Себеп ба?ыны??ы саба?тас с?йлем (8 класс)


Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемСабақтың мақсаты:Оқушыларға себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беріледі.Сабақтың міндеттері:Мазмұнға байланысты міндет1. Себеп бағыныңқының баяндауыштарының жасалу жолы түсіндіріледі, сұрақтарымен таныстырылады.2. Сыни ойлауды дамыту. а арналған міндета) Оқушының себеп бағыныңқы туралы түсінігі қалыптасады.ә) Оқулықпен жұмыс істей отырып, теориялық білімін жаттығу - талдау жұмыстары арқылы бекітеді3. Топтық міндетБірлесе отырып жұмыс істеуге, пікірін дәлелдеуге үйренеді.Көрнекілігі: Себеп бағыныңқы сабақтас сызбасы, үлестірмелі парақша, слайдСтратегиялар: топтастыру, Венн диаграммасы, екі жақты күнделікСабақтың құрылымы:І. Қызығушылықты оятуАбай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақырды. Осы сөйлемнің баяндауышын табады. Жасалу жолын түсіндіреді.- Бұл қай құрмалас сөйлем?- Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемІІ. Үй тапсырмасы сұралады.Сабақтастың қандай түрлері бар? Оқушылар топтастырады.МезгілМақсат Сабақтас шарттықимыл - сын қарсылықтыСебеп бағыныңқыІІІ. Жаңа сабақ1. Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.2. Плакаттағы сөздерді оқып, баяндауыштарын табады.3. Қосымша ережені қорытып түсіндіремін.4. Себеп бағыныңқы сабақтастың сұрақтары мен қосымшаларын топтастыру әдісі арқылы жинақтаймыз. Оқушылар дәптеріне жазады.ІҮ. Кітаппен жұмыс.134 - 137жаттығуларды орындауҮ. Қима қағазбен жұмыс.№1 Сабақтас(себеп бағ.) құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан, местегі малта да таусыла бастады.№2 Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз.Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.№3. Жасалу жолын түсіндірМаған мына кітаптың бір жері қатты ұнады, сол себепті соны тағы бір оқып шығайын.ҮІ. Себеп - салдар салаласқа бірнеше сөйлем жазу.ҮІІ. Венн диаграммасыСебеп - салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас( ұқсастығы, айырмашылығы)ҮІІІ. Үйге тапсырма: 138 - жаттығуІХ. Бағалау