деп есептеді.Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды ойын арқылы іздестіруі тиісті деген идеясына біздер қосыламыз.
Адамгершілік тәрбиесі туралы ой-пікірлер,толғаулары осы күнде де өз жалғасын тауып келеді.Олай болса қазақтың ұлттық ойындарын үйрету арқылы жас ұрпақ адамгершілік асыл қасиеттеріне: ар-ұят,сыпайыгершілік сақтауға еңбекті қадірлеуге,қайырымдылық,рақымдылық,жолдастыққа,жерін елін сүюге тәрбиелеу проблемалары Т.Қуанышев,Г.Нұрқанова,А.Асарбаева,Ә.Наурызбайқызы,А.Табілдиев,
А.Тұрабаев т.б. Зерттеулерін де қарастырылды.[2]
Баланың бүкіл өмірі ойыншықпен байланысты екенін білеміз.
Ойыншық-әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Біздің ойымызша,психологиялық,педагогикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ,ойыншық баланың өмірінің мәнін толықтыруға соның негізінде тезірек есейюге ықпал тигізеді (ой-өрісін кеңейтеді,бейнеленген заттармен өмір құбылыстарына деген ықпалын тәрбиелейді,дербестігін дамытады,өзара қарым-қатынастарын өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеттерін дамытады).
Сонымен мектеп жасына дейінгі баланың дамуымен тәрбиесінде біріншіде ойынға ерекше мән беріледі,себебі ойын бала өміріндегі негізгі іс-әрекеттің түрі болып табылады,екіншіден жеке тұлғаның қалыптасуын еріртік қасиет саналады дамудың құралы болып табылады.Ойын адамгершілік тәрбиенің негізгі әдісі.Оған қысқаша мынадай сипаттама береміз.
Үлгі ету-адамгершілік тәрбиенің негізгі әдісі.Адамгершілікке тәрбиелеудің әдісі ретінде басқа әдістермен бірлікте ойын барысында елеулі рол атқарады.
Түсіндіру-барысында балалардың тәртібіне қойылатын талаптар,үйрету,тікелей нұсқау беру түрінде өтеді.
Сендіру-баланың санасына,сезіміне,еркін мақсат көздей отырып,ойын арқылы жағымды әдеттерге,қасиеттерге баулиды.
Адамгершілікке тәрбиелеуде баланың ойын-әрекетін мақұлдау әдістері қолданылады.Мұндай педагогиканың адамдарға барынша талап қою және оны барынша құрметтеу сияқты жалпы қағидаларына сүйенеді.
Мақұлдау баланың жақсы іс істесек деген тілегін тудырады,бірақ бұл тілек күйінде ғана қалып қоймай,баланың ой-әрекетіне,мінез-құлық тәрбиесіне ауысуын қамтамасыз ету керек.
Мақылдау қарапайым түрі іс-әрекет дұрыстығын қолдау.Кінәлау-ықпалды әдіс,кінәлау әділ болмаса баланы ренжітіп жасытады.Бұл да мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылмаса,балада нашар мінез-құлықтың айналуына себеп болады,кінәлаудың түрлері-ескерту,сақтандыру,сөгу.
Ескерту баланың жасаған кемшілігін оңай жөндеуге болатын кезде қолданылады.Бірақ оны жиі қолданылса,тәрбиелік ықпал күшін жояды,себебі бала оған үйретіп кетеді.[3]
Балалар бұл қағидаларды күнделікті өмір сүру барысында және ойынды қабылдап,дағдыланады.Дегенмен,адамгершілік,қағидаларды ережелер моральдық өлшемдер мәңгілік,бірақ та кейбір адамдар да нақты байқалады,ал біреулер бұл қағиданы ескермеу мүмкін.Ал,бірақ мұндай бала жеке тұлға субьект ретінде өзін ойын кезінде танытуға ұмтылатын,өзін іс-әрекетте қалыптастыруға бағыттайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Көркем әдебиет дидактикалық материал. Алматы.Аруна баспасы.
2.Мухина В.С. Психология дошкольников.Алматы. 1986жыл.
3.Тіл дамытудың ғажайып әлемі.Алматы.Аруна баспасы.